Сабақтың тақырыбы §40. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Мақсаты



бет3/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#22668
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақ жоспары

Сыныбы 7

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы

§49-50-51 Беттік керілу,Жұғу.Қылтүтіктік құбылыстар


Мақсаты

  • Жұғу және жұқпау құбылыстарына мысалдар арқылы түсіндіру және қылтүтіктік құбылыстар қандай жағдайларда байқалатындығын түсіндіру.

  • Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу,жұғу құбылыстарын күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана білуге үйрену.

  • Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту , ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.




Күтілетін нәтижелер


  • сұйықтың негізгі қасиеттері мен молекулалаық құрылымы арқылы өмірде байқалатын құбылыстарды ұғынады.

  • меңгерген білімдерін өмірде,тіршілікке қолдана білуге үйренеді,өз бетімен жұмыс істей алады ,логикалық ойлау,сөйлеу дағдысымен жетіледі.

Керекті жабдықтар


7 сынып физика оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы,кері байланыс парағы, видеоролик, презентация, проектор. үлестірмелі қағаз, сөзжұмбақ, дидактикалық материалдар. бағалау дөңгелекшелері (қызыл – 5, жасыл – 4, сары - 3)доп, карточка, қатты кардон,су.

Қолданылатын әдістер

сұрақ – жауап, ой қозғау, ассосациялау, тірек-сызба,топтық,жұптық жұмыстар.Семантикалық карта,«кубизм» әдісі, «Бәйге», «Кім жылдам», «Иә және жоқ».«Бес саусақ» әдісі.

Жұмыс түрі

Топтық, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

- математика, технология, ағылшын, сурет.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдас- тыру кезеңі

Үй тапсырмасы


А) оқушыларды түгендеу

ә) құрал-саймандарын дайындату

б) сабақққа назарын аудару.

Оқушыларды «Бәйге», «Кім жылдам», «Иә және жоқ» турлары арқылы сабақты ойын түрінде өткізу. 2. «Менің көршімнің жетістіктері» тренингі. 3. « Қайталау – оқу анасы ».



Семантикалық картамен жұмыс

1-4 , 2-6, 3-1, 4-7, 5-2, 6-10, 7-3, 8-5, 9-8, 10-9.




-мұғаліммен сәлемдеседі

-кезекшілік қызметін атқарады

- сабаққа зер салады.

Оқушылар гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді


Оқушылар семантикалық картаны толтырып жауаптарын тақтадан тексереді.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Молекулалық күштердің сұйықтың ішіндегі М1 молекулаға түсірілген теңәрекетті күшінің орташа мәні нөлге жуық. Осы теңәрекетті күштің кездейсоқ ауытқулары М1 молекуланы сұйық ішінде тек хаосты түрде қозғалуға ғана мәжбүр ете алады. Сұйықтың беттік қабатында орналасқан М1 және М2молекулаларының жағдайы басқаша.



Сұйықтың бетінде орналасқан молекулалар оның ішіне тартылады да, олардың потенциалдық энергиясы сұйықтың ішіндегі молекулалардың потенциалдық энергиясынан артық болады. Сұйықтың беттік қабатындағы молекулалардың қосымша потенциалдық энергиясын еркін энергия деп атайды.



ΔW=

А=

Сұйықтың еркін бетінің ауданы өзгергенде молекулалық күштер жұмысының сұйықтың тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын шамасы сұйықтың беттік керілу коэффициенті немесе беттік керілу деп аталады. шамасы сұйықтың еркін бетінің ауданы бір бірлікке өзгергенде молекулалық күштердің атқаратын жұмысымен өлшенеді.

=

беттік керілудің Sl жүйесіндегі өлшем бірлігі = 1 Дж /м2

Сұйық молекулаларының өзара әрекеттесуінен пайда болатын сұйықтың еркін бетінің ауданын кемітуді тудыратын және осы бетке жанама бойымен бағытталған Fк күш беттік керілу күші деп аталады.

Fк=

=

Беттік керілу коэффициенті сұйықтың еркін беті шекарасының бірлік ұзындығына әрекет ететін беттік керілу күшіне тең.

1 Дж/м2=1 Н/м



Сұйық бетінің ыдыс жиегінде майысатынын жіңішке түтіктерде жақсы бақылауға болады,өйткені осы жерде сұйықтың беті түгел майысады. Қимасы дөңгелек түтікте бұл бет сфераның бір бөлігі болады да, ол миниск деп аталады. ( грек менискос - айдың орағы, доғасы) Жұғатын сұйықтың минискісі ойыс та,жұқпайтын сұйықтың минискісі дөңес болады.

Менискі бетінің ауданы түтіктің ішкі қимасының ауданынан артық,сондықтан молекулалық күштердің әрекетінен сұйықтың майысқан беті жазылуға тырысады да,қосымша рлқысым тудырады.Бұл қысым жұғатын сұйық үшін (ойыс миниск) сұйықтың ішіне қарай бағытталған.Бұл қысымды анықтаған француз ғалымы П.Лапластың құрметіне лапластық қысым деп аталады.Сұйықтың радиусы R болғандықтан бұл қысым



рл= h = h =

Ішкі даиметрі шаштың диаметрімен шамалас болатын түтіктерде судың көтерілуі біршама жоғары сондықтан мұндай түтіктерді капиллярлар деп атайды.(грекше капилярис – шаштай жіңішке) Жұғатын сұйықтар капиллярларда жоғары көтеріледі,жұқпайтын сұйықта төмен түседі.

Капиллярлық құбылыстар табиғатта және техникада кеңінен қолданылады. Өсімдіктер көптеген капилярлардан тұрады.


Оқушылар өзара ақылдаса отырып, өз түсінгендерін айтады.

Тақырыпты окып, берілген мәтінмен танысады.



Тақырып бойынша анықтаманы, формуланы, өлшем бірлігін дәптерге жазып алады.


Каталог: uploads -> doc -> 096d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
096d -> Сабақтың тақырыбы Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет