Сабақтың тақырыбы : Біржасушалы қарапайымдылар Өткізілу күні: Пәні: Биология Сынып-7 Мақсаты



бет4/4
Дата10.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#11340
түріСабақ
1   2   3   4
Кинетопластылар отряды. Өкілі: трипоносома

Паразит түрлер. Ұзындығы 20-70мкм. Оларда талшықпен байланысқан ерекше органоид-кинетопластың болуы тән. Тіршілік айналымы күрделі,



  • 1- сатысы шыбынның ас қорыту мүшесінде, 2 -сатысы адам қаны арқылы миды зақымдайды

  • Трипоносома омыртқалылардың қанында тіршілік етеді, оларды қансорғыш жәндіктер таратады. Африкада трипоносома ұйқы ауруын тудырады, оны таратушы цеце шыбыны, адамда аурудың белгілері дененің ысып сууынан басталады, біртіндеп адамды қатты арықтатып, ұйқы баса береді, емдемесе өлімге душар етеді.Қозғалмалы тирпоносомдарды ауру адамның қанынан, лимфа безінен, және жұлын сұйықтығынан көруге болады.

Өкілі: : лямблия

  • Бірнеше талшықтары және тербелмелі жарғағы бар паразит. Тік ішекке түскен лямблия талшықтарын жоғалтып тығыз қабықпен қапталады да, цистаға айналады. Лямблия-лямблиоз ауруын тудырады . Лямблияда 4 жұп талшық пен ішектің шырышты қабатына бекінетін сорғыш диск болады. Алғаш рет 1681ж Антони Ван Левенгук байқаған. Бұл паразитт профессор Лямбльдің (ІІ рет байқаған ғалым) құрметіне аталған

  • Лямблиоздың 2 түрі бар, дерматотропты, висцетропты-ішкі мүшелер:бауыр, көкбауыр зақымдайды, Орталық Азия елдерінде адамдарды зақымдайды, ішкі мүшелерін зақымдап,адам қатты жүдейді, тері жамылғысы қарайады сол себепті “ Қара азар” деп атаған

Отряд : Опалина Ірі көп ядролы әр түрлі амфибиялардың артқы ішегінде тіршілік ететін қарапайымды. Аузы болмайды, сапрофитті қоректенуде пиноцитоз маңызды. Денесі көп талшықтармен қапталған. Көп уақыт опалиналарды инфузорияларға жатқызып келген. Бірақ жатпау себептері:1. барлық ядролары біркелкі, инфузориядағы сияқты макро, микронуклеоустарға бөлінбейді.

2. Жынысты процесс капуляция арқылы жүреді. Олар ұсақ 1 ядролы гаметалар түзеді.



Инфузориялар немесе кірпікшелілер типі ВИДЕО ҰСЫНЫЛАДЫ «инфузорияның көбеюі »



Сорғыш инфузория- Ересек күйінде кірпікшелері, аузы, жұтқыншағы болмайтын қозғалмайтын формалар.Бүршіктену арқылы көбейеді.

Кірпікшелі инфузория- 7000 астам түрлері бар

Ерекшелігі: кірпікшелері арқылы қозғалады.Инфузория . Дене тұрқы әр түрлі, бірақ көбінің денесі сопақша,эктоплазманың сырты созылмалы пелликуладан тұрады. Пелликула сырқы қосарлы жарғақтан, ішкі қосарлы жарғақтан ортасында саңылау болады. Инфузорияның денесі эктоплазманың базальды денешігі кинетосомнан басталған кірпікшелермен қапталған.Кірпікшелер тек қозғалу қызметін ғана емес талшықтар тәрізді қоректену қызметін атқарадыЕгер қатар орналасқан кірпікшелер бір бірімен біріксе тербелмелі жарғақша түзеді, егер олар шашақ тәрізді біріксе оларды цирри деп атайды.Кейбір инфузориялардың эктоплазмасында мионемалар бар (жіп) бұлшық ет тәрізді ол арқылы тез денесін жиыра алады.Сол сияқты көпшілік инфузорияларда эктоплазмасында ерекше қорғаныс бейімділіктер- трихоцисталар болады.Жәндік тітіркеген кезде трихоциста сыртқа атылып, ұзын жіпке айналады жіптер жауының денесіне қадалып, улы зат бөледі.Жансызданған қорегін кірпікшелері арқылы жасушалық аузы- цистостомға бағыттап одан ары цитофаригс арқылы жұтады.жиырылғыш вакуольдер пайда болып ферменттер әсерінен ас қорытылып, қорытылмаған қалдығы денесінің артқы бөлігіндегі қылаулатқыш арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Инфузоряның көбеюі жыныссыз- қарапайым 2 бөліну арқылы, жынысты конъюгация процессі жүреді. Конъюгация кезінде инфузория жасушалары құрсақ жақтарымен жұптасып араларында цитоплазмалық көпір пайда болады.Жасушадағы Макронуклеус ыдырап цитоплазмаға сіңіп кетеді. Микронуклеус алдымен 2 рет мейозбен бөлінеді де , диплоидты жиынтық 4 гаплоидтыға айналады, 3 жасуша ыдырап цитоплазмаға сіңіп кетеді де қалғантбіреуі тағы бөлінеді сөйтіп әр жасушада гаплоидты 2 нуклеус пайда болады-жынысты пронуклеустар, көбеюдің келесі сатысында шартты түрде аталық жасуша немесе донор , аналық жасшаға-рецепиент микронуклеусын береді, 2 гаплоидты микронуклеус қосылып диплоидты жиынтығы қалпына келеді. Макронуклеустары қалпына келіп екі жасуша бір-бірінен алшақтайды.

Көрсеткіштер

Саркодалар, талшықтылар

класы

Инфузория

класы

Мекен ету ортасы

Дене тұрқы

Қозғалу органоидтары

Ядро саны

Бақалшақтың болуы








Қоректену типі

Бөліп шығару

Тыныс алуы

Көбеюі








Паразит қарапайымдар:талшықты лейшмания, дизентерия амебасы, олардан сақтану ережесі туралы мәлімет.

Біржасушалы қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Бекіту жұмысы: «Өзіңді тексер »1. Тест сұрақтары

2. логикалық сұрақтар

Үйге тапсырма : Біржасуалы қарапайымдардың табиғаттағы маңызы туралы мәлімет жинақтау

Қорытынды




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет