Сабақтың тақырыбы 2, 3, 5, 9, 10 сандарының бөлінгіштік белгілері



Дата21.02.2022
өлшемі49,08 Kb.
#132679
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ 20.09.19
26.11 3-к. силлабус-2021 - Үйдегі мейіргерлік күтім. каз., СЕССИЯ, 2- сабақ. Т.Ахтанов Күй аңызы әңгімесі Кейіпкерлер бейнесі , Жандарбек Аяулым. Венн диаграммасы

Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айтбаева Ж.Р

Сынып: 5«А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2, 3, 5, 9, 10 сандарының бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.2.5натурал сандардың 2-ге, 5-ке,10-ға бөліншіштік белгілерін қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:
- натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін білу; Оқушылардың басым бөлігі:
-жұп, тақ сандарды ажырата білу ,санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін ажырата алуға болатынын түсіну;
Кейбір оқушылар:
-натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін біледі, қолдану;



Сабақтың түрі:

Жаңа білімді меңгеру

Бағалау критерийлері:



- санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды .
-санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін ажыратады;
-натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.



Тілдік мақсаттар:



Тілдік мақсат
- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- санның бөлгіші;
- санның еселігі;
- бөлінгіштік белгілері;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;
- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;



Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды топта орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру
Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру
Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.



Бастапқы білім

Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Русурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезең:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал орнату «достық тілек»
Үй тапсырмасы: «Мига шабуыл»
Ауызша сұрақтар:

  1. Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады? 0, 2, 4, 6. 8

  2. Қандай цифрлар тақ цифрлар деп аталады? 1, 3,5, 7, 9

  3. Қандай сандарды жай сандар деп атаймыз? 2,3,5,7...

Қандай сандарды қүрама сандар деп атаймьп? 4,6..
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыздар? деген сұрақ бере отырып ой тастап, оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік туғызу.
Топтастыр
Мына сандарды топтастырыңдар.0;1;2;3;4;5;6;7:8;910
Бүгінгі сабағымыз осы сандарға байланысты болуы мүмкін бе?
Мына сандардың ішінде ерекшеленген сандар бар ма?
Бірнеше жұп сандар атаңыздар .
Жазылған сандардың бірлік разрядында қандай цифр бар?
5-ке еселік болатын сегіз сан жазыңдар. Жазылған сандардың бірлік разрядында қандай цифр бар?
Оқу мақсатын оқушылардың барлығына түсінікті жеткізу.

Тақта,

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ.
Бөлінгіштік белгілері бойынша топтасайық
Топтық жұмыс «Ойлан-Жұптас-Бөліс»
Топтарға арналған тапсырма
ТОП № 1
2 бөлінгіштік белгісі
Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 2-ге бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
Болады екен.
2 бөлінгіштік белгісі:
Егер сан 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінеді.
Мысалы: 108 саны 2-ге бөлінеді, себебі 8 цифрымен аяқталған.
Тапсырма: мына сандар қатарынан 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:
15, 18, 205, 1000, 16, 124, 203, 500, 802, 746.
ТОП № 2
5 бөлінгіштік белгісі
Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 5-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
Болады екен.
5 бөлінгіштік белгісі:
Егер сан 0 және 5 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 5-ке бөлінеді.
Мысалы:40 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған.
485 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған.
Тапсырма: мына сандар қатарынан 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:
15, 18, 205, 1000, 16, 124, 205, 500, 802, 745.


ТОП № 3
10 бөлінгіштік белгісі
Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 10-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
Болады екен.
10 бөлінгіштік белгісі:
Егер сан 0 цифрымен аяқталса, онда ол сан 10-ға бөлінеді.
Мысалы:100 саны 10-ға бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған.
485 саны 10-ға бөлінбейді, себебі 0 цифрымен аяқталмаған.
Тапсырма: мына сандар қатарынан 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:
150, 10, 205, 1000, 161, 22010, 124, 2050, 500, 802, 745.
Топ бір-бірін бағалайды. «Инсерт» әдісі бойынша бағалайды
Сәйкестендіру
Мына сандардың қайсысы 5-ке бөлінеді?
209,135,440,5554,225,362
Мына сандардың қайсысы 5-ке бөлінеді?
29,1240,535,352,507
Тапсырма
72; 312;525;480;1196;1230;785 сандарынан тауып жазыңдар:
2-ге бөлінетін:____________________________
5-ке бөлінетін:_________________________
10-ға бөлінетін:__________________________
Тапсырма
1. 8 10* санында жұлдызша орнына цифрды қойыңыз
а) сан 5-ке бөлініп, бірақ 2-ге бөлінбейтіндей;
б) сан 5-ке де, 2-ге де бөлінетіндей.
2. Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, кестені толтырыңдар.
1-тапсырма
а) 971; 5042;973; 980;3401; 2600 сандарының ішінен 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар
2-ге бөлінетін сандар:
5-ке бөлінетін сандар:
10-ға бөлінетін сандар:
ә) 46* үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінетінін тауып, жазыңдар
2-ге бөлінетін сандар:
5-ке бөлінетін сандар:
10-ға бөлінетін сандар:
Дескриптор
-2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады;
-5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады;
-10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады;
-бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды.
Қосымша тапсырма




2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

63*










37*










49*















Сабақтың соңы



Сабақты қорытындылау. 4мин
Кері байланыс жүргізу
Тақырып сіздерге қиын болды ма?
Сабақ кезінде сіздерге не қиын болды?
Сіздерге сабақта не есіңізде көбірек сақталды?
Жеке рефлексия (2 мин)
Бағдаршам
Қызыл –ештеңе түсінбедім
Сары -жартылай түсіндім
Жасыл –түсіндім
Оқушылар рефлексия парақшаларын жеке –жеке бояп , мұғалімге тапсырады.
Үйге тапсырма (1 мин).

  1. 1-ден 30-ға дейінгі сандардың ішінен 2-ге ,5-ке ,10ға қалдықсыз бөлінетін сандарды табыңдар.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.



Саралау

Бағалау

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.
Топпен жұмыс кезіндегі жауапты «Инсерт»әдісі арқылы бағалау.
Үй тапсырмасын тексеруде жұптар бір-бірін бағалайды «Жасыл қалам» әдісі арқылы. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.«Бағдаршам»

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет