Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті



бет13/15
Дата13.11.2016
өлшемі2,38 Mb.
#1677
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Кітаппен жұмыс: Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс: Мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.

«Кім жақын, не қымбат, не қиын?»

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Үш би қай жерде бас қосқан еді?

  2. Үш бидің бас қосқан жеріне үш елбасы қай жылы бас қосты?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазыбектің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : ӘЙТЕКЕ БИ

(1664-1700)

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында емір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес косқан. Әйтеке би жастайынан-ақ әр түрлі дау-дамай, талас-тартыста суырылып шығып, көшелі сөз айтып, тілмар шешендігімен жұртты таң қалдырған.

Қазақ билерінің дәстүрімен Әйтеке де Қазыбек биге сәлем беруге келген. Әлі онша таныла қоймаған кезінің өзінде ұтымды жауабымен көзге түседі. Қазыбек Әйтекеге:

"Уа, балам, атадан жақсы ұл туса, елдің ту болады, жаман ұл туса, соры болады деуші еді, сен соның қайсысы боласың?!" — депті. Сонда Әйтеке бірден тіл қатып: "Ораздының қариясы қартайғанда, қазына болады, Шиыршының қариясы қартайғанда қазба болады дейтін еді, өзіңіз қайсысы боласыз?" — деп қарсы сұрақ қояды. Бұған Қазыбек: "Иншалла, қазынасы болармыз", — дейді. Сонда Әйтеке: "Біз де елдің туы болармыз", — деп жауап қайтарған.

Бұл бір жағынан, сәлем берушінің тапқырлығы мен ой-өрісін байқатады. Елге танымал белгілі шешеннің алдынан өткен жасты жұрт та мойындап, келешегінен үлкен үміт күткен.

Әйтеке басқа билермен бірге "Күлтөбенің басында күнде жиын" атанған тарихта белгілі ауыр кезенде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған.



Кітаппен жұмыс: Әйтеке бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс: « Билер шықты сайысқа» атты сайысқа сценарий құрастырыңдар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шешендік сөздерді неге шағын жанр дейміз?

  2. Би-шешендерге тән қасиеттер,олардың қоғамдағы,тарихтағы,өмірдегі орны мен рөлі қандай?

  3. Атақты шешен ,билерден кімдерді білесіңдер?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Әйтеке бидің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Айтыс туралы түсінік

Сабақтың мақсаты :

а) Айтыстың түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.

Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдәуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.

Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын.

Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып — жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысыңда өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Табия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген жене тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.

Топтастыру стратегиясы:

Бәдік айтысы жануарлар мен адамның айтысы



Жұмбақ айтыс салт айтыс



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Айтыстың түрлерін оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : "БІРЖАН МЕН САРА" АЙТЫСЫ

Сабақтың мақсаты :

а) Айтыстың түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

"Біржан мен Сара" айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.

Біржан мен Сара жайында. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1887 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласынын, жанында. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, "әнші, ақын, сал Біржан" деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.

Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.

Біржан көптеген ән шығарды. Оның "Көкшетау", "Жанбота", "Ләйлім шырақ", "Айтпай", "Адасқақ", "Жамбас сипар" сияқты әндері — қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.

Біржанның басқалардан ерекшелігі — ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Бірақ, ол тек әнді шығарушы әрі тамаша орындаушы ғана емес, ол әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Оның ән мәтіндері мазмұны, көркемдігі жағынан шебер.

"Біржан мен Сара" айтысындағы асқақ, әр сөздердің тұп-тамыры осы қысқа-қысқа ән мәтінінде жатыр.

Кітаппен жұмыс «Біржан мен Сара» айтысын рөлге бөліп оқиды .

Топпен жұмыс: 1- топ: Сараның өз бейнесін,өнерін сипаттаған жеріндегі ақындық шеберлікті көрсетіңдер

2- топ: Сараның «билігі болмаған соң бір басының», «берген соң тері-терсек ит те алады» деген сөздерінің мәнін ашыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

  2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?

  3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?

  4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Біржан мен Сара» айтысын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Осы күнгі айтыстар

Сабақтың мақсаты :

а) Осы күнгі айтыстар туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



  1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

  2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?

  3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?

  4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты-Қазақстанның 60 жылдығына араналған ,Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген,Абайдың,Жамбылдың 150 жылдығына арналып өткен т.б республикалық айтыстар әдебиетімізде лайықты орын алады.



Топтастыру стратегиясы:

Парасат,білім сөзге тоқтау




Намыс,жігер,қызу шабыт талант,арқа

Тапқырлық,ұтымды ой қолма-қол суырыпсалушылық

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. Қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі неде?

  2. Айтыстың болашағы жайында не ойлайсыңдар?

  3. Қазіргі ақындар айтысынан кімдерді білесіңдер?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» тақырыбына эссе жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

а) ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, —дейді М. Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария — Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.

Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкерім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:

Топтастыру стратегиясы: Жырау мен Жыршыға сипаттама береді

Жырау Жыршы




Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.



Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : Асан Қайғы

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдылындыру



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі : cуреттер,аңыз әңгімелер туралы кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру

Асан-өз заманының асқан ақылгөйі.Одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек,бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері,терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп ,еліне шұрайлы,жайлы қоныс ,шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.

Мал баққан көшпелі елге керегі –бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде жаугершілік ,басқыншылық,соғыс,құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.

Олар ел берекесін кетіріп ,күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Бұл заманда не ғаріп» өлеңін мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Асан Сәбитұлының тарихта болғаны

2.Жерұйықты іздеудегі мақсаты,арманы

3.Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні,оның шындыққа қатысы туралы қосымша түсінік беру.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені» әңгімесін оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : Қазтуған жырау

Сабақтың мақсаты : а) Қазтуған жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады.



"Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менің ордам қонған жер",

"Жабағы менен тайы тең,

Жары менен сайы тең",

"Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы қаптырмас,

Сөйткен менің, Еділім" , —



деп, Еділіне перзенттік қалтқысыз сезімін емірене өрнектейді. Ақын өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:

Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам деп тартар,

Сусыным қанға қанар деп,

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамаңдар мазақ қылар деп, —

деген жолдардан мұны байқау қиын емес.

Өзі де қылышын "сары жүн оққа толтырған" батыр болған.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Салп-салпыншақ үш өзен». өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазтуған жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : Доспамбет жырау

Сабақтың мақсаты : а) Доспамбет жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет