Сабақтың тақырыбы : Сабақты етістік пен салт етістік Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі41,56 Kb.
#31768
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 19.01.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақтың мақсаты:

  1. Сабақты ,салт етістік туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.



Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

214-жаттығу. /176-жаттығу.

Сұрақ-жауап:

1.Болымды етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіру

2.Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіру. Олардың жасалу жолын айту


ІІІ.Жаңа тақырып. Сабақты етістік пен салт етістік


Етістіктер мағынасына қарай сабақты және салт болып бөлінеді


Салт етістік

Сабақты етістік етістік


Табыстан басқа барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі салт етістік деп аталады


Мысалы :досыма (кімге?) бардым, Төрде (қайда?) жатыр, мектептен (қайдан?) шықтым, анаммен (кіммен?) сырластым.
Салт етістік:

Барыс: Кімге? Неге? Шығыс: Кімнен? Неден?

Жатыс: Кімде? Неде? Көмектес: Кіммен? Немен?


Мағынасы жағынан тура объектіні , табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістік деп аталады.
Сабақты етістіктер кімді? Нені? Кімімді? Немді? Кіміңді? Неңді? Кіміңізді ? неңізді? Кімін? Несін? Кімімізді? Немізді? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады.
Мысалы: әкемді (кімді?) шақырды? Ауылын (несін?) мақтан тұтады, өлеңді (нені?) оқыды.

Сабақты етістік: табыс септік: Кімді? Нені?


Семантикалық карта


Етістіктер

Сабақты етістік

Салт етістік етістік

Бала жігіт бұйрықты (нені?) екі етпеді

+




Асан өз үйіне қарай жүре берді.




+

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

+




Сен ардайым досыңа көмектес




+

Бетті бастым.Қатты састым.

+




Себепсіз сабақтан қалма




+

Балалар жамандықты көрмесін

+




Ініңе бауырмал бол




+

Баламды медресеге біл деп бердім

+




Жоқтыққа жүйрік жетпейді




+

Тапсырманы дұрыстап орында

+




Көшеде даурықпа




+

Малды қорадан шығар

+




Өзіңді ұстай біл

+




Үйде отыр




+

ІV. Оқулықпен жұмыс.

218-жаттығу. Сабақты етістік жасауға ықпал етіп тұрған сөздерді тауып, сұрақтар қойыңдар.

Қалағаныңды (неңді?) беретін болса –сабақты етістік

Еңбеккорлығын (несін?) сұра-сабақты етістік.

Биіктігін, Тектілігін (несін?) сұра –сабақты етістік
219-жаттығу. Мәтіннен сабақты етістік болмайтын етістіктерді көшіріп жазыңдар.

Кешірімді, мейірімді, сыпайы бол. Байлыққа (неге?) мақтану, ақылдының (кімнің?) ісі емес

Тауда (қайда?) жүріп, таста (қайда?) өскен,

Ағайыннан (кімнен?) басқа өскен

Биікпін деп мақтанба ,

асқар- асқар таулар бар,

Ар жағында (қайда?) аспан бар.
220-жаттығу.

Сабақты етістік

Салт етістік

Ез елін (несін?) білмейді ,

Есер тілін (несін білмейді.



Басқа (неге?) бас жарасады ,

Бала (кім?) болсаң болғандай бол.



Еліңді (кімді?) сүйсең,

Ерлік істейсің



Басқа (кімге?) бақ жарасады,

Батырға (кімге?) жақ жарасады

Аталы ерден (кімнен?) би туса,

Халыққа (кімге?) жанасады.






Досыңа (кімге?) майыспа ,

Дұшпаныңа (кімге?) қайыспа





V.Сабақты бекіту
VІ.Үйге жұмыс.

222-жаттығу. Етістіктердің қосымшасын дефиспен бөліп, көшіріп жазу.

Каталог: uploads -> doc -> 084e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
084e -> Сабақтың мақсаты: Логикалық есептерді, әзіл есептер мен жұмбақ есептерді шешу, топпен жұмыс істеу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет