Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет6/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №15 сабақ



Сабақтың тақырыбы: АРДАҚТЫ АТ

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Өздері тұратын ауылда (қалада, өңірде) жақсы адамның атымен байланысты жер, су, тау туралы айтып беру.






3. Дәйексөз. Жүсіп Баласағұни

Адамда жақсы қасиет болмаса,

оған бақ та, бақыт та қонбайды.

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар




4. Әңгімелеу.

Қорқыт ата (аңыз)

«Қорқыт ата» деп аталу себебi туралы мынандай аңыз-әңгiме бар. Қорқыт мес болып туады, жұрт шошып қалады. Тек анасы қорықпай- ды: менiң тапқаным жанды бала едi ғой деп местi жарып жiбергенде iшiнен сәби шыға келедi. Үрейленiп тарай бастаған жұрт қайта жина -лып, бұл өзi дүниеге жұртты қорқыта келдi ғой деп, атын «Қорқыт» қояды. Қорқыт ата өмiрдегi болып жатқан дүниенiң сан-алуан құбылыстарын түсiну үшiн, өзiн мазалайтын сұрақтарға жауап iздеп, дүниенiң о шетi мен бұл шетiн ұзақ аралайды. Жақсы-жаман нәрселердi көп байқайды, сөйтiп өзi бiраз ой топшылайды, көрген-бiлгендерiн айтып отырады. Қорқыт ата сегізінші ғасырда өмiр сүрген, аты аңызға айналған ақын, асқан күйшi, ойшыл адам болған. Қазақ музыкасының тарихында Қорқыт ата «Ән-күй өнерiнiң атасы» болып саналады. Қазақ аңыз әңгiмелерiнде Қорқыт атаның өлiмге қарсы арпалысы, өлмеске бiр шара iздеуi туралы айтылады. Осылайша қатты бiр толғанып жүрiп күй өнерiн табады. Қорқыт ата күй тартқанда бар тiршiлiк атаулы үн-түнсiз тынып қалады екен. Ол туралы аңыз әңгiмелер, эпостық жырлар ”Қорқыт ата кiтабы» атты шығармада жинақталған.



  • Қорқыттың дүниеге келуі ел есінде қалай қалды?

  • Ол дүниенiң бір шетінен екiншi бiр шетiне нелiктен сапар шеккен?

  • Қорқыт ата қай жерден жанына тыныштық тауыпты?

  • Қорқыт ата қайғы-мұңын қалай жеңiлдеткен еді?

  • Қорқыт атаны нелiктен «Қазақ ән-күйiнiң атасы» деп атайды?

  • Өзің Қорқыт ата туралы тағы не білесің?



Мес – сұйық тамақ құю үшін бітеу сойылған ешкі терісінен жасалған ыдыс.

5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Қорқыт атаның нақыл сөздерін оқып, мағынасын түсініп алыңдар.

  • Қыз ақылды ескермес, Ана үлгiсiн көрмесе.

Ұл жарылқап ас бермесе Ата үлгiсiн көрмесе.


  • Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.


  • Жердiң шүйгiн шөбiн киiк бiлер,

Жайылымның шалғынын құлан бiлер.


  • Әр жолдың сүрлеуiн түйе бiлер,

Жетi бұлақтың иiсiн түлкi бiлер,

Керуеннiң түнгi жүрiсiн торғай бiлер.

2-тапсырма : «Ардақты ат» сөзіне ребус құрастыру.
Қорытынды: Адам – ардақты ат. Жақсы ат – адамшылықтың жемісі. «Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын»,- деп айтқан Абай атамыз. Ұлы Абай атамыз адамды артық қылатын және қор қылатын нәрселерді айтып берген: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, одан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншек тік, үшіншісі – зұлымдық. Абай атамыздың даналық ақыл-кеңесін жете ұғынып, үнемі есте ұстап, жақсы адам болып өсуге, адам деген ардақты атқа лайықты болуға талпыну – әркімге міндет болып саналады.




6. Топпен өлең айту.





7. Үй тапсырмасы.

1. Мұзафар Әлімбаевтің «Атақты бабалар мен әжелер» өлеңін жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.








Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: АРДАҚТЫ АТ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурс

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, ояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Мұзафар Әлімбаев

Атақты бабалар мен әжелер, ағалар мен әпкелер

Асанқайғы – абыз дана, ақылгөй,

Нақылында нақышты сөз, тартымды ой.

Өзі ақын, өзі батыр – Ақтамберді,

Ұрпағы атасымен мақтанды енді.

Сардар батыр, ақылды хан Абылай,

Қадірлей біл, қалма атаңды танымай!

Ел басқарған, қол бастаған Кене хан,

Ерлігіне қараша таң, төре таң.

Исатай қалтыратқан хан Жәңгірді

Махамбет саңқылдатқан сарбаз жырды.

Ұлы Жамбыл ұстаз тұтқан Сүйінбай

– Жалғыз өзі дуылдаған жиындай.

Қолбасы, қарындасы хан Кененің

– Бопайдай батыр тәтем бар ма менің?

Әсем ән мен жырдан Құйылғандай Біржан.

Дина әжеміз үш жүз күй жатқа тартқан,

Жүз жасаған Жамбылды жалт қаратқан.

Қазақ әнін жайды Күләш әлемге,

«Гәккуімен» шаттық сыйлап бар елге.

Тоқтар аға – тұңғыш қазақ ғарышкер,

Сүйсінгенде жаудырды оған алғысты ел.






3. Дәйексөз.





4. Әңгімелеу.

Қайырымдылық (Ертегі)

Бұрынғы заманда Есіркеген деген қайырымды бала болыпты. Біреудің басына қиындық түссе, қайғы-мұңын бөлісуге әзір тұра ды екен. Есіркегеннің көршісі Хасен ақсақал бір күні қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Қарттың сырқаты бүкіл ауылды күйзелтеді. Бұл жағдай Есіркегеннің де қабырғасын қайыстырады. «Шіркін, шипасы тиетін бір ғажайып шөп табылар ма еді?!» деп армандапты ол. – Бос армандағанша, тауға шығып іздемейсің бе? – депті бір дауыс. Есіркеген дауыстың иесін іздеп, әрі-бері қарайды. Хасен ақсақалдың көк төбетінен басқа ештеңе көзіне түспейді. – Іздемей-ақ қой. Айтып жатқан мен, Көкжалмын ғой, - депті әлгі ит. – Егер шипалы шөп іздеп шыға қалсаң, серігің болайын. Ертеңіне бала мен Көкжал ойнаған болып, ауылдан ұзап шығып кетеді. Екеуі жүре-жүре, сарқырап таудан құлай ағып жатқан асау өзеннің жанына аялдапты. – Ал енді, қармағыңды суға сал, бұл өзенде ханбалық деген ғажайып балық бар, - дейді Көкжал. Есіркеген қармағын суға лақтырады. Қалтқыны бағып отырып, ағын екпінімен ағып келе жатқан бір мақұлыққа көзі түседі. – Көкжал, көкжал, - дейді жағалауды тұмсығымен сүзгілеп жүрген серігін шақырып. Көкжал суды шалпылдатып жетіп келеді де, тіке мақұлыққа ұмтылады. Асау ағынмен арпалысып жеткен бетте мақұлықты құлағынан тістеп, сыртқа алып шығады. – Мынау аюдың баласы ғой, - деп Есіркеген мақұлықты әрі-бері қарап таңда- нады. Қолтығына қолын сұқса, жып-жылы. Жүрегі де соғатын секілді. Суды көп жұтып, тұншығып қалса керек. – Қой, бұған мен көмектесейін,- деп Есіркеген оған малта, кепкен нан жегізеді. Есін жиған қонжық анасы шомыл дырып жатқанда, өзінің жазатайым суға кеткенін айтады. Осы кезде тағы бір қонжығын соңына ертіп, аюдың өзі де келіп жетеді. – Ей, сендер, қонжығым -ды бөліп жеп, бір тояйын деп отырсыңдар ма? - деп гүжілдейді де, келген бетте Есіркеген мен Көкжалға ұмтылады. – Жо-жоқ, апатай, тие көрмеңіз бұларға. Бұлар менің құтқарушылар ым, - деп қонжық ара түседі. Сөйтіп, мән-жайды бастан-аяқ анасына баяндап береді. Есіркегеннің бұйымтайын да жеткізеді. – Ей, айналайын-ай, қолымнан келсе, аянбас едім. Ондай шипалы шөп туралы естіген емеспін. Өзім күзде мына бір шөпті жеп алып, содан көктемде бірақ оянамын. Осы шөпті жеп, ұйқыға кеткен адамның жүрегі өте баяу соғады дейді. Сырқат адам ішіп ұйықта са, ауруы тез меңдеп кете қоймайды, өмірі ұзарады деп естігенім де бар. Бір қажеттеріңе жарар. Осыны алыңдар,- депті аю. Есірке ген аюға рақметін айтып, шөпті мұқият орап, дорбасына салады да, қоштасып, ары қарай жүріп кетеді. Небір тастардан өтіп, биік шыңды қиялай өскен қалың қарағайға жеткенде, Көкжал құлағын тігіп, қараңғы түпкірге қарай бастай жөнеледі. Жолындағы бұтақ тарды қолымен ысырып, Есіркеген де ұмтылады. Неғұрлым ағаш қалыңдаған сайын, пысылдап тыныс алған дауыс екеуіне де анық естіліпті. Жақындап келсе, мүйіздері айқасып, үйелеп жатқан екі бұғы көрінеді. – Ей, адамзат! Біз ашумен сүзісеміз деп жүріп, мүйіздеріміз айқасып қалды. Екеуден-екеу айқас қан бетімізбен аштан өлеміз бе деп едік, сендер келіп қалдыңдар үстімізге. Әбден титықтап біттік. Құр жанымыз ғана қалды. Әйтеуір, амалдап ажыра тып жібер бізді, - дейді бұғылардың бірі күңіреніп. Есірке ген қарағайдың бір бұтағын кесіп алып, тазартып, таяқты екі мүйіздің ортасына салып, сонымен ырғаған кезде мүйіздер оңай-ақ ажырап кетіпті. – Рақмет саған, адамзат! Жақсылығыңды немен өтесек екен?! Біздің мүйізіміз біраз күннен кейін түсіп қалады. Ал адамзат баласы оған әуес келуші еді. Сондықтан таяқпен ұр да, қағып ала ғой, - депті Кербұғы. – Мүйіздеріңнің керегі жоқ. Көрші атам тамағынан ас-су жүрмей ауырып жатыр. Егер маған жақсы лық істегілерің келсе, соған шипа болатын шөпті көрсетіңдер, - дейді Ескерген. – Бізде «алтын тамыр» деген шөп бар. Ол кісіге қуат береді, жасартады. Екі бұғы осыны айтып, таудың баурайын шарлап жүріп, үш түп «алтын тамыр» тауып береді. Сөйтіп Есірке ген ауылына келіп, Хасен қартқа арналып жасалған сорпаға «алтын тамырдан» аз-аздан қосып береді. Шайға да аю берген шөпті салып береді. Содан бастап қарттың беті бері қарап, біраз уақыттан кейін құлантаза айығып кетіпті. Қуаныштан ел-жұртын жиып, ұлан-асыр той жасапты. Жиналған кӛптің алдында ол Есіркегеннің қайырымдылығын аңыз етіп әңгімелеп берген екен.

  • Есіркеген Көкжал итімен бірге не себепті сапарға шықты?

  • Сапар кезінде Есіркеген қандай қайырымдылықтар жасады?

  • Есіркегенді қандай адам деуге болады? Неліктен?

  • Жан-жануарлар ризашылықтарын қалайша білдірді?

  • «Жақсы адам ісімен жақсы» деп айтудың мәні неде?

  • Өзің айналаңа қайырымдылық жасап жүрсің бе? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Адамгершілік қасиеттердің мәнін ұғып алыңдар. Өздерің қалаған адамгершілік қасиеттің біріне сипаттама жазыңдар.

Адалдық адамгершіліктің аса маңызды қасиеті. Ол шыншылдық, әділдік, беріктік, сенімділік сияқты қасиеттерді қамтиды. Адал адамның ниеті ақ, ойы таза болады. Ол ешкімге қиянат жасамайды, тек шындықты айтады, адал еңбек етеді.

Кішіпейілділік – кісілік белгісі. Кішіпейіл адам –барлық адамға құрметпен қарайды. Үлкендерді сыйлайды, кішілерге үлгі болады. Ондай адам өзінің парызына адал, жауапкершілігі жоғары, аса сыпайы келеді. Кішіпейілділік адамның қимыл-қозғалысынан, өзін-өзі ұстауынан, мінезқұлқынан, іс-әрекетінен аңғарылып тұрады. Сондықтан да халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік», - деп дұрыс айтқан.

Ақкөңілділік – адамның ең бір жақсы қасиеті. Ақкөңіл адамның жүзі жайдары, көңілі ашық болады. Ондай адамдардың жақсылыққа жаны құмар, сезімтал, елгезек келеді. Оларға мейірімділік, қайырымдылық тән. Ешкімді жатырқамайды, басқаларға көмекке әзір тұрады. «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас», - деп халық бекер айтпаған.
6-тапсырма: Өздерің тұратын ауылда (қалада, өңірде) жақсы ісімен ардақты атқа ие болған адамдар туралы мәліметтер жинап, ортаға салып айтып беріңдер.

Қорытынды: Адамның ардақты аты мол байлықтан артық. Адамның нағыз адам болудан басқа мақсаты болуы мүмкін емес. Адам жақсылықты арман етсе, бәрі де жақсы болады. Адамның ардақты атқа сай болуы өзін-өзі тәрбиелеуімен, шындық жолымен жүруімен, рухани біліммен сусындауымен, талмай ізденуімен келетін қажырлы еңбек. «Ғалымның хаты қалар, жақсының аты қалар», деп халық бекер айтпаған. Адам деген асқақ атқа лайықты болу үшін адалдық, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерін іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Жақсы атқа ие болу және оны сақтап қалу – адамның өз қолында.



6. Топпен өлең айту. ӨБайбота Қошым-Ноғай

Ақын боп кеткім келеді Әні: Әсет Бейсеуов

Қалаға қыста атам кеп, Ғажап қой сырлы сөйлеген

Айтады бізге ертегі. Қазақтың қара өлеңі.

Біржан сал, Абай, Махамбет Атамды тыңдап кейде мен,

Жайлы да сырлар шертеді. Ақын боп кеткім келеді!..





7. Үй тапсырмасы.

1-тест: Үйде тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Әпкең терезені жуып, ағаң кілем қағып жүр. Сенің әрекетің қандай?

А) Үй тазарту үлкендердің ісі деп санағандықтан, бұл іске көңіл бөлмеймін. Ә) Үй тазартуға қатыспаймын.

Б) Ешкім айтпаса да, үй тазартуға бірден кірісемін.

2-тест: Демалыс күндері ата-әжемізге барып, сәлем беру отбасымыздың дәстүріне айналған. Отбасы мүшелері таңертеңнен жинала бастады. Сенің әрекетің қандай?

А) Достарыммен футбол ойнауды артық деп санағандықтан, сылтау іздеймін. Ә) Мен де отбасылық дәстүрді сақтап, атам мен әжеме сәлем беруге барамын. Б) Мен бармаймын.



3-тест : Сыныптастарым бірлесіп мектеп ішінде «Жасыл алаң» бұрышын жасауды ұйғарды. Сенің әрекетің қандай?

А) Мен бұл шараға қатыспаймын.

Ә) «Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші», шараға міндетті түрде қатысамын. Б) Өз басыма ғана пайдалы іс жасауды ойлағандықтан, шараға қатыспаудың амалын іздеймін.

4-тест: Мұғалім мектеп оқушыларымен бірге «Тамаша адамдар өмірі» атты кездесуге баратынымызды хабарлады. Сенің әрекетің қандай?

А) Мен кездесуге бармаудың жолын қарастырамын.

Ә) Мен кездесуге міндетті түрде барамын.

Б) Мен бұл кездесуге мүлдем бармаймын.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет