Сабақтың тақырыбы № Зерттеу кезеңдері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/2
Дата04.09.2022
өлшемі24,88 Kb.
#148690
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Жаратылыстану


Бөлім/бөлімше

Мен зерттеушімін/ 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1. Зерттеу кезеңдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

айналадағы құбылыстарға, нысандарға зерттеу жүргізудің маңыздылығын түсіну

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Психологиялық ахуал Қызығушылығын ояту
«Жүрек жылуы» әдісі бойынша бір-біріне жылу сыйлауды ұсынады.
Оқушыларға «Мен не білемін?» сұрағын қояды. Тақтада табиғат, өсімдік, жануар, аспан әлемі, адам суреттері бейнеленген, бөліктерге бөлінген карточкалар ілулі тұрады.

Оқулықпен және шартты белгілерімен таныстырады.

– Жаратылысты қалай танимыз?
Етістіктермен жұмыс


Сыныпқа енген оқушылар 1-ден 6- ға дейін санау арқылы немесе карточка артындағы санға сәйкес топқа бөлінеді. Әрбір топ өздері алған құрастырма сурет бойынша не білетінін топта талқылайды.

Оқулықпен және шартты белгілерімен танысады.



  • Кітап – білім

  • Сағат – уақыт

  • Күнтізбе – жыл, ай, күн

Оқушылардың жауаптарын құрастырма суреттеріне қарап бағалайды. Мақтау сөздер айтады.


ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері

Жүректің макеті
Оқулық

Сабақтың ортасы



Оқулықтың 7-бетіндегі заттарды атау, олардың не үшін қажет екендігін анықтауға мүмкіндік жасау.

  • Сағат

  • Сызғыш

  • Қарындаш

  • Күнтізбе

  • Кітап

  • Лупа

Осы заттарды зерттеу барысында айтылған етістіктермен байланыстырып, ой қорытуға жағдай туғызу. Етістіктерді пайдалана отырып, сөйлем құрау.
Әрбір топқа «көресің, ұстайсың, болжайсың, салыстырасың, сипаттайсың, бақылайсың, тәжірибе жасайсың, анықтайсың, дәлелдейсің, қорытындылайсың» деген етістіктерді пайдалана отырып, өз құрастырма суреттері арқылы ойларын ортаға салуды ұсынады.

  • Сызғыш – өлшеу

  • Қарындаш – сызу, сурет салу

  • Лупа – үлкейтіп көру;

Осы заттардың айналаны тануға көмегі бар екенін анықтайды.
Мысалы, гүл.
«Мен гүлді көзбен көремін. Мен гүлдің иісін сеземін. Мен біреуді қуанту үшін, сыйлыққа гүл беремін. Гүлді өсіруге болады. Мен оған су құямын».
Әрбір топтағы оқушы бірін-бірі қайталамай бір сөйлемнен айтып шығады. Әр оқушы өзінің сөйлемін айтқан кезде қолындағы суреттің қиындысын тақтаға іледі. Осындай ретпен өз тобы құрастырған суретті басқа топ мүшелеріне көрсетеді. Барлық топ етістіктерді пайдалана отырып, осы бағытта жұмыс жасайды.

  1. топ – гүл

  2. топ – аю

  3. топ – зымыран

  4. топ – адам



Суреттер





Оқулықтағы «Кім көмектеседі?» тапсырмасымен жұмыс
Айналадағы адамдармен (ата, әже, әке, шеше, аға, мамандық иелері)
қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіреді.

Оқушылар:

  • Атам ... түсіндіреді.

  • Әжем ... үйретеді.

  • Әкем ... көрсетеді.

  • Анам ... көмектеседі.

  • Ғарышкер ...

  • Дәрігер ...

  • Мұғалім ...

Осы бағытта айналадағы тағы басқа адамдардың өздеріне жасаған көмегі жайлы ой қозғайды.










Зерттеудегі сенің көмекшілерің
(Ұжымдық)
– Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты әрі қолжетімді тәсілі – бақылау. Адамның айналадағы ортаны зерттеуге талаптануы көптеген аспаптардың пайда болуына әкелді. Ойланып, болжап көріңдерші, бақылауды ненің көмегімен жүргізуге болады? Мысалы, қарапайым лупа, дүрбі, микроскоп, перископ, түнде көруге арналған аспаптарды атауға болады. Біздің дыбыстарды, тіпті электрмагниттік толқындарды айыру қабілетімізді арттыратын құрылғылар да бар, олардың барлығын зерттеулерде қолдануға болады.

Балалар еркін жүріп, зерттеу құрылғылармен танысады. Құрылғы туралы туындаған сұрақтарын қояды, ол сұраққа мұғалім немесе сынып оқушылары жауап береді.
Құрылғылар: қарапайым лупа, дүрбі, микроскоп.

Дәптермен жұмыс
«Жұбын тап» тапсырмасы Жұбын тауып сәйкестендір. Қай
суреттердің зерттеуге қатысы бар?
Тек сол суреттерді белгіле. Дәптер – қалам
Балға – шеге Глобус – карта Аспан – телескоп Мәшине – руль т.б.

2-тапсырма


Зерттеушіге не қажет? Белгіле.

Зерттеушіге телескоп, сағат, сызғыш, дәптер керек.



– зерттеуге қажетті құралдарды таниды, қажеттілігін
анықтай алады, ойын толық жеткізеді.– зерттеуге қажетті құралдарды таниды, қажеттілігін
анықтайды, ойын жеткізуде қиналады.
– зерттеуге қажетті құралдарды таниды, қажеттілігін
анықтауда қиналады, ойын жеткізе алмайды.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет