Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы. Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата19.02.2017
өлшемі241,46 Kb.
#10841
түріСабақ
1   2
Сабақты бекіту: «ККК» және Бетпе-бет әдісімен бекітемін

І-Бетпе-беттің сұрақтары

1-оқушы

  • Оқушыны таныстырамын

  • Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?

  • Сақтар қандай тайпа екен?

  • Оларға тән ерекшелік

  • Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.

2-оқушыға

  • Сақтар туралы қандай деректерден алынды?

  • Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?

  • Әйелдері туралы Ктесий ?

  • Ирандықтар сақтарды қалай атаған?

  • Алтын адам туралы не білесіз?

3-оқушы

  • Сақтарды гректер қалай атаған?

  • Томирис туралы не білесіз?

  • «Авеста» қандай кітап?

  • Сақтар қандай өркениетті елдермен байланыс жасаған?

  • Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?

ІІ-ККК әдісі бойынша оқушыларды бөлеміз.

Суретшілер

Математиктер

Тарихшылар

Географтар

Археологтар Сарапшы 1 оқушы



Осы маман иелері бүгінгі тақырыпты өз мамандығы бойынша баяндап береді

Сарапшы сараптама жасайды.

Сабақты қорыту:

Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.

Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма:

№12 картамен жұмыс. Сақ патшасы Томирис туралы қосымша мағлұмат дайындау.



Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.

  • Салыстырмал талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.

  • Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кестенің толтырылуын тексеру.

  2. Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.

  2. Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.

  3. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.

  4. Үй тапсырмасын тексергеннен икейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.

Ішкі жағдай

  1. Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.

  2. Феодалдық бытыраңқылық күшейді.

Сыртқы жағдай

  1. Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.

  2. Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.

  3. Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.

  1. Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).



    1. Жеке басының жағымды қасиеттері

    1. Жеке басының кемшіліктері

  2. Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:

  3. 1.

  4. 2.

  5. 3.

  6. 4.

  7. «XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы». Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:

  8. А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.

  9. Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.

  10. Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.

  11. В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:

  12. 1734 ж-

  13. 1735 ж-

  14. 1735-37 ж-

  15. 1740 ж-

  16. 1738 ж-

  17. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:

  18. «... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».

  19. Бұған қоса оқушылардың назарын мына мәселеге аудару қажет: орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті.

  1. Қазақ жерін біртіндеп отарлау.

  2. Қазақ билеушілерінің өзара тартыстарын тиімді пайдалану патша шенеуніктерінің іс-әрекетін жеңілдетті., патша үкіметі ешқандай қарсылықсыз Жайық өзені бойында бірнеше әскери бекіністер тұрғызды.

  3. Қазақстанның батысындағы және солтүстігіндегі әскери бекіністерді Орта Азия мемлекеттерінің аумағына енуі үшін әскери тірек базалары ретінде пайдалану.

  1. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі қалыптасқан жағдайды толық түсіну үшін оқулықтағы тақырып бойынша картамен практикалық жұмыс жүргізу.

  2. Сабақтың практикалық бөлігі:

  • XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністерін құра бастады?

  • Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсетіңдер.

  • Қазақтардың Ресеймен және орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.

  • Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?

  1. Үйге тапсырма:

  2. 1. Тақырыпты оқыңдар және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.











  3. Қазақстан-Қытай сыртқы саяси қатынастары

  4. (баяндама)

  5. Қытаймен сенімді қатынастардың орнауы Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды жетістіктерінің бірі – Қ. Тоқаев 
    Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бейсенбіде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде Қытайдың қоғамдық-саяси топтарымен және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
    Министр жиналғандарды Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен және еліміздің саяси-экономикалық даму барысымен таныстырып, ҚР мен ҚХР қатынастарының деңгейіне жоғары баға берді. Ол өткен жылдың Қазақстан-Қытай қатынастарын стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтерген жемісті жыл болғанын атап көрсетті. 
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесуі 2005 жылдың басты оқиғасы болды. ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунның 2006 жылғы қаңтардағы біздің елімізге ресми сапары ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өз үлесін қосты. 
    Қ.Тоқаев екі елдің тауар айналымының көлемі 2002 жылғы 1,95 миллиард доллардан 2005 жылы 6,8 миллиард доллардан асып түскенін айтты. ҚХР-дің Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі 2002 жылы 830 миллион доллар болса, 2005 жылы 1,85 миллиард долларға жетті. Шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі «Қорғас» халықаралық орталығының ашылуы осы бағытта елеулі серпін беретіні анық. 
    Екі ел мұнай-газ саласында ірі жобаларды іске асырып ынтымақтастықты жалғастыруда. Биыл Атасу-Алашаңқай мұнай желісі арқылы Қазақстан мұнайы Қытайға беріле бастайды. ҚР-ҚХР газ желісін салу жөнінде белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр. 
    ҚР СІМ басшысы ҚХР-мен сенімді және болжамды қатынастардың орнауын «тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды жетістіктерінің бірі деп бағалаймыз», - деп атап көрсетті. Қытай біздің көпжақты, өзара тиімді ынтымақтасып және серпінді саяси диалог жүргізіп отырған стартегиялық серіктесіміз болып табылады, деді ол. 
    Президент елдің Ресей, Қытай, АҚШ, ЕуроОдақ пен мұсылман елдерімен арада стратегиялық серіктестікте болатындығына тоқталды. 
    Бұл арада ЕуроОдақтың кейін аталуына және мұсылман елдерімен арада стратегиялық серіктестік құрамыз дегенге мән беру керек. Себебі, бұрын Еуропа елдері алдыңғы қатардағы стратегиялық серіктес ретінде аталынатын. Қазақстанның өз сыртқы саясатында ЕуроОдаққа аса мән беріп отырмағандығын, Еуропа мемлекет басшылары да алдын-ала сезінсе керек. Қазақстан Президентінің инаугурациясында олардың бірде-бірі бой көрсеткен жоқ.Ал мұсылман елдерімен арадағы қарым-қатынас деңгейі стратегиялық серіктес деген тізімге аса ене бермейтін. Бұдан былай ол елдер бізге жақындай түсетін болды. Ал Ресей мен Қытай жөніндегі әңгіме өзгерек. Қазақстан стратегиялық серіктесіміз деп еміреніп, құшақ жайып отырғанда Ресей аянып қалсын ба? Инаугурация рәсіміне Ресейдің алғашқы және қазіргі президенттері келді. Өз тағынан ерікті түрде бас тартқан Борис Ельцин мен оның отбасы видеобъективтің назарында болды. Ал Владимир Путиннің ант беру рәсіміне қатысуы – империяның мұрагері Ресейдің Қазақстандағы мүдделерінің аса жоғары екендігін аңдатса керек. 
    Бұл ант беру рәсіміне Қытай жағы, дәлірегінде көрші елдің төрағасы Ху Цзиньтао өз орынбасары Цзэн Цинхунды жіберіпті. Әрине, миллиардтан астам халқы бар мемлекет басшысының өзі келмесе де, орынбасарын жібергеніне біздің билік аса қапалана қойған жоқ. Цзэн Цинхуннің елімізге келуін Қазақстан жағы жоғары бағалап отыр.Сонымен, Қазақстан өз Президентін әлемдік қауымдастыққа мүше мемлекет өкілдері алдында ұлықтады. 
    Президент резиденциясы – Ақорда қонақтарға лық толды. Елбасы өз қызметіне салтанатты жағдайда, ресми түрде кірісті. Ұлықтау рәсімін сыртқы елдердің көз алдында паш еткен Елбасы бұл рәсімнен кейін енді ішкі мәселелерге мойын бұратынын аңғартып жүр. 
    Қазақстанның сыртқы саясатына шолу 
    - Қазақстан дүние жүзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты және халықаралық 64 ұйымға мүше болды; 
    - Қазақстан 1300-ден астам халықаралық және үкіметаралық келісімшарттар мен келісімдер жасады;
    - Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-тей өкілдігі тіркелген
    - Шет елдерде Қазақстанның 50-ден астам елшілігі, дипломатиялық миссиясы мен консулдығы бар 
    Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері: 
    - Мемлекеттік мүдделерді қорғау; 
    - Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету; 
    - Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен қызметтестікті дамыту; 
    - Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу; 
    - Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті дамыту; 
    - Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту. 
    Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері: 
    - Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның егемендігінің мойындалуы
    - Көп бағытты сыртқы саясат жүргізу; 
    - Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы;

  6. - ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген кірігу жобаларының жүзеге асырылуы; 
    - Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру; 
    - Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға тартымдылығын ілгерілету; 
    - Ұлттық саясат пен экономикалық мүдделердің шет елдерде қорғалуын қамтамасыз ету. 
    1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

  7. 1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

  8. 1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы. 
    1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. 
    1995-1999 жылдары – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы. 
    1999-2001 жылдары – Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 
    2000 жылы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

  9. 2001 жылы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 
    2002 жылы – Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 
    2002 жылғы тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары. 
    2006 жылғы сәуір айынан бастап – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 
    2007 ж. 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

  10. «Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. 
    - Қазақстан дүние жүзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты және халықаралық 64 ұйымға мүше болды;

  11. - Қазақстан 1300-ден астам халықаралық және үкіметаралық келісімшарттар мен келісімдер жасады;

  12. - Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-тей өкілдігі тіркелген;

  13. - Шет елдерде Қазақстанның 50-ден астам елшілігі, дипломатиялық миссиясы мен консулдығы бар

  14. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері: 
    - Мемлекеттік мүдделерді қорғау; 
    - Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету; 
    - Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен қызметтестікті дамыту; 
    - Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу; 
    - Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті дамыту; 
    - Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту.

  15. Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері: 
    - Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның егемендігінің мойындалуы; 
    - Көп бағытты сыртқы саясат жүргізу; 
    - Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы; 
    - ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген кірігу жобаларының жүзеге асырылуы; 
    - Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру; 
    - Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға тартымдылығын ілгерілету; 
    - Ұлттық саясат пен экономикалық мүдделердің шет елдерде қорғалуын қамтамасыз ету.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет