Сабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбаев. Қыс.»



Дата26.08.2017
өлшемі33,76 Kb.
#28544
түріСабақ
ци

3 - класс


Сабақтың тақырыбы:



«Абай Құнанбаев. Қыс.»

Дайындаған: Т.С.Умиралина.

Ембі қаласы.

2013-2014 оқу жылы.

12.12.13 ж

Абай Құнанбаев "Қыс"

Тақырыбы : Абай Құнанбаев. Қыс.
Мақсаты : 1. Абай Құнанбаевтың өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, шырша бейнесі.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, қатармен жұмыс, ой қозғау, сөздік.

Сабақ барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (Слайд №2 )
Біз бақытты боламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз.
Оқып білім аламыз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. (Слайд №3)

- Балалар біз қандай тарауды аяқтадық? (Ата-бабам тарихы – менің тарихым)


- Бұл тарауда тақырыптар не жайында жазылған? (Батырлар)
- Қандай оқиғаларды қамтиды?
1.«Ата-бабам тарихы–менің тарихым» бөлімі бойынша дайындалған тест.(Слайд №4)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Ал, енді балалар мына бір жұмбақтарды шешіп көрейік: (Слайд №5)
1. Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)

2. Құлағы мен көзі жоқ,


Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды. (аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты –ақ. (мұз)
4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды. (боран)

Сұрақ-жауап. Логикалық тапсырма. (Слайдпен жұмыс №6,7,8)

«Қыс» сөзіне ассоциация құру.
Не? Несімен? Неге тәрбиелейді?
Ызғар ------------ әдемі ----------------- төзімділікке
Суық --------- ақша қарымен ---------------- шыдамдылыққа
Аяз ------------ ұлпа қарымен ------- денемізді шынықтыруға
Таза ауа ------- күмістей ақ ----------- салауатты өмір салтын қалыптастыруға.

IҮ. Жаңа сабақты түсіндіру. (Слайд №9,10)
Жақсы балалар, олай болса бүгінгі жаңа тарауымыз «Туған жерге қыс келді».

Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. Мақсатын хабарлау.

Балалар, қандай мейрам жақындап қалды? Оған не керек? (Слайд № 11)

Олай болса, орманнан шырша әкелейік. Біз орманға немен барамыз? Ол үшін біз атты тауып алмастан бұрын мына тапсырманы орындайық. (Слайд №12)

1. Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев (Слайд №13)
2. Өлеңді мұғалім оқып түсіндіреді.
ҮІ. Өлеңмен жұмыс. (Слайд №14)

Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан. - Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы жазған. Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.


Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

Орманға келдік, оған кіру үшін қақпаның кілті керек, ал кілтті табу үшін мына тапсырманы орындайық.



3. №15. Кілттің тапсырмасы.
Сөздік жұмысы. (Слайд№16)

Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.


Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.

4. Қасқырдың тапсырмасы. (Слайдпен жұмыс №17)

Оқушылардың тізбектей оқуы.

5.Оқулықтағы №6 тапсырманы орындау.

6. №19. Жолбарыстың тапсырмасы.

А) «Ұйқасын тап» (Слайд №20)

7. №21.Түлкінің тапсырмасы.
ІХ. Дәптермен жұмыс.

Топтастыру. (Слайдпен жұмыс №22)
1 – қатар: Қысқы еңбек.

2 – қатар: Қысқы ойын.

3 – қатар: Қысқы мерекелер
IV. Бекіту.

Ақ аюдың тапсырмасы. (Слайд №23, 24)

1. Автор қысты кімге теңейді?

2. Шалдың киімдері қандай?

3. Киім деп отырғаны не?

4. Малшы туралы не делінген?

5. Балалар туралы не делінген?

6. Қыс несімен көңілді?
- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі ызғарлы суық қана емес көңілді де, қызықты екен. Ал қане сол қысты көңілді ету сендердің қолдарыңда.

(Слайд №25). Сонымен барлық тапсырмаларды орындадық. Шыршамызды құрайық. Шырша жырын орындап жіберейік..

V. (Слайд №26) Бағалау.



VI. Үйге тапсырма. (Слайд №26)

Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет