Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет5/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ ДӘСТҮРЛЕРІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Отбасы мүшесіне жазып келген хаттарын оқиды.






3. Дәйексөз.





4. Әңгімелеу. Роза Әбілқадырова

Туған күн

Бекболат анасының туған күніне не сыйларын білмей, кәдімгідей-ақ қиналып жүрді. Анасы не нәрсені ұнатушы еді? Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан сияқты. Бірде анасы Бекболаттың жейдесіндегі үзілген түймені көріп: «Мына түймең ді қадап алу қолыңнан келмей ме? Бір өзім қай жағына жетемін. Осындай ұсақ-түйекпен жүйкемді жұқартпа- саң да болады ғой», - деп ренжіген. Бекболат: «Түйме қадайтын қыз емеспін ғой», - деп қалған. «Дастарқан дәмі мынау қыздардың, мынау ұлдардың тағамы деп бөлінбейді ғой. Үй шаруашылығына келгенде неге даралана қаласың?» . Мұны айтқанда анасының дауысы діріл деп, кемсеңдегендей болды. Бекболат сонда анасын қатты аяған еді. Содан бері үйде аналары жоқта қолына ине-жіп алып, майда -шүйде тігуді үйреніп жүрген. Бекболаттың есіне осы жай түсті де, бір кішкене ақ матаға бесалты қара түймені екі жол етіп қадап қойды. Бекболат анасының туған күніне өз саусағынан шыққан өнерін ұсынған. Анасы Бекболат ойлағандай емес, сыйлыққа керемет риза болды: «Міне, мұнан артық сыйлықты ойлап табыңдаршы! Ананың айтқан ақылы далаға кетпей, баласы ның санасына жеткеннен артық не бар?! Бірақ балам ине-жіпке сақ болғайсың, оны бірден ырқыңа көндіріп алу оңай емес. Асып-сасып кез келген жерге тастап кетіп жүрме». Анасының туған күніне жиналған қонақтар да сыйлықты жер-көкке сыйғыз бай мақтады. Дастарқан басындағы күлкі мен шаттыққа толы отырысты көрген Бекболатқа тағы бір ой түсті. Қонақтар тарқа- ған соң, анасының қасына келді: – Ана, осы Бикен әжейдің туған күні бар ма? – Әрине, әр адам- ның туған күні болады. – Ендеше ол кісі неге туған күнін тойламайды? – Бұл кейінірек келген дәстүр, ол кісілердің тұсында жоқ еді, сонан соң ескерілмейді-дағы... Ертеңіне Бекболат Бикен әжейдің үйіне барды. Әжей әдеттегідей: «Ә, Бекентай, келіп қалдың ба? Төрлет. Қазір екеу міз әңгімелесіп отырып, шай ішейік»,-деп, қуана қарсы алды. Бекболат әжейдің үйіне жиі баратын. Ауыл балаларының ішінде әжейге көбіне-көп қол ұшын беріп, көмек көрсететін де Бекбол- ат. Әжейдің әңгімесінен бұрын өз сауалын айтты. – Әже, сіздің туған күніңіз қашан? – Бикен әжей қарқылдап күліп алды да:

– Ол жағын қайдан білейін, қарағым? Дүниеге сендердің жазу сызуларыңнан бұрын келдік қой, - деді.

– Әже, онда сіздің туған күніңіз сегізінші наурыз болсын, - деді Бекболат. – Ол жағын өзің біл, қарағым. Әжеңнің туған күнінің билігі сенің қолыңда. Кел, шай ішейік, - деді Бикен әжей, Бекболаттың сөзіне мән бермей. Өйткені бұл аңқылдақ баланың аңғал мінездерінің бірі деп қараған. Сегізінші наурыз күні кешкісін Бекболат, әкесі, анасы және Бекболаттың достары Серік, Алмажан, Айгүл, Болат сыйлықтарын құшақтап, әжейдің үйіне сау ете қалды. Бикен әжей қамзолының өңірін сипалай берді. Келгендерге көзін сығырайта ұзақ қарады да: – Әй, Бекентай-ай, сен болмағанда осындай бақытты күнді көрер ме едім! - деп, еріні кемсеңдеп көзіне жас алды. Сол күннен бастап Бикен әжейдің туған күні сегізінші наурыз деп есептелетін болды.



  • Бекболаттың анасын қуантуына не әсер етті?

  • Бекболат анасына қандай ұсыныс жасады?

  • Бекболат Бикен әжейге қандай қуаныш сыйлады?

  • Бекболаттың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

  • Туған күнді тойлау дәстүрінің қандай артықшылығы бар?

  • Өзің туған күніңді қалай тойлайсың? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Отбасында туған күн мерекесін өткізудің жоспарын құрып жазыңдар.

5-тапсырма: «Туған күн» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.



Анашым, Анашым!

Аяулым ардақтым,

Күмістей сыңғырлап күлкіңіз,

Қуанышқа бөледі отбасын,

Туған күн кешінде, кешінде!

6-тапсырма: Суреттерге қараңдар. Олардың ішінен өзіңнің туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді? Ал отбасы мүшелерінің туған күніне не сыйлар едің? Атап айт.

Қорытынды: Әр адамға туған күні ең жарқын, қуанышты күн. Туған күнімізді жыл сайын асыға күтетініміз рас. Өйткені осы күні туған күн иесіне жақсы тілектер, жылы сөздер көп айтылады. Түрлі сыйлықтар алып, көңілің көтеріледі. Ата-әжеміз «Жасың ұзақ болсын!», «Бақытты бол!» деп бата береді. «Үздік оқы, әдепті бол!» деп айтады үлкендер. Ең бастысы, бір жасқа есейесің. Отбасы мүшелері сенен үлкен үміт күтеді. Жауапкершілігің арта түседі. Сондықтан да жақсы адам болып өсу – парызың.




6. Топпен өлең айту.





7. Үй тапсырмасы.

1.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 13 сабақ



Сабақтың тақырыбы: МЕНІҢ ҰЖЫМЫМ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор д

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.





3. Дәйексөз.

Татулық – табылмас бақыт. Нақыл сөз

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу. Сапарғали Бегалин

Қорқақ

Сыныптың Шоқан бастаған балалары өз бөлмелерінде дуылдасып, әңгіме-дүкен құрып отырған. Кенет тәртіпкер офицер кіріп келді. Бұл өзі мазасыз, жөн-жосықсыз шырылдап ұрса беретін адам еді. Балалар тымтырыс тына қалды. Төсек-орын ұқыпты жиналған, еденде сынық шөп жоқ, айнала мұнтаз дай тап-таза. Офицер балалар жататын бөлмеден ешбір мін таба алмай, шығып кетті. Кенет Анатолий деген бала офицердің соңынан жүгіріп барды да, жабулы тұрған есікті жұдырықпен қойып-қойып жібер- ді. Сонан соң қайта жүгіріп келіп, орнына отыра бергенде, есік ашылды да, офицер кірді. – Есікті ұрған қайсың? Қане, тез айтыңдар! Балалар тым-тырыс, тіс жармады, еш нәрсе айтпады. Ешкім мойындамады. Ашуға булығып, түтіккен офицер корпус бастығы ЖданПушкинге рапорт жазды. Сыныпты жазалауын өтінді. Келесі күні Ждан Пушкиннің өзі келіп, бала- лардың бәрінен тәртіпсіздік істеген кім деп сұрады. Ешкім ләм демеді. Содан корпус бастығы бұл сынып балаларын түгел жазалады. Жексенбі күндері бір де бір бала үйіне бармасы н деген бұйрық шығарды. Осы қысым қыс ортасына дейін созылды. Бірде Ждан-Пушкин Шоқанды шақыртты да, әдеп сіздік жасаған баланы айтып бер деп қайта сұрады. – Оны істеген мен емеспін. Ал тентектікті жасаған кісінің өзі айтсын, – деді Шоқан. – Батылы барса, өзі айтып, жолдастарын мына жазадан құтқарсын, біз қорқаққа куә бола алмаймыз! Жатаққа келген соң, Шоқан балалармен бірге әлгі Анатолийді ортаға алды. – Қорқарың бар, қораға кірме» деген біздің қазақта мақал бар. Анатолий, сен жұдырығыңды офицердің сыртынан түйгенше, батыр болсаң, айтарыңды неге кӛзіне айтпадың? Ал қорқарың бар, қолыңа ие болуың керек еді. Қорыққаныңнан өз кінәңді де мойындамадың... Қорқақ! Қысқы демалысқа тарағанда балалардың ешқайсысы Анатолий ді шығарып салмады. Жалғыз кетті үйіне. Сол бетімен ол корпуста «Қорқақ» деген аттан қашып, мүлде сабаққа келмей қойды.



  • Офицер неліктен ашуланды?

  • Барлық бала неліктен жазаланды?

  • Шоқан қандай батылдық жасады?

  • Өз кінәңді басқаларға арту дұрыс па? Неліктен?

  • Қандай адам достарын ұятқа қалдармайды деп ойлайсыңдар?

  • Өзіңді достарыңның ортасында қалай ұстайсың? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мәтінді оқып, «Ұжым» деген ұғымның мәнін түсініп алыңдар. Сұраққа жауап беру:

  • Өздеріңді ұжым деп санайсыңдар ма? Неліктен?

Ұжым деген не? Мырзабай Жұмаев

Сабақ үстінде бір оқушы мұғалімнен: – Ұжым деген не? - деп сұрады. – Сабақтан кейін айтып берейін, - деді мұғалім. Сабақтан соң сыныптың барлық оқушысы мектеп ауласын тазалауға шықтық. Оқушылар жұмысты тиянақты орындады: ағаш отырғызды, арықты аршыды, айналаны айнадай ғып тазалап қойды. – Біз жақсы жұмыс істедік! - деді мұғалім. – Бір адам мұнымен ертеден кешке дейін әуре болар еді. Біз осынша ма шаруаны 30 минутта тындырдық. Ұжымшылдық деген – міне, осы! – Біз ұжымбыз ба? – деп сұрады манағы оқушы. – Ия, мектептің барлық оқушысы – ұжым. Зауытта жұмысшылар ұжымы еңбек етеді. Бірлесіп жұмыс істеген адамдарды «Ұжым» дейді.



2-тапсырма: Ұжымшылдық туралы нақыл сөздерді оқып, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

  • Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл. Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле.

Ахмед Иүгінеки

  • Бірлесе, ынтымақтаса, бір-біріміздің қате-кемшіліктерімізді жолдастық ниетпен шешуге тиістіміз. Мәлік Ғабдуллин

  • Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы. Авраам Линкольн



3-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Өздерің ұжым болып, бірлесе шешім қабылдаған, жақсылық істеген іс-әркеттеріңді естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Әшірбек Амангелдиев

Дәріден де күшті

Нағима апай бүгін ыстығы көтеріліп, ауырып тұрса да, мектепке келді. Дәрігер шақыртқан жоқ. Балалардың бір күні зая кетеді ғой. Ол оқушылардың үй жұмысын тексерді. Содан соң жаңа тапсырма берді де, басын сүйеп, төмен қарап, үнсіз отырды. Оқушылар мұғалімнің ауырып отырғанын сезді. Тапсырманы орындауға үнсіз кірісті. Апай басын көтерген кезде, алдында тұрған алманы көрді. – Мүмкін, алма мен кәмпит жесеңіз, жазылып кетерсіз, - деді балалар. Мұғалім елжіреп кетті. – Сендерге рақмет, балалар! Алма мен кәмпит емес, сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем. Сол күні сабақ соңына дейін болды. Апай да, балалар да үйлеріне көңілді қайтты.



Қорытынды: Адамға ұжыммен бірге болу қызықты, әрі пайдалы. Көпшіліктің ішінде болу, араласу, ортақ іске жұмылу адамға жақсы көңіл күй сыйлайды, үлгі-өнеге береді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Көпшілікпен бірлесіп ақылдасу, шешім қабылдау оңай әрі ұтымды болады. Бірлесіп шешім қабылдау үшін, іс тындыру үшін, күшті ұйымшылдық керек. Саналы тәртіп болуы тиіс. Сонда бірлікке қол жеткізіп, табысқа кенелесіңдер. Сенімдерің арта түседі.



6. Топпен өлең айту.





7. Үй тапсырмасы.

1..





8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №14 сабақ



Сабақтың тақырыбы: МЕНІҢ ҰЖЫМЫМ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Ұжым болып тындыратын істердің жоспарын құрып, жазып, қорғау.




3. Дәйексөз.





4. Әңгімелеу Шәкен Күмісбаев

Сынақ

«Дос адал болу керек. Адал дос ешқашан жауға тастамайды» дейді атам. Нұр мен Еңбекханды асыға күткенде, осы сөз есіме түсті. Көп ұзамай Нұрдың қарасы көрінді. Қолында – добы. Бүгін футбол ойнайтын едік. – Еңбекхан қайда? – Біраздан соң келеді. – Сол-ақ кешігіп жүреді екен. – Әкесі ағаш жарғызып жатыр. – Күнде соны істеп жүргендей, - деп ем, Нұр қалшиған күйі қадалып қалыпты. – Күте тұрайық, келеді. – Мен білсем, ол өзінің орталық шабуылшы болғанына масаттанады. Басқа ешкім шабуыл- дай алмайтындай, - дедім. Нұр шыдамады білем, ерсілі-қарсылы жүріп кетті. – Сен қателесіп тұрсың, - деді ол. – Еңбекхан ондай емес. Ол еңбекқор. Киімін өзі өтек тейді, түймесін де өзі қадайды. Шыдай алмай күліп жібердім. Нұр аң-таң. Сөйтіп тұрғанда, қақпасынан Еңбекхан шықты. – Жасырын, - дедім Нұрға. Менің ойымды түсіне қойған Нұр есіктің қалқасына тұра қалды. – Біз жеңетін шығармыз, - деді, анадайдан Еңбекхан ойын айтып. Қабағымды түйе қойдым. – Нұр келмей жатыр. – Әлгінде осылай қарай кеткен, - деді Еңбекхан. – Ым, енді түсінікті. Ол Еңбекхан шабуылшы болып ойнаса, мен ойнамаймын деген. Сонан соң үйіне кеткен шығар. Еңбекхан қызарақтаған жоқ. – Ол ӛйтпейді, мүмкін емес. Шабуылға шыққанды ұнатса, мен-ақ қорғаушы болайын. Бірақ ол қорғаныста жақсы ойнайды. – Тіпті де жақсы ойнамайды, тым кесір... – Әй, сен өзің дұрыс ойнай алмайсың! – деп маған дүрсе қоя берді, шыдай алмаған Еңбекхан. – Екеуің ылғи келіспей қалушы ең, несіне жақтай қалдың? - дедім. – Ойын үстінде қызбалық бола береді. Біз әрқашан доспыз, - деді Еңбекхан. Нұр есіктің қалқасынан шыға келді. Үшеуміз құшақтаса кеттік.



  • Доп ойнау үшін достар бір-бірін асыға күту себебі неде?

  • Нұр мен Еңбекханның доп ойнауда қандай шеберліктері бар?

  • Олардың бірін-бірі қорғаштап сөйлеуі дұрыс па? Неліктен?

  • Бірлесіп ойын ойнаудың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

  • Өзің достарыңмен ойнағанда қандай ережені сақтайсың? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Ойын-тапсырманы орындаңдар. Сыныптастарыңа тән жақсы қасиеттерді жазыңдар. Ақ қағазға алақаныңның суретін сал. Оған парталасыңның бойындағы бес жақсы қасиетті жаз. Ал парталасың сенің бойыңдағы бес жақсы қасиетті жазады. Сыныптағы барлық бала осы тапсырманы орындасын. Содан соң барлық балалардың жазғандарын жинап, ондағы ең көп аталған қасиеттерді іріктеп алыңдар. Осылайша сынып оқушыларына тән жақсы қасиеттерді білетін боласыңдар.

5-тапсырма: Нақыл сөзге сүйене отырып, әр істің дұрыс, өнімді, пайдалы болуы үшін тағы нелер керек деп ойлайсыңдар? Жазып беріңдер.

  • Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек.

Мұқтар Әуезов

Қорытынды: Ұжыммен бірге болу – бақыт. Адам ұжымда өзін еркін сезінеді, өзін қолдайтын, сенім білдіретін, жігерлендіретін адамдардың бар екенін түсінеді. Ұжыммен бірлесіп іс-әрекет жасау, өзара түсіністік таныту, бір-біріңді сыйлай білу маңызды.



6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Серікбай Оспанұлы

Әрқашан дайынбыз Әні: Әшірхан Телғозиев

Сенеміз еңбектің күшіне, Туған жер өзіңді қолдауға,

Қайда да алда боп дәйім біз. Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Үлкенге, құрбыға, кішіге, Құрыштай ініміз, ағамыз

Көмекке әрқашан дайынбыз! Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз.

Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға, Аяулы, ардақты анамыз,

Тек жақсы оқимыз дәйім біз, Ісіңе әрқашан дайынбыз!





7. Үй тапсырмасы.

1. Өздері тұратын ауылда (қалада, өңірде) жақсы адамның атымен байланысты жер, су, тау туралы біліп, жазып келу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет