Сабақтың тақырыбы: §29. Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік



Дата29.03.2017
өлшемі29,31 Mb.
#12655
түріСабақ
Күні: 16.03.2016 ж

Сыныбы: 10а

Пәні: Биология

Мұғалімі: Тасыбаева Динара Ергешбаевна
Сабақтың тақырыбы: §29. Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік
Білімділік мақсаты: Оқушыларға өзгергіштік түрлері, олардың себептері, организмге әсері туралы білім беру. Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу, оларды салыстыру, мутациялық өзгергіштіктің органикалық дүниенің дамуы мен жұмыстары үшін маңызды екендігін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: проектор, үлестірмелер, сурет – плакаттар

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын түгендеу.

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушылардың түгелдеу

  3. Үй жұмысының сұрақтары

  4. Жаңа сабақ

  5. Қорытынды


ІІ. Үй жұмысының сұрақтары
І-топ генетип

1. Жыныстың хромосомалық анықталуы дегенымыз?

2. Тіркесу дегеніміз ?

3. Жыныспен тіркескен белгілердың тұқым қуалауы дегеніміз? 4. Белгілерді бақылайтын гендер – бұл...

5. Жыныстық хромосомаларда орналасқан генлер анықтайтын белгілердың тұқым

қуалауы Мендель анықтаган белгілердің ажырауынан қандай болды?


ІІ-топ фенотип

1. Тіркескен гендер дегеніміз?

2. Белгілердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен қыздарына берілуін қандай тұқым қуалау

деп аталады?

3. Аналық жыныспен аталық жыныстың жетілуы?

4. Гендердің тіркесуін алғаш рет 1905жылы қай генетиктер ашты?

5. Гендердің тіркесу заңдылықтың теориялық тұжырымдамасын терең зеріттеген ғалым?
Организмде жыныстық хромосоманы анықтаудың типтері

Р/С

Организмдер


Жыныстық хромосомалар

аналық жыныс

аталық жыныс

1.

Сүтқоректілер.

Қос қанатты жәндіктер



ХХ гомогаметалы

ХҮ гетерогаметалы

2.

Құстар.

Көбелектер



ХҮ (ZW) гетерогаметалы

ZZ гомогаметалы

3.

Шегірткелер.

Бүргелер


ХХ гомогаметалы

Х0 гетерогаметалы

4.

Бүйі

Х0 гетерогаметалы

ХХ гомогаметалы



І. «Жыныс генетикасы» тарауы бойынша тест

1. Адамның дене жасушаларында неше хромосомалар бар?

а) 23

б) 46


с) 44

2. Белгілердің шешесінен ұлдарына ал әкесінен қыздарына берілуін қандай тұқым қуалау деп атайды?

а) крисс-кросс тұқым қуалау

б) жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы

с) цитоплазмалық тұқым қуалау

3. Белгілердің жыныстық хромосомалары (Х және Ү) арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілуін қандай тұқым қуалау деп атайды.

а) пластидтік тұқым қуалау

б) цитоплазмалық тұқым қуалау

с) жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалау

4. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауын қай генетик дрозофила шыбына тәжірибе жүргізгенде ашқан?

а) Г.Мендель

б) Т.Морган

с) Р.Пеннет

5. Гомозиготалық қызыл түсті аналық шыбынды (Хw Xw) ақ көзді аталық шыбынмен шағылыстырғанда F1-де ұрпақ шыбындардын көздерінің түсі қандай болған ?

а) ақ түсті

б) қызыл түсті

с) қызғылт түсті

6. Шешесі сау (ХН XН) гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын (Хһ Ү) отбасының ұрпақтары қандай болған?

а) барлық ұл балалары сау, қыз балалары гемофилия гены бойынша гетерозиготалы болған

б) барлық қыз балалары сау, ұл балалары гемофилия гены бойынша гетерозиготалы болған

с) барлық қыз, ұл балалары гемофилиямен ауыратын болған
Кілті:

1б. 2а. 3с. 4б. 5б. 6а.




4. Жаңа сабақ түсіндіру:

Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік:

Өзгергіштік деп организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттілігін айтады. Бұл барлық тірі оргаизмге тән қасиет. өзгергіштіктің екі түрі болады:

Өзгергіштіктердің түрлері

Өзгергіштік




Тұқым қуалайтын Тұқым қуаламайтын

(модификациялық)

Үйлесімдік Мутациялық Онтогенетикалық

Мутациялық өзгергіштік. Мутация деп хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның пайда болуы және қалыптасуы мутагенез деп аталады.

Ал тұқым қуалайтын өзгерістерді тудыратын факторларды мутаген деп атайды. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутация терминін 1901 жылы нидерландтық ботаник әрі генетик Де Фриз “Мутациялық теория” деген еңбегінде енгізеді.

Ч. Дарвин “Үй жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі” атты еңбегінде (1868ж.) бірнеше тұқым қуалайтын өзгерістерді сипаттады. Жаңа Англияда (АҚШ) 1791 жылы қой өсіретін анкон фермасында аяқтары қысқа, денесі ұзын еркек қозы туылады. Бұл құбылыс ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында гендік мутацияның болуы арқылы түсіндірілді. Ч. Дарвин бұл қойларды “Жартылай кемтарлар” деп атаған. Малдардың аяқтарының қысқа болуы және жайылым кедергелерінен өте алмауы фермерлерге ұнайды. Фермелердің сұрыптау жұмысын жүргізуі нәтижесінде анкон тұқымды қойлар пайда болды.

Қойларда анкон белгісінің тұқым қуалауы

Организмдердің ерекшеліктеріне – фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай мутациялар:


Мутациялар



Хромосомалық

Морфологиялық Гендік

Физиологиялық Сақина тәрізді
Трансло- Инвер- Жетіспеу-

кация сия шілігі

Геномдық

Полиплоидия Гетероплоидия


Хромосомалық мутациялар. Хромосомалар құрылысының (құрылымдық) өзгеруі. Олардың екі типін ажыратады: хромосомалық және хроматидалық мутациялар.

Хромосомалық және хроматидалық мутациялардың мынадай түрлері бар: транслокация, инверсия, жетіспеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б.

Мутацияға қабілеттің болуы – геннің негізгі қасиеттерін бірі.

Сахналау ойыны: Екі топтан бір-бір оқушы тоқтаға шығады. Бір оқушы шегесіне бір сурет қойамын. Оқушылар соған сұрақ қойады. Тақтаға шыққан оқушы суреттін атын табу қажет.

Үйге тапсырма беру: Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік

Оқушылардың білімдерін бағалау.



Қортынды: Өзгергіштіктің организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілерімен қасиеттергу ие болу қабілеттілігін айттық және мутациялық өзгергіштік хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айттық. Геномдық мутацияларға анеуплоидия, полиплоидия, автополиплоидия, аллополиплоидия жатады.
Каталог: uploads -> doc -> 015c
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
015c -> Сабақтың тақырыбы: «Білімің ұшар қанатың»
015c -> Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия Сабақтың мақсаты
015c -> Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төрінде
015c -> Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
015c -> араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген. Ертегілер
015c -> Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз. Мақсаты
015c -> Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет