Сабақтың тақырыбы: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер. 106 108 жаттығу


V. Оқулықпен жұмыс: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі395,84 Kb.
#5526
түріСабақ
1   2   3
V. Оқулықпен жұмыс: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер.

106 – 108 – жаттығу.

VI. Дәптермен жұмыс: Күннің жадың жазып, көркем жазу жазып алайық.
Наурыздың он бірі
Ққ Ққ Ққ

Құлагер Құлагер

106 – жаттығу. Диктант түрінде жазғызу. 1. Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Құлагер – жүйрік ат. Ол маған үйір. Мен оған күнде қант беремін.

2. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?


  • ЕРЕЖЕ: Үй жануарларына қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады: Таймас, Құлагер, Ұшар, Тайбурыл.

107 – жаттығу. Көркем жазу. 1. Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Талап – саятшы. Оның Еркекүрең деген аты бар. Ол аңға тазыларын ертіп шығады. Әсіресе Алғыр деген тазысы аңнан олжасыз қайтпайды.

2. Жануарлардың аттарының астын сызыңдар.

3. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?



108 – жаттығу. Үй жұмысы. Ауызша талдау. 1. Сөздерді оқыңдар.

Месторы, Ақтөс, Сырттан, Маңмаңгер, Алыпсоқ, Тайбурыл, Құтжол, Мойнақ.



2. Ат пен иттің аттарын бөлек – бөлек топтап жазыңдар.

  • Әдеби мәтін тапсырмасы 1. Әңгімені  түсініп оқыңдар. 

Ақын тілегі 


М. Әуезов (1897 – 1961)

Қазақтың әйгілі жазушысы. Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс болысында дүниеге келген. «Абай жолы» романын жазған. «Ақын тілегі» - осы романна алынған үзінді.

2. Абайдың ауылына келген кімдер еді?

3. Абай ақындардан не үйренді?

4. Абайға Барлас қандай тілек айтты?

5. Абай өскенде кім болды?



Абай Құнанбаев

1845 ж қазіргі Семей облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Шын аты – ИбраҺим . Әкесі – Құнанбай, шешесі – Ұлжан.

Мақал.


Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

* Сұрақтарға жауап беріңдер.

а). Адам туралы сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

ә). Заттар мен жануарларға қандай сұрақтар қойылады?

б). Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?



VII. Жаңа материалды пысықтау:

а). Ой қозғау.

- Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем

- Көктемнің қай айы? Наурыз

- Аптаның қай күні? Жұма

1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)

2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)

3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)

4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)



5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)

6. Әріптен не құралады? (буын)

7. Буыннан не құралады? (сөз)

8. Сөзден не құралады? (сөйлем)

  • а, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и, ө, ү, я, ю, ё, э дауысты дыбыстар.

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.

  • Т, П, Н, Р, Ғ, Л, У, Ш, Й, Қ, Д, М, Б, С, Ж, Ұ, ң, К, З, Г, Х, Һ, В, Ф, Щ, Ц, Ч, ь, ъ - дауыссыз дыбыстар.

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

VIII. Үйге тапсырма, қорытындылау, бағалау: Әңгімені түсініп оқып, мазмұндап келу.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет