Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет4/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 9 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІКТІ ҮЙРЕНЕМІЗ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.






3. Дәйексөз.

Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер.

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу. Сапарғали Бегалин

Шоқан асулары (повестен үзінді)

Бір күні Шоқан Айғаным әжесінің үйіне келді. Еркелене келіп, әжесіне бетінен иіскетіп: – Әже, мен сізге бүгін бір қисса алып келдім, өзіңе оқып беремін, - деп, Шоқан Әубәкір молдадан әдейі сұрап әкелген «Боз жігіт» қиссасын оқып берді. Айғанымның Шоқан оқуынан бірінші тыңдаған қисса сы осы еді. Салмақпен асықпай, байыпты оқып, әрбір бөлімдерін орнымен баяндап бергеніне сыншыл да есті әже соншалық разы болып батасын берді. – Шоқанжан, бұл қиссаны мен бұрын естімеген едім. Сондай қызық екен. Біздің қазақ ақындары айтатын жырлар бұдан да қызықты,- деп Айғаным өзі әдеттегі әңгімешіл шебер тілмен Шоқанға «Ер Тарғын» жырын әңгімелеп берді. Әже әңгімесінің ұзын өзегіндегі Шоқанға ең ұнағаны, Ақжүністің жалғыз атты Тарғынды сүйіп, соған еріп елінен қашқаны. Артынан қуып келе жатқан Қарт Қожаққа қыздың тапқыр сөз айтып тоқтатқаны болды. – Әже бұл әңгімені маған бұрын неге айтпадыңыз? – деп Шоқан шұғылынан сұрап қалды. – Мен бұл жырды саған ұғынуға ертерек қой деп жүр едім. Бүгін мына «Боз жігіт» қиссасын оқып бергеннен кейін, мұндай үлкен жырды ұғатын болғаныңды біліп отырмын. Тағы да ұзақ әңгімелерім бар. Кейін айтам, – деп Айғаным оның бетінен сүйді. Шоқанның әрбір жаңа кітапты оқыған сайын оқу құмарлығы өрши берді.



  • Ата-әженің мейірімі дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Айғаным әжесі мен Шоқанның арасындағы жылылық қалайша байқалады?

  • Шоқанның үлкен жырды түсіне алатынын Айғаным әжесі қайдан білді?

  • Отбасында өзара түсінісу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

  • Өзің отбасында түсіністікке қалай қол жеткізіп жүрсің?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Отбасында үлкендер сені қандай іскерлікке үйретті? Есіңе түсіріп, айтып бер.

Сабақ Мұрат Көккөзов

Әсет мектепке дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Мектепке алғаш барған күні сырт киімінің бір түймесі үзіліп, әжесінен қадап беруді өтінді. Әжесі Әсетті ине-жіп әкелуге жұмсады. Көзінің нашар көретінін айтып, инені сабақтатты. Содан соң Әсетке түйменің орнын тапқызып, өзі көрсетіп отырып, орнына қадатты. Әсет әжесіне қадалған түйме үшін рақмет айтып еді, әжесі Әсетке айтқанын бұлжытпай орындағаны үшін алғыс айтты.



2-тапсырма: Диалогты жалғастырып айтыңдар.

Әжесі мен немересі

Немересі, Айару әжесін еркелей құшақтап:

– Әже, жұмбақ жасырып ойнайықшы, – деді. Әжесі: – ...

Атасы мен немересі

Немересі Ерсұлтан атасының қолынан ұстап:

– Ата, батырлар жырын айтып беріңізші, - деді. Атасы: – ...

Әкесі мен ұлы

Әкесі мен ұлы Темірлан үстел теннисін ойнамақшы болды. Әкесі: – Ұлым, үстел теннисі ептілікке, қырағылыққа үйретеді, – деді. Ұлы Темірлан: – ...



Анасы мен қызы

Анасы қызы Нұрайымға майда моншақтан әшекей жасауды үйретіп жатыр. Анасы: – Қызым, әшекей жасай білу – өнер, ол шеберлікті, талғамды қажет етеді, -деді. Қызы Нұрайым: – ...



Ағасы мен інісі

Ағасы Бейбарыс пен інісі Жанарыс екеуі футбол ойынын кӛрмекші болып келісті. Ағасы Бейбарыс: – Жанарыс, сен футбол ойнаудың қандай пайдасы барын білесің бе? – деп сұрады. Інісі Жанарыс: – ...



Ағасы мен қарындасы

Ағасы қарындасы Айзереге компьютермен жұмыс істеуді үйретіп жатып: – Айзере, компьютерде жұмыс істеудің ережесін сақтау денсаулық үшін қажет,- деді. Қарындасы Айзере: – ...



Әпкесі мен інісі

Аружан інісі Айсұлтанға құрастырғыш бөлшектерінен ойыншық жинауды үйретіп отырып: – Ұқыпты бол, ойлан, қиялдай біл,- деді. Інісі Айсұлтан: –...



3-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Сенің ата-әжеңмен, әке-анаңмен бірге жағымды істер атқарып, көңіл көтерген сәттерің болды ма? Айтып бер.

Сейтқұл Оспанов

Әке, ән айтайықшы! Күздің қоңыр күндерінің бірі еді. Аспан тұмшалап тастағандай қара бұлт. Сіркіреп салқын жаңбыр жауып тұр. Мен диванда әлдебір кітапты парақтап отырғам, жаныма Айжан келді де: – Әке, ән айтайықшы... - деді. – Жәй ма?- дедім мен таңданып. – Жәй... Біртүрлі көңілсіз... – Жарайды. Менің де кейде мұңданып, домбыраны қолыма алып ыңылдап ән айтатын әдетім бар еді. Айжан қазақ әндері кітабының бетін аша бастады.«Шилі өзенді» сызылттық. Сосын«Еркем-айға» көштік- ... Көңіліміз қалаған әнді бірінен соң бірін айттық. Қайсыбір сағынышты әндерде екеуіміз де көзімізді сулап алдық... Демде бір-екі сағаттай уақыт өтіпті. Ән кітабын да тәтті жегендей ортасынан аудардық... Біртүрлі бойымыз сергіп қалғандай. – Ән деген жақсы екен ғой... - деді Айжан жүзі балбұл жанып. – Екеуіміз ән айтып отырғанда, далада күннің көзі де ашылыпты. Ән айтсаң, жаның ғана емес, табиғат та жадырап кетеді екен ғой. Айжан осыны түсінгендей болды.



Қорытынды: Адамға ең жақын, ең ыстық – отбасы. Отбасын тәлімтәр- бие мектебі деп атайды. Себебі адам тәрбие үлгісін алғаш рет отбасынан алады. Отбасындағы үлкендер әрдайым сүйіспеншілікпен, шыдамдылықпен ӛмірге қажетті дүниелерді үйретуден еш жалықпайды. Атаң мен әжеңнің, әкең мен анаңның айтқан ақылкеңестеріне ықылас қойып, мұқият тыңдап, зердеңе тоқып, оны қолдана білу өзіңе пайдалы. Отбасындағы үлкен-кішінің өзара түсіністігі, сыйластығы аса маңызды.



6. Топпен өлең айту.




7. Үй тапсырмасы.

1. «Менің отбасым» эссе жазу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 10 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІКТІ ҮЙРЕНЕМІЗ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің отбасым» эссе жазу.




3. Дәйексөз.






4. Әңгімелеу. Мәдіхат Төрежанов

Құттықтау

Үш бөлмелі үйде екі бала оңаша қалған. Үлкені – алты жасар Орынгүл, кішісі Медетбек – төрт жаста. Орынгүл сурет дәптер іне шұқшиып, бірдеңе сызып отыр. Медетбек ғарышкер болып ойнап жүр. Теледидардан көргенін істейді. Кабинаға (шифоньер дің ішіне) кіреді. «Рация» арқылы жермен сөйлеседі. – Орынгүл, мен ғарышкермін. Қарашы, ұқсаймын ба? - дейді тәтесінің жанына келіп. – Орынгүл басын тұқыртып, інісінің сөзіне көңіл бөлмеді. – Медетбек тәтесіне өзінің қуанышын сездіріп, мақса -тын ұқтыру үшін столға келді. – Орынгүл, інің ғарышкер атағын алды. Неге құттықтамайсың?! - деп, қуана хабарлады. Орынгүл бұл жолы да көңіл бөле қоймады. Суретін салып отыра берді. Ғарыштан ұшып келгенде елемеген, құттықтамаған тәтесіне ыза болды. Бұрымынан ұстап, тартып қалды. Орынгүл орындығымен қоса құлады. Ұшып тұрып, ештеңе болмағандай, суретін сызуға кірісті. Суретті салып болған соң: – Медетбек, сен менің бұрым ымды неге жұлқыладың, жазығым не? - деп сұрады. – Жазығың сол, – деді Медетбек өкпелегендей, – ғарыштан келгенде құттық тап, мені қарсы алмадың. – Мен сенің ғарышта ұшып жүрген суретіңді бітіре алмай, әуреге түстім ғой. Жаңа ғана аяқтадым. Міне, мынаған қарашы... - деп, суретін Медетбектің қолына ұстатты. – Медетбек суретке қарап тұрып: – Айнытпай қалай салдың? Әкем мен анама көрсетемін. Мені ғарышкер күйімде таныр ма екен! - деп қуанды. – Әрине, таниды. Ержүректілерді ел-жұрт түгел таниды... – Ғарышкердің суретін салғаның үшін алғыс айтам! - деп, Медетбек тәтесінің қолын қысты. – Ғарышкер болып, ғарышқа ұшып келуіңмен құттықтаймын! - деп, Орынгүл інісін құшақтай алды.



  • Орынгүл мен інісі Медетбек үйде немен айналысты?

  • Медетбек тәтесіне не себепті реніш білдірді?

  • Орынгүлдің інісіне кӛңіл аудармауының себебі неде еді?

  • Әпкесі мен інісінің тіл табысқанын неден байқауға болады?

  • Отбасында өзара түсіністік болу үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

  • Өзіңнің бауырларыңмен қарым-қатынасың қандай? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Отбасы мүшелеріне қатысты өзіңнің туыстық байланысыңды және қарым-қатынасыңды жаз.

Мысалы: Мен атама немеремін. Сондықтан атамның ақылын көкейіме түйіп жүремін.

Мен әжеме ... . Сондықтан ... .

Мен әкеме ... . Сондықтан ... .

Мен анама ... . Сондықтан ... .

Мен ағама ... . Сондықтан ... .

Мен әпкеме ... . Сондықтан ... .

Мен ініме ... . Сондықтан ... .

Мен қарындасыма ... . Сондықтан ... .

Мен сіңліме ... . Сондықтан ... .

5-тапсырма: Отбасы мүшелерінің арасында өзара түсіністік болуы үшін не қажет екенін ойланыңдар. Кластер құрастырыңдар.

6-тапсырма: «Татулық» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.



Досым, досым ,

Өмірімнің айнасы,

Тиеді әрқашанда пайдасы,

Қатемді менің кешіресің әрдайым,

Ізгілікпен сағынамын өзіңді.
Қорытынды: Отбасы – береке-бірліктің, татулықтың, жарастықтың ұясы. Отбасы мүшелері қашанда бір-біріне ақылшы, қамқоршы, қолдаушы, тілекші бола білуі керек. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек отбасы мүшелерінің адамгершілік жағынан өсіп, дамуына ықпал етеді. Ата-анасын сыйлап, құрметтеген, үлкендердің алдында әдептілік сақтаған, кішілерге қамқор бола білген бала бақытты болады. Отбасында сенімділік, ұстамдылық, әдептілік, сыпайылық, сыйластық сияқты жақсы қасиеттерді көрсете білу – мінезіңді жақсартып, жақсылыққа жол бастайды.



6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Мейірхан Қуанышбаев

Сен бақытты ұлансың Әні: Ибрагим Нүсіпбаев

Анаң – күнің, жүрегің, Ағаң – биік асқарың,

Әкең – өмір тірегің. Інің – мөлдір аспаның.

Сен – бақытты ұлансың, Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын. Бәрі саған қуансын.

Әжең – асыл ардағың, Қарындасың – қанатың,

Атаң – дана қорғаның. Ел-Отаның – жаннатың.

Сен – бақытты ұлансың, Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын. Бәрі саған қуансын.





7. Үй тапсырмасы.

1. Отбасылық дәстүрлер туралы постер дайындап келу (суреттеп салу, бейнелеу)






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 11 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ ДӘСТҮРЛЕРІ

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Суретпен бейнеленген Отбасылық дәстүрлерін қорғау.






3. Дәйексөз.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Нақыл сөз



  • Дәйексөздің мағынасын түсіндіру.




4. Әңгімелеу.

Әке тәрбиесі Бауыржан Момышұлы

Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» – деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалам-алейкум, аталар!» деп әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «Әлейкүм ас-салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сөйтеді» - дейтін. Міне, әке тәрбиесі осы.



  • Әкесі кішкентай Бауыржанды қандай әдептілікке үйретті?

  • Сәлем беру дәстүрі туралы не білесіңдер?

  • Өз отбасыларыңда қонақ келгенде қандай дәстүрді сақтайсыңдар?

  • Өз отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер сақталған?

  • Саған қандай отбасылық дәстүр ұнайды? Неліктен?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Отбасылық дәстүр түрлерімен танысыңдар. Олардың бірін таңдап, өз отбасыларыңда қолданып көріңдер. Оның қалай өткенін әңгімелеп беріңдер.

Отбасылық дәстүр түрлері



Отбасында дастарқан жаю, бас қосу;

Отбасымен ақыл-кеңес құру;

Отбасымен ата-бабаларды еске алу;

Отбасымен ата-әжелерден бата алу;

Отбасымен бірге серуендеу;

Отбасымен табиғатқа шығу;

Отбасымен саяхаттау;

Отбасымен тарихи, мәдени орындарды аралау;

Отбасылық шежіре дайындау;

Отбасылық фотоальбом безендіру;

Отбасылық кітапхана жабдықтау;

Отбасы мүшелерінің туған күнін, мерейтойын өткізу;

Отбасымен бірге кітап оқу, ертегі айту, ойын ойнау;

Отбасымен бірге үй-ішін, ауланы, бау-бақшаны, табиғат аясын тазалау.

2-тапсырма : Отбасылық дәстүрлерді сақтаудың адам үшін пайдасы қандай екенін жалғастырып жазыңдар.

Бірлік ,Татулық , Ынтымақ, Көңіл көтерілу, Кішіпейілділік, .....
Қорытынды: Отбасылық дәстүрлерді әрбір отбасы өздері құрайды. Отбасылық дәстүрлер отбасы мүшелерін бір-біріне жақындастырады, сүйіспеншіліктерін арттырады. Отбасылық дәстүрлерді жалғастыру ұрпақтан-ұрпаққа аманат болады. Отбасылық дәстүрлерді құрметтеу отбасы мүшелеріне парыз болып саналады. Оны ұқыптылықпен, мұқият қарау – үлкен жауапкершілік. Отбасылық дәстүрді сақтау бірлікке, ынтымаққа, татулыққа жеткізеді.




6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Фариза Оңғарсынова

Туған күн Әні: Ибрагим Нүсіпбаев

Ойнаған, бірге жүгірген,

Досым-ай, саған бүгін мен

Құттықтай келдім,

Құттықтай келдім,

Сені туған күніңмен!

Биіктей берсін талабың,

Қуанышы бол анаңның!

Сен туған күні,

Сен туған күні

Шаттанып ән саламын





7. Үй тапсырмасы.

1. Отбасының бір мүшесіне хат жазып келеміз.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет