Сабақтың тақырыбы : Көркем әдебиет стилі Мектеп: Мамандандырылған «Дарын» мектеп интернаты



Дата06.07.2018
өлшемі27,13 Kb.
#47309
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы : Көркем әдебиет стилі

Мектеп: Мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты

Күні: 23.11.2017 ж.

Мұғалімнің есімі: Шеренова А.К.

Сынып: 9 "А"

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Көркем әдебиет стилінің мақсаты, қолданылу аясы, стильдік сипаты және тілдік амал-тәсілдерін түрлі жаттығу жұмыстарын орындату арқылы меңгерту.


Сабақ мақсаттары


Білімділік міндеттері:

- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын ояту;

- оқушылардың сөздік қорларын молайту;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі және әдебиеттен алған білімдерін практикамен ұштастыруы.





Оқушылардың басым бөлігі: Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін түсінеді.


Кейбір оқушылар: Көркем әдебиет стилін басқа стиль түрлерінен ажыратады.

Тілдік мақсат


Оқушылар: Оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша осы кезге дейін алған білімдерін айтуға мүмкіндік беру, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету, қорытынды жасап, шешім қабылдауға бағыттау


Негізгі сөздер мен тіркестер: Ауызекі стилі, көркем әдебиет стилі, экспрессивті-эмоционалды сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, сөздердің ауыспалы мағынасы, көркемдегіш құралдар және т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1. Өз ойларын тұжырымдау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; 2. Қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру; 3.Өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуге бағыттау.


Талқылауға арналған тармақтар:

1. Өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап береді;

2. Берілген сөздердің синонимдерін табады;

3.Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, "Адамның көңіл күйі" тақырыбында психологиялық суреттеме жазады. Сурет бойынша жыл мезгілдерін көркем әдебиет стилінде сипаттайды.



Жазылым бойынша ұсыныстар: Нақыл сөздерді халық ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелддермен салыстырып жазу, нақыл сөздердің тақырыбы бойынша жағдаят құрастырып жазу, кері байланыс.

Алдыңғы оқу

Ауызекі сөйлеу стилі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелеріңізді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут.

Блум жүйесі Білу. Қызығушы-лықты ояту.

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару. Сыныпты жыл мезгілдерінің суреті салынған қима қағазадар арқылы 3 топқа бөлу, бағалау парақшаларын тарату. Оқушылар қима қағаздар арқылы күз, қыс, көктем мезгілдерінің суреттерін құрастырып, топқа бөлінеді. Әр топ құрастырған жыл мезгілдеріне байланысты өлең шумақтарын орындап, оның қандай стильде жазылғанын анықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Үй тапсырмасын тексеру: 67,69-жаттығуларды интербелсенді тақтадағы дұрыс жауабына қарап өздері тексеріп, балдарын бағалау парақшаларына қойып шығады.


А4 қағазы, бағалау парақша лары.

Ортасы

30 минут

Түсіну.

Мағынаны тану. (3 мин.)


Қолдану.

(7 мин.)


Талдау.

(8 мин.)
Жинақтау

(10 мин.)

Бағалау.

(5 мин.)


Әр топқа сөздер беріледі, топ мүшелері сол сөздердің синонимдік қатарларын табады:

1-топ: Беті-жүзі, айдары, түрі, өңі, келбеті, пішіні, ажары

2-топ: Үлкен-зор, орасан, дәу, дөкей

3-топ: Тез-жылдам, шапшаң, дереу, лезде

4-топ: Ел-жұрт, халық, әлеумет, халайық
Оқулықпен жұмыс. 71-жаттығуды орындату. Әр топ 3 тұрақты сөз тіркестің мағынасын табады. Оларды қолдана отырып, "Адамның көңіл күйі" деген тақырыпта психологиялық суреттеме жазады.

1-топ: Бармағын тістеу-өкіну

Жұмырына жұқ болмау-аз көлемде, жетпеді.

Түйе үстінен сирақ үйту-епсіз, икемсіз.

2-топ: Құлақ аспау-тыңдамау

Бетінен оты шығу-қатты қысылды, ұялды

Кіруге тесік таппау-қатты ұялу

3-топ: Төбесі көкке жету-қуану

Қуанышы қойнына сыймау-қуанғанынан жүрегі жарыла жаздады.

Ат ізін салмау-мүлде келмеу

Ат тонын ала қашу-басын алып қашты.
Интербелсенді тақтадан әр топқа табиғат суреттері көрсетіледі. Жыл мезгілдерін көркем әдебиет стилінде суреттеп жазады немесе өлең шығарады, дайын өлеңді жатқа орындайды.

1-топ: Күз мезгілі

2-топ: Қыс мезгілі

3-топ: Көктем мезгілі


1-топ: Көркем әдебиет стиліне кластер құрады;

2-топ: "Венн диаграммасын" құрады, демек, ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажыратады.

3-топ: "Фрайер" әдісі. Плакатты 4-ке бөліп, бірінші бөлігіне көркем әдебиет стилінің анықтамасын жазады, екінші бөлігіне мысал келтіреді, үшінші бөлігіне мінездеме, суреттеме, төртінші бөлігіне тақырыпқа сәйкес келмейтін тірек сөздер жазады. Ортасында көркем әдебиет стилі деп жазылады.
Үш топ бір-бірін бағалайды, бір-бірінің жұмысына ой-пікірлерін білдіреді, сабаққа қорытынды жасайды.


Күнделікті жұмыс дәптері, интербелсенді тақта

Аяқталуы 2 минут

Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды бағалау парақтары арқылы бағалау. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.

Топ басшылары дескриптор парақшаларын мұғалімге өткізеді.



Рефлексия парағы, бағалау парақшалары, күнделік

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақшасы арқылы әр оқушыны бағалаймын.



Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс -интерактивті тақта. Құндылықтардағы байланыс: берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.










Рефлекция: Не үйрендім?

Мен үшін қиын болды...

Мен үшін қызықты... рефлексия парағы таратылады.


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз )?1:2:.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз )?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?

Оқу-ісі жөніндегі орынбасары: _____________________________________________



2017 жыл 23 қараша күні қазақ тілі пәнінен "Көркем әдебиет стилі" тақырыбына өткізілген ашық сабақтың рефлексиялық есебі
Сабақтың тақырыбы:"Көркем әдебиет стилі"

Мақсаты мен міндеттері: - оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын ояту, көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін меңгерту;

- оқушылардың сөздік қорларын молайту;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі және әдебиеттен алған білімдерін практикамен ұштастыруы.

Оқу нәтижесі:Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін түсінеді, басқа стиль түрлерінен ажыратады.сыни ойлай алады, алған білімдерін өмірде қолданады. Көркем әдебиет стилінде мәтіндер құрап, өз пікірлерін айта алады.

Оқыту әдістері: Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері: Блум таксономиясы, миға шабуыл, диалогтік оқыту, СТО, сұрақ-жауап, АКТ-ны пайдалану.

Сабақ барысы:

Сабаққа қойылған мақсатқа жету үшін сабақтың құрылымын "Блум таксаномиясы" бойынша жоспарладым. Алдымен сыныпты жыл мезгілдерінің суреті салынған қима қағазадар арқылы 3 топқа бөліп, бағалау парақшаларын тараттым. Оқушылар қима қағаздар арқылы күз, қыс, көктем мезгілдерінің суреттерін құрастырып, топқа бөлінді. Әр топ құрастырған жыл мезгілдеріне байланысты өлең шумақтарын орындап, оның қандай стильде жазылғанын анықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Сынып оқушыларын бағалау мақсатында әр оқушыға жеке-жеке бағалау парақшаларын тараттым. Үй тапсырмасын интербелсенді тақтадағы дұрыс жауабына қарап өздері тексеріп, балдарын бағалау парақшаларына қойып шықты. Сабақтың "Түсіну" бөлімінде әр топқа сөздер берілді, топ мүшелері сол сөздердің синонимдік қатарларын тапты.


"Қолдану" бөлімінде оқулықпен жұмыс, 71-жаттығуды орындады. Әр топ 3 тұрақты сөз тіркестің мағынасын тапты. Сабақтың әр кезеңінде әр топты "Бағдаршам" әдісі арқылы бағалап отырдым.


"Талдау" бөлімінде интербелсенді тақтадан әр топқа табиғат суреттері көрсетілді. Жыл мезгілдерін көркем әдебиет стилінде екі топ суреттеп жазды, қалған бір топөлең шығарды.



Сабақтың осы кезеңі оқушыларға біршама қиындықтар тудырды. "Жинақтау" бөлімінде 1-топ көркем әдебиет стиліне кластер құрды, 2-топ "Венн диаграммасын" құрды, демек, ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажыратты.3-топ "Фрайер" әдісі арқылы плакатты 4-ке бөліп, бірінші бөлігіне көркем әдебиет стилінің анықтамасын жазды, екінші бөлігіне мысал келтірді, үшінші бөлігіне мінездеме, суреттеме, төртінші бөлігіне тақырыпқа сәйкес келмейтін тірек сөздерді жазды.

Ортасында көркем әдебиет стилі деп жазылды. Бұл тапсырмаларды оқушылар өте жақсы орындады. Оқушылар сабақ бойынша ауызша рефлексия жасады. Кері байланыс жасау арқылы оқушылардың көпшілігінің өтілген жаңа тақырыпты өте жақсы меңгергенін түсіндім. Сабақтың "Жинақтау" бөлімінде ғана кейбір оқушыларға қиындық тудырғанын байқадым. Жалпы бұл сабақта өз мақсатыма жеттім. Сабаққа жоспарланған кезеңдер берілген уақыт ішінде жүзеге асты. Сабақ соңында оқушыларды декриптор парақшалары арқылы бағалап шықтым.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет