Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы



бет1/2
Дата28.03.2024
өлшемі201,32 Kb.
#200340
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Жас ҚМЖ ұйқы


Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы.

Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 7”Ә”

Қатысушылар саны: 28 Қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.8 - ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және
тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру;
7.1.7.9 - жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін
сипаттау

Сабақтың мақсаты:.



Барлық оқушылар үшін:
Ұйқының физиологиялық маңызын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Түс көру құбылысын сипаттап бере алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Адамның физикалық және психикалық денсаулығының өзара
байланысын айтып бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Ұйқы қандай фазалардан
тұрады?
2. Баяу ұйқының физиологиялық
белгілері қандай?
3. Түс көрушілік деген не?
4. «Адам денсаулығы» деген
ұғым нені білдіреді?
5. «Аурудан сауықтыру»
ұғымын қалай түсінесіңдер?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет