Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Шарль Перро әдеби ертегілері Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас



бет3/4
Дата29.06.2017
өлшемі0,69 Mb.
#20576
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date:

Топ / Группа / Group:

Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: А.С.Пушкин ертегілері.

Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс

Мақсаты / Цели занятия / Objectives:

-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге тек қана өз жазушыларымызбен ғана емес, орыс ақыны А.С.Пушкиннің ертегілерімен әңгімелерінің тәрбиелік мәні маңызды екені туралы түсінік беру және әңгімелеріне талдау жасау.

-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.

-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, сызбалар,әдеби кітаптар.

Сабақтың жоспары / План занятия / Plan

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Саусақ жаттығуы

  3. Үй тапсырмасын тексеру

  4. Мақсатқа жету

  5. Дәріс

  6. Студенттермен жұмыс жүргізу

  7. Бекіту

  8. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы \ Ход занятия

І. Ұйымдастыру бөлім: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning

ІІ.Саусақ жаттығуы : Бала,бала,балақан,

Қане қайсы алақан .

Саусақтарың әйбат,әйбат,

Былай-былай ойнат.



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Ы.Алтынсарин ертегілеріне презентация жасап,кітап әкелу.

ІV.Мақсатқа жету : Орыс халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – А.С.Пушкин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

V.Дәріс:( салынған)

VІ. Студенттермен жұмыс жүргізу: «Алтын балық» ертегіне талдау жүргізу

VІІ. Бекіту: - Ертегі мазмұнының мағынасы неде?

  • Балықтың ролінің бала тәрбиесіне әсері ?

  • Кемпірдің әр затты алған сайын қандай көңіл күйге түседі?

  • Ертегі соңында неге бәрі өз орнына қайтып келеді?

VІІІ.Үйге тапсырма: Қазіргі заман талабына ертегіні ойластырып келу.

Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.

Жоспар: 1.А.С.Пушкиннің балаларға арналған ертегілері.

2. «Алтын балық» ертегісі оның ерекшелігі.

3.Ондағы кейіпкерлер мінезіне талдау жасау.

4.Мазмұны тереңдігі және тіл байлығы

Александр Сергеевич Пушкин (6 маусымның 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпанның 1837, Сән-Питербор, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.

Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) – орыстың ұлы ақыны. Оның өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, еркендетуіне мумкіндік берді. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты. Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден бөзінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сөзімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды. Россияда отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Россияның ер аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі кез тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ. М. В. Ломоносовтың ірі қоғамдық мәселелерді толғай білгені, Карамзиннің адамның жан сөзімін әсерлі суреттеуі, В. А. Жуковский өлеңдеріндегі ерекше әуездік, сыршылдық, И. А. Крыловтың қарапайым адамның мінез-ерекетін дәл бейнелеуі, А. С. Грибоедовқа тән қоғамдық өмірді суреттеудегі шынайылық, сыншылдық, К. Ф. Рылеев поэзиясындағы отаншылдық, адамзаттық әуен, рев. сарын - бұлардың бірі де Пушкинге жат емес екенін ап-айқын аңғарамыз. Бірақ ақынның ез тұлғасы осы аталған ақын, жазушылардың біріне де ұқсамайды. Өйткені ол орыс әдебиетіне дәуір талабына сай тың ақындық ой-сөзім әкелді, орыстық ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздық күш жұмсап, мүлдем басқаша қалыптастырды. Сондықтан Пушкиннің терең толғайтын ойшылдығы да, лирикадағы сөзімталдығы да, шебер суретшілігі де, оның шығармаларындағы отаншылдық, азаттық аңсау идеялары да, рев. жалын-леп те бәрі-бәрі де бұрынғыдан өзгеше, жаңаша сипатта танылады. Пушкин поэзиясының бұрынғы әдебиеттен ерекшелігін айқын танытатын қасиет - ондағы азаматтық, революциясы идеялардың қуаттылығы. Ақын Отанды сүю сөзімін, «қасиетті бостандықты» аңсаушылықты айрықша қастерлеп, тебіреніп айтады. Айдауда жүрген декабрист-ақындармен өзінің пікірлестігін, ниеттестігін жасырмай, үнемі жария өтіп отырады. Ол күрес жолынан өш ауытқып, айнымайды. Тек ол азаттыққа жету жолындағы күрестің жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Қоғамдық мүддені, әр азаматтың қоғам алдындағы, халық алдындағы міндетін Пушкин енді дәл ез кезеңінің, өз дәуірінің тілек-талаптары тұрғысынан қарап, терең түсінуге ұмтылады. Ол өзінің тұңғыш поэмасы «Руслан мен Людмилаға» ежелгі аңыз-оқиғаны арқау етіп жазғанда, немесе«Кавказ тұтқыны», «Цыгандар» дастандарында орыс адамын әр елде, әр түрлі ортада алып суреттегенде ез заманының ең күрделі қоғамдық мәселелерін қозғай білді. Соңғы дастаннан адам өмірдегі күрес-тартыстан шет қала алмайды деген тұжырымды өте-мөте аңғарамыз. Пушкин халықтың тарихи тағдыры жайлы толғанғанда оны өз дәуіріндегі қоғамдық өмірдің түйіндерін шешу міндетімен ұштастырады. «Борис Годунов» драмасындағы тарихи дамудың бетін, үлкен-үлкен кезеңдерін белгілейтін ең басты күш - халық, халықтың мүддесі, ниет-тілегі деген тұжырым - жазушының өз заманына жалғастырыла айтылған шындық.

Оның аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин»- шын мағынасында халықтық шығарма. Мұндағы басты кейіпкерлер төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ өң маңызды нәрсе Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга - осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі - артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы - осалдығы болып шығады. Мұны көзінде В. Г. Белинский ете қисынды дәлелдеп керткен болатын. Ол өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінез, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Г. Белинский) болды.



Ол сол дәуірде жөке адамның қоғамдағы орны қандай деген мәселені «Мыс салт атты» дастанында, әңгімелерінде әр жағынан алып қарастырады, ол «Мыс салт атты» және «Полтава» дастандарында тарихи тақырыпты кеңінен қозғап, Россия мемлекетінің қуаты артқанын сүйсіне жырлайды. Ақын біраз шығармаларында халықтың ертек-аңыздарын өзінше өрнектеп, халықтық поэзиядағы көркемдік ой-сөзімінің нәрін теңдесі жоқ ақындық шеберлікпін жеткізіп береді. Қарапайым халықтың, орыс шаруаларының тағдырын Пушкин «Дубровский», «Капитан қызы» сияқты шығармаларында шебер бейнелеген. Сонымен қатар ол «Пугачев тарихы» атты еңбек жазды. «Капитан қызы» және «Пугачев тарихы» романын жазар алдында ол қыруар тарихи деректер жинады, архив материалдарын зерттеді, көтеріліс болған жерлерді аралап, Қазан, Симбирск, Орынбор, Орал қалаларында болды. Көтерілісті көзімен көрген адамдардың естеліктерін, ел арасында сақталған жыр, әңгіме-аңызды жазып алды. Мұның бәрі Пушкинге шаруалардың патшаға қарсы көтерілісін, оның басшысы Пугачевтің бейнесін суреттегенде - тарихи шындықты айнытпай дәл көрсетуге мүмкіндік берді. Ол Пугачевті халықтың тап ортасынан шыққан нағыз қарапайым адамға тән қасиеттерін - ерлігін, батылдығын, ақылдылығын, қайырымдылығын сүйсіне сипаттайды. Жазушының Пугачев бастаған көтеріліске орыс шаруаларымен бірге басқа халықтар өкілдерінің - башқұрт, қазақ кедейлерінің де қатысқанын суреттеуі сүйсінерлік. Пушкин езі айтқандай, патшалық қатал заманда азаттықты, бостандықты қасиеттеп, жырлады. Ол шығармаларында халық өмірін мейлінше кең қамтып, бұқара халық пен үстем тап өкілдерін, әртүрлі топтардың адамдарын, олар ескен, ерім сүрген ортаны, табиғат құбылыстарын - бәрін де молынан бейнелейді. Оның шығармаларында лирика сөзім қандай нәзік, әсерлі болса, не нәрсенің де көрініс-кейпін, бояу-түсін сезбен мүсіндейтін суреткерлік те сондай кемеліне келген. Мұнда ірі әлеуметтік, тарихи мәселелердің тереңдігі түйінін табуға жүйріктік, қоғамдық-саяси ой-пікірлердің өткірлігі, отты лебі оқушысын баурап алады.

Пушкин әдебиетті жаңа мазмұн, тақырып идеяларымен байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол әдебиеттегі өмірді суреттеу әдісін де, бейнелеу тәсілін де өзгертіп, түрлендірді. Кемеңгер ақын орыстың нағыз халықтық, ұлттық әдеби тілін қалыптастырып, жүйеге келтіру міндетін де ойдағыдай іске асырды. Пушкиннің бұл еңбегі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Пушкин орыс тілінің бірнеше саладағы, яғни дәстүрлі болған кітаби тіліндегі, күнделікті сөйлеу тіліндегі, бай ауыз әдебиетіндегі сөздік қорын екшеп, саралап, көркем әдебиетте мейлінше мол қолдануға жол ашты. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің нәрі мен сөлін бойына әбден сіңіргенде ғана көркемдік қуаты артып, мөлдір таза, керемет бай тіл бола алатынын ұлы жазушы жақсы түсінді. Ол халық тілінің байлығын қалай пайдаланудың, тілді қалай өңдеп, ұстаудың тамаша үлгісін көрсетті. Оның шығармаларынан орыс тіліндегі сездің терең мағыналылығы, бейнелілігі мен суреттілігі, тартымды әсемділігі мен қарапайымдылығы айқын сезіледі.

Өз Отанының жалынды патриоты болған Пушкин орыс халқымен жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады, олардың тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Кавказ халықтарының, сондай-ақ Россияның басқа да халықтарының өмірін, тұрмыс-салтын кемеңгер ақынның жақсы білгені және бірталай шығармаларында суреттеп отырғаны белгілі. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған көзінде қазақ халқына сүйіспеншілік сөзіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды.Ол қазақ жігіттерінің Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қоса қазақ халқының бай сөз енеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің, асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, енеге еткендер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев болғаны белгілі. Олар Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында еткен ғасырдың аяқ көзінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сөзінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде ез дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының езі ғана Пушкин мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын кернетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкингедеген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 ж. басылып шыққанын атап кеткен жөн. 20 ғ-дың бас көзіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Шекерім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтан-махмүт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов П. шығармаларынан көп нәр алды. Қазіргі қазақ жазушыларының ішінде Пушкинді оқымайтыны, онан үйренбейтіні жоқ. Жыр алыбы қарт Жамбыл Пушкинге арнап өлең шығарып, ұлы ақынға құрметпен ишарат етіп, қазақ халқының сүйіспеншілік сөзімін әсем жырмен жеткізген болатын. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман- эпопеясында Пушкиннің енерпаздығы, Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұныңезі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады. П. шығармаларын қазақ тіліне аударуда Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, I. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ө. Тұр- манжанов, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Ғ. Орманов, Ә. Сәрсенбаев, К- Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, Ж. Молдағалиев сияқты көрнекті ақындарымыз елеулі еңбек сіңірді.

Ол 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. А. С. Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.

12 жасынан лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.

Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды. Кишинев, Одессадан кейін патшалық Ресей Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқан Михайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А. С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды.

А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.

Қазақ даласында А. С. Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандар қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, тағы басқалар болды. Абай «Евгений Онегин» шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударды (1889), «Татьянаның хаты» Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. «Капитан қызы» 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Х. Бекхожин, С. Мәуленов, Қ. Шаңғытбаев, тағы басқа қаламгерлер А. С. Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Қазақстанның көптеген қалаларында Ұлы ақынға арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді.

«Алтын балық» ертегісінің ерекшелігі: Алтын балықтың басқа ертегілерден ерекшелігі жәндіктің адам тілімен сөйлейтіні. Мағынасы анық та, ашық балалардың түсінуіне жеңіл әрі қызық. Бұл ертегіні тыңдаған балада атаға және балыққа деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Ертегі ұзақ болған мен рет – ретімен уақиға өтілімі мазмұны терең, адам сезімін орап алады. Басынан бастап оқиға өте қызық балықтың шалға берген уәдесі орындауы ал кемпірдің одан әрі көз қызығушылығы мен сараңдығы артып, байығанның үстіне баюға ұмтылады. Бұл ертегіде балаларды артық алмауға қанағат деген болу керектігіне тәрбиелейді.Ал шалдың момын өзінің мені жоқ айтқанды бұлжытпай орындайтын, ақкөңіл адам.

Студенттерге арналған сұрақтар: - Ертегі мазмұнының мағынасы неде?


  • Балықтың ролінің бала тәрбиесіне әсері ?

  • Кемпірдің әр затты алған сайын қандай көңіл күйге түседі?

  • Ертегі соңында неге бәрі өз орнына қайтып келеді?


Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date:

Топ / Группа / Group:

Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебинті

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: М.Әуезов шығармалары

Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: дәріс

Мақсаты / Цели занятия / Objectives:

-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге М.Әуезовтың өмір баяны мен шығармалары туралы түсінік беру. «Көксерек» шығармасының тәрбиелік мәніне тоқталып, талдау жасау.М.Әуезовтың шығармаларының көркемдік сезімімен ерекшеліктеріне баға беру.

-дамытушылық / развивающая / developing: Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, көркем әдепті сөйлеу дағдысын дамыту.

-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге,талпынуға және таза сөйлеу мәнерін қалыптастыру,бойларында адамгершілік қасиетті қалыптастыруға тәрбинлеу.

Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: Тақта,суреттер, сызба

Сабақтың барысы / План занятия / Plan

I.Үй тапсырмасын сұрау: «Менің күшігім»жаттап келу.

IІ.Ұйымдастыру бөлімі:3тілде амандасу,3тілде күнді айту,таңғы шеңбер.

IIІ. Мақсатқа жету: Халықтың көрер көзі,лүпіл қаққан жүрегі,дала ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы талабы мен асқақ ой сезімінің,жан-жүрегінің ,оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады.

VІ.Дәріс

Жоспары: 1.М.Әуезовтың өмірбаяны

2. «Көксерек»әңгімесіне талдау.

3.Ертегілер тобына жасалған ғылыми таңаулар.

4. «Үр тоқпақ», «Қаңбақ шал» ертегілеріне талдау.



Әдебиет / Литература / Literature: «Мектеке дейінгі балалардың тілін дамыту» Фодоренко Л.П.,В.К Лотарева,Фомичева Г.А, Алматы-1982, Балалар әдебиетінің хрестоматиясы А-1978 Баймуратова

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5 – 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 – 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951 – 1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.

1955 жылы шет елге сапарға шығып,Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.

Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.



Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1908 жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады. 1918 жылы М.Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алаш¬орда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады. 1919 жылы — Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады. 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды. Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен [Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры|Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет