Сабақтың тақырыбы А. Асқар «Прописка»


-тапсырма. «Таңдау», «тұжырымдау» әдісі



бет2/4
Дата21.04.2024
өлшемі30,16 Kb.
#201096
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5-сабақ. А.Асқар Прописка. тақырыбы, идеясы. Кейіпкер мен автор ұстанымы

1-тапсырма. «Таңдау», «тұжырымдау» әдісі
Мәтін бойынша негізгі мәселені автор тұспалдап беру себебін анықтайды. Төменде берілген тұжырымдарды таңдау, өз ойын айту.
А.Алтайдың «Прописка» [16, 299 б] атты әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры. Қала қазақты қабылдағысы жоқ. Әңгіме жолға шыққан Архат есімді жігіттің бір сәт басынан кешкен драмасына құрылған. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Алтайда көктем келсе де, бораны басылмай тұрғаны – ол да – тұспал. «Бұландай жігіттер» деп автор тегін айтып отырған жоқ. Махамбетте «Бұландай ерді кескен күн» деген өлең жолдары бар. Үш жігіт – желтоқсан құрбандары. Сол боздақтарды тұспалдайды. Архат қалаға пропискаға отыру үшін төрт ай қаңғиды.Қала қазақ баласына өгей шешеден бетер. Абайша айтқанда, бір қайғы мың қайғыны қозғайды. Ол – қазақ қоғамындағы шындық.
ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР:
Билікке деген қарсылық.
Көтерілген мәселені ашық айтудан қорқақтау.
Оқырманды осы мәселеге тұспалдау арқылы қызықтыру.
Оқырманға көтерілген мәселе бойынша өзіндік қорытынды жасату.
Дескриптор:

Ықтимал жауап:
Билікке деген қарсылық – ештеңе айта алмау,елдегі жағдай
Көтерілген мәселені ашық айтудан қорқақтау – прописка мәселесі,Желтоқсан оқиғасы.
Оқырманды осы мәселеге тұспалдау арқылы тәуелсіздіктің ащы шындығын паш ету.
Әр оқырманның пікірі – мен үшін құнды.
2-тапсырма. «Дизайн» әдісі
Төмендегі «адасқан» сөйлемдерді оқы. Мағынасына қарай отырып сөйлемдерді өз орындарына қойыңыздар.
1. Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
2. Азаматтар үшін маңыздысы – тұрғылықты мекен - жай бойынша тіркелу (прописка)
3. Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
4. Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп (мөр) қоюы керек.
5. Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн.
Дұрыс жауабы:
1. Азаматтар үшін маңыздысы – тұрғылықты мекен - жай бойынша тіркелу (прописка).
2. Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
3. Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
4. Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн.
5. Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп (мөр) қоюы керек.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет