Сабақтың тақырыбы : хіү-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттер: Алтын Орда, ноғай ордасы, дешті қыпшақ



бет2/2
Дата14.04.2017
өлшемі276,5 Kb.
#13818
түріСабақ
1   2

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тақырыбы: Қазақстан Алтын орда құрамында, Дешті қыпшақ, ноғай ордасы.
Жоспары:

  1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы

  3. Экономикалық дамуы

  4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы



Жетісу аймағында б.д.дІІІ-ІІ ғасырдан бастап үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген

Ү-ҮІ ғ.ғ түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған

ХІІІ ғ моңғолдардардың арлат, чорос, калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.

1. Бірінші мәселе- ХІІІ ғ Шыңғыс хан жаулап алғаннан кейінгі Қазақстан аумағында құрылған хандықтар.

Алдымен оқушыларға мына сұрақтарды беріп, өткен сабақты естеріне түсіру.

1. Шыңғыс хан Қазақстанда жаулап алды?

2. Жаулап алған жерлерін 4 баласына қалай бөліп берді?

Оқушылардан Исағатай, Жошы, Угедей билеген аумақты картадан көрсетіп, олардың жеке ұлыс болып өмір сүргені жайлы айтады. Сонымен қатар Батухан кезінде Алтын Орда құрлысын, кейіннен оның Ақ Орда жіне Көк Орда болып бөлінгенін, онда билік жүргізген хандарға оқиғаларға тоқталу. Алтын Орда, Ақ Орда ыдырағанан кейін Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы түсіндіру барысында мына сызбаны пайдаланамыз.


2. Мемлекеттердің қоғамдық құрылысы, әлеуметтік дамуы. Бұл мемлекеттердің орналасқан аймақта, әсіресе оңтүстік аудандарда өндірістік қатынастар жақсы дамығандығын, оның себебін көрсетемін.



ХІV-ХVғ мемлекеттердегі таптың құрылымын, мемлекеттің басқару жүйесін тірек-сызбамен түсіндіруге болады.








  1. Алтын Орда, Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстан мемлекетінің экономикалық дамуына тоқталғанда, экономиканың қайнар көзі – жерге және оны иелену ерекшелігіне, салықтар мен оның түрлеріне ерекше көңіл аудару керек.




4. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда бір-біріне ұқсас болған, жоғарғы тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Бұл мемлекеттердің халықтарының шаруашылығы, мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы айтып өту керек.

Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хандығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.

Орданы сақтап қалу үшін жүргізген соғыстары туралы төмендегі кестені толыр


Ақ Орда хандары

Хандардың мемлекеттің тарихындағы қызметтері

Алтын Орда

Әбілхайыр хандығы














Атауы және өмір сүрген кезеңі

Аумағы және орталығы

Мемлекеттің басқару жүйесі

Билеушілер

Мемлекеттің құрылуы

Мемлекеттің ыдырауы

Алтын Орда(XIIғ. ортасы-XVI ғ. басы.

Халқы:Түркі тілдес қыпшақтар болды.



Астанасы:Еділ бойындағы Сарай-Бату,Кейінірек Сарай-Берке Еділ мен Жайық,Ертістен Днестрге дейінгі жерлер кіреді.

Әскери мемлекет болды. Сұлтандар-ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы.Құрылтай-ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Диуан-ең жоғарғы атқарушы орган(қаржы,салық,мемлекеттің ішкі істерін атқарады). Беклербек-әскери істерді басқарушы.Уәзір-азаматтық істі басқарушы.Мәлік-азаматтық басқару билігін жүргізушілер(Түрік әулетінен ).Даруғалар-салық жинады,халық санағын өткізіп,әскер жинады,байланыс қатынасын ұйымдастырды.Басқақтар-басқару қызметін атқарды,әскери бақылау жүргізді,салық жинады.Білікшілер, хатшылар-іс-қағаздарын жазушылар.Нояндар,бектер,әмірлер,баhадүрлер-әскербасылар.

Әскерлері:Оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді.Мемлекет басына нояндар,бектер, тамғашылар қолында билік болды.

Оң қанат Батый хан билігі.Сол қанат-Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы). Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.

Ыдырау себептері:-этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;-шаруашылығының өркендеуі нашарлады;-билік үшін талас күшейді;-езілген халықтың азаттық күресі күшейді; Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі-XIV ғасырдың II жартысы.Ақ Орда,Хорезм,Еділ, бұлғарлары.

Ақ Орда(Көк Орда) XIV ғ.екінші ширегі-XV ғ. Брінші ширегі

Шығыс Дешті Қыпшақ Оңтүстік,Орталық, ішінара Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Орталық Қазақстан

 


Ұлыс басшылары мемлекет басшысы-ханға бағынышты тәуелділікте болды.

Сасы-Бұқа,Мүбарак хан,Ерзен хан,Орыс хан,Барақ хан.Хан билігі мұрагерлік жолмен беріліп отырды

Алтын Орданың саяси тұтастығынан айырылуы нәтижесінде құрылды.

Жошы әулеттері арасындағы күрес,Темір шапқыншылығы,Алтын Орда тағына таласушылық.

Моғолстан(XVғ. ортасы-XVI ғ.басы )

Оңтүстік-Шығыс,Қазақстан,

Қырғыз жерлері. Орталығы -Алмалық



Ұлыстық-үлестік жүйе.

 


Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темір хан,Ілияс қожа,Есенбұға,т.б

Шағатай ұлысының ыдырауы:Батыс бөлігі-Мәуереннахр,Шығыс бөлігі-Моғолстан

Темірдің шапқыншылық соғыстары,өзара қақтығыстар,ойраттардың шапқыншылығы

Әбілхайыр хандығы(1428-1468жж.)

Ертістен Жайыққа(Еділге) дейінгі аймақ.Сырдарияның төменгі ағысы,Арал өңірі.Орталығы:Тара,ОрдаБазар,Сығанақ

Ұлыстық-үлестік жүйе.

 


Шайбани ұрпақтары.Әбілхайыр хан.Шайх-Хайдар хан,Мұхаммед Шайбани

Алтын Орданың күйреуі.Ақ Орданың әлсіреуі

Ұлыстар арасында берік байланыстардың болмауы,олардың арасындағы тартыстар

Ноғай Ордасы(Маңғыт жұрты)(XIV-XVI ғғ.)

Жайық пен Еділдің арасы.Орталығы-Сарайшық

Ұлыстық-үлестік жүйе. Билеушілері-мырзалар.

 


Едіге (1396-1411жж,) Нұрад-ин (1426-1440жж.)

Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі

Ноғай билеушілері арасындағы қақтығысардан және Ресейдің ықпалымен екіге ыдырап, дербес иеліктерге бөлініп кетті.



ІV. Жаңа сабақты бекіту: Салыстыру (Синхронды кесте)


Мемлекет атауы

Ұқсастығы

Өзгешелігі

Алтын орда







Моғолстан мемлекеті







Ноғай ордасы (дешті қыпшақ )








V. Кері байланыс. Постер әдісі бойынша Алтын орда, Ноғай ордасы (Дешті қыпшақ) моғолстан болып аудитория 3 топқа бөліп тірек –сызба арқылы бекітеді. Мәтінді оқып болған соң, мына тапсырмаларды іске асырыңыздар.








Белгіле

1

Мәтіннің маңызды жерінің астын сыз

- - - - - - - - - - - - - - -

2

Мәтіннің өзіне ұнаған жерін қорша




3

Мәтіннің маңызын берерлік шешуші сөйлемді тап

~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~

4

Бұрынғы білетінің мен мәтіннен алған жаңа ақпарат арасындағы түйіспейтін жерлерін белгіле




5

Мәтін бойынша өзіңе сұрақ қарап, оған жауап жаз

√ √ √ √ √ √ √ √ √ √


VІ. Бағалау. Үй тапсырмасын орындаған, өзіндік жұмыс жасап, белсенді араласып отырған, берген тапсырмалар мен қолайылған сұрақтарға жауап берген оқушылар берген жауаптарына қарай бағаланады.
VІІ. Үйге тапсырма беру:


  1. Өзіндік жұмыс: Қырғыз, Өзбек, Башқұрт, Түркімен, Татар, Қалмақ т.б халықтар туралы реферат жұмысын жазып келу

  2. Жазбаша жұмыс: Оқулықтан «ХІV-ХVғғ Қазақстан жеріндегі феодалдық мемлекеттер» тақырыбын конспектілеу, мазмұнын айту.

  3. Іздену жұмыс: Жоғарғыда аталған халықтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайы туралы мәлімет жинау.


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Н. Назарбаев. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.

"Егемен Қазақстан", 2 наурыз,2006ж.№52

  1. "Монғолдың құпия шежіресі". Өлгей қаласы,1917ж.

  2. Л.Н. Гумилев. Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992ж.

  3. Кинаят Зардыхан. Тарих неге бұрмалана береді? "Қазақ тарихы", №2, 2004ж.

  4. Ортағасырлардағы
    Қазақстан тарихы. Алматы. "Атамұра",2003ж.

  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі, Алматы, "Атамұра", 2003ж.

  6. ЭО. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігі. Тарих ғылымдарының докторы, академик Б.Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» тақырыбындағы бейнедәріс.

  7. ЭО Республикалық ақпараттандыру орталығы. 10 сынып. Қазақстан тарихы.

Каталог: uploads -> doc -> 07c8
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07c8 -> Сабақтың тақырыбы : Карталар әлеміне саяхат
07c8 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Биология және оған тығыз байланысты ғылымдыардың зерттейтін саласымен таныстыру
07c8 -> Сабақтың тақырыбы: Ер Тарғын Сабақтың мақсаты
07c8 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев 31-қара сөзі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет