Сабақтың тақырыбы 60-метрге жүгіру Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2022
өлшемі123,82 Kb.
#111164
түріСабақ
Байланысты:
дене шын 4ҚМЖ
СТЖД , СТЖД , ҚМЖ 8

ППМ-811 тобы Нысан Гүлнаурыз

Пәннің аты:

Сыныбы:4

Күні:

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың тақырыбы

60-метрге жүгіру

Сабақтың мақсаты:


а) Денсаулықты жақсарту, ептілікті, төзімділікті дамыту

б) Білім беру, сауықтыру, дене бұлшық еттерін шынықтыру

в) Тәрбиелеу, достықты, мейрімділікті нығайту


Сабақ әдісі:

Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, машық жұмыстар

Сабақ түрі:

Жаңа білім алу

Көрнекі құралдар:

Ысқырық, секундомер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денесін жаттықтырады,алған білімін өмірде қолдана алады. Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, машық жұмыстар

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.



Дайындық бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып, сынып түзеліңдер, тік  тұрындар деген бұйрық беріп саламатсыздарма оқушылар деп сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасын тыңдап сабақта жок оқушыларды журналға белгілеу.

Жүру кезінде орындалатын жаттығулар

-Қол жоғарыда аяқ ұшымен жүреміз;

-Қол желкеде өкшемен журеміз;

-Қол алда жартылай отырып жүреміз;

-Қол желкеде толықтай отырып жүреміз;

Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар

-Бір қалыпты алаңды айналып жүгіреміз;

-Қол белде, оң жақ сол жағымызбен ауысып жүгіреміз;

-Қол алда тізені қолға тигізіп жүргіземіз;

-Қол артта өкшені қолға тигізіп жүгіреміз.

Бір орында жасалатын жаттығулар

1. -қол белде аяқ иық денгейінде басты оңға 4рет,солға 4рет айналдырамыз;

2. - Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға, артқа иығымызды айналдырамыз;

3.- Қол кеуде тұсында аяқ иық көлемінде 1,2 алға, 3,4 оңға. 1,2 алға 3,4 солға қолды ашып жаямыз;

4. - сол қол белде, оң қолды жоғары көтереміз 1,2 оңға 3,4 солға иілеміз;

5.- Қолымыз белімізде, аяқ иық көлемінде белімізді оңға 4 – рет, солға 4- рет айналдырамыз

6. -Қолымызды алдымызда созамыз,сол аяқты оң қолды,оң аяқты сол қолға тигіземіз;
7.- аяқ денгейінде,тіземізді 1,2,3,4 ішке қарай 1,2,3,4сыртқа қарай айналдырамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Өтілген сабақтан сұрақтар қойып үй тапсырмасын тексеру.

1.    Қозғалмалы ойындардың түрлерін атаңыз? («Қуып жет»,Ақ сандық,көк сандық»,Алтын балық», Қуғыншыдан құтқару»).
2.    Қозғалмалы ойындардың ішіндегі, оймен ойнайтын ойын түрі? (тоғызқұмалақ,шахмат)
3.    Көкпар ойынын неше топ, немен ойнайды?
4.    Қазақ халқын әлемге таратқан қазақ балуаны


Топқа бөлу



Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту


Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?



Сергіту сәті

«Қарақұс пен балапандар»
Педагог тауық болып, балалар балапан болып жем теруге шығады. Бір бала қарақұс болады. Жем теріп жүргенде қарақұс ұшып келеді. Барлық балапандар тауықтың қанатынын астына жасырынады.
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшандыққа баулу, көңілдерін көтеру.
«Ұшты-ұшты»
Педагог балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын көтеріп ұшады, педагог ұшты-ұшты орындық ұшты десе отыра қалады.
Мақсаты: Аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту, қимыл қозғалыстарын жетілдіру

Жаңа сабақ

60-метрге жүгіру

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Жаттығулар жасау

Қысқа қашықтыққа жүгірмес бұрын 20-30 метр қашықтыққа  жүгіру керек. Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшандықты біртіндеп арта берген дұрыс. Қысқа қашықтыққа (60,80,100,200 метр) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.


Қысқа қашықтыққа жүгіудің ерекшеліктері, жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигізген қалпында болады, яғни төменгі сөреден жүгіреді. Жүгірер алдында жерге бір тізелеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Сөре сызығынан 30-35 см кейін жерге кішкене шұңқыр қазалады. Ал екінші аяғын сөре сызығыан 70-85 см ұзындығындай қашықтыққа екінші шұңқыр қазылады. Шұңқырдың терендігі жүгірушінің табаның үштен бір бөліндей болуы керек. ,,Сөреге ‘’- деген пәрмен естілген бетте екі қолды жерге тигізіп, екі иық сөре сызығының үстінде немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізелеп отырады. ,,Дайындал’’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші, артта  тұрған тізесін сәл көтеріп, жамбас иықтан сәл жоғары болу керек, дәл уақытында әрі дұрыс бстауга өзін жинақтап, ден шығаруды кідірте тұрады ,, Жүгір’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші қолды сермей тез әрі қуатты қимыл жасайды. Жүгіру кезінде жүрек қан тамырлары, бұлшық ет буынга күш түседі.

Машықтық жұмыс:Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау.

Бекіту: Өтілген сабақтан сұрақтар қойып оқушылардын білімдерін тексеру.
1. Сөреге деген пәрмен берілгенде не істейміз?
2. Жүгіру кезінде адамның қай жеріне күш түседі?
3. 60 метрге жүгірмес бұрын не істейміз?
4. Жүгіру шапшандығы неге байланысты?


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?


Үйге тапсырма

Тақырыпқа байланысты мағлұматтар жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет