Сабақтың тақырыбы А. Асқар «Прописка»



бет4/4
Дата21.04.2024
өлшемі30,16 Kb.
#201096
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5-сабақ. А.Асқар Прописка. тақырыбы, идеясы. Кейіпкер мен автор ұстанымы

Мәтін түйіні:
Сары автобустағылар Самарға сағат жетіден аса жетті. Шофер асуда бой бермей кетіп қалған үш жігіт жайлы тиісті орынға хабарлады.
Қызыл су жүріп жатқан ұлы Ертістің арғы бетіне өте алмады. Архат Күршімге күнбе-күн жете алмады. Ал бұрқақта бұлаңытып кеткен бұландай жігіттер сол бойы оралмады.
Сұрақ: Сонда оралмаған үш жігіттер кімдер?
Ықтимал жауап: Желтоқсан оқиғасына қатыушылар.

Слайд


Аяқталуы
6 минут

2 минут

4-тапсырма. «5 сұрақ», «5 жауап» әдісі арқылы
1.Әңгіме неге «Прописка» деп аталған?
А) сол замандағы қазақ қоғамының шындығын суреттегендіктен;
Б) автобустағы адамдардың пропискаға отыра алмауы туралы болғандықтан;
В) тіркеу орны туралы айтылғандықтан;
Г) шығарма тақырыбы астыртын ойы болғандықтан.
2.Архат қайда, не үшін кетіп барады?
А) жұмысқа;
Б) Алматыға;
В) Шірікаяқта тұратын үлкен ағасының үйіне «пропискаға» тұруға;
Г) Орынборға.
3.Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады?
А) желтоқсан оқиғасы;
Б) табиғат апаты;
В) жұмысшылар шеруі;
Г) ауыл тұрмыс салты.
4.Кейіпкердің желтоқсан оқиғасына қатысы қандай?
А) желтоқсан оқиғасын білмейді;
Б) желтоқсан оқиғасын естіген;
В) желтоқсан көтерілісіне қатысқан;
Г) желтоқсан оқиғасымен таныс.
5.Алтай табиғатының қатал мінезін автор қандай сөздермен берген?
А) құтырылға қарлы құйын,ұйытқыған боран, қағынған бурадай бұрқырап...
Б) сібірлеп жауған жаңбыр тамшылары терезені тырс – тырс соғады;
В) жайма шуақ жылы, күннің көзі бар сәулесі төгіп тұр;
Г)тау шыңдарына оратылған бұлттар жібектей үлбіреп, торғындай шұбатылады да, көңілді көтеріп, шаттандырды.
Жауаптары:

  1. А) сол замандағы қазақ қоғамының шындығын суреттегендіктен;

  2. В) Шірікаяқта тұратын үлкен ағасының үйіне «пропискаға» тұруға;

  3. А) желтоқсан оқиғасы;

  4. В) желтоқсан көтерілісіне қатысқан;

  5. А) құтырылға қарлы құйын,ұйытқыған боран, қағынған бурадай бұрқырап...



Оқу тапсырмасы:
Автордың орнында болсам, әңгімені қалай аяқтар едім?» (өзіндік көзқарас, пікір)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет