Сабақтың тақырыбы: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер. 106 108 жаттығу



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі395,84 Kb.
#5526
түріСабақ
  1   2   3

Атырау қаласы

№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер.

106 – 108 – жаттығу.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Жаттығу барысында заттың қимылы бойынша сұрақ қоя отырып талдауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті – құралдар: сурет М.Әуезов суреті

Пайдаланатын әдіс – тәсілдер; сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.



Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.

а). 105 – жаттығу. Тақтада орындау. 1. Сөздерді оқыңдар.

Аружан, Үсен, Баянауыл, Ақбілек, Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қуаныш, Қызылжар, Айдар, Алакөл, Хантәңірі, Түркістан, Іле, Ұлытау.



2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер – су аттарын теріп жазыңдар.

Бірінші бағанға кісі аттарын, екінші бағанға жер - су аттарын жазу.
Кісі аттары Жер – су аттары
Аружан Баянауыл
Үсен Арал
Ақбілек Маңғыстау
Қуаныш Көкшетау
Айдар Қызылжар
Алакөл
Хантәңірі
Түркістан
Іле
Ұлытау

ә). «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімені мәнерлеп оқытып, мазмұнын айтқызу.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Ережені сұрау. ( Кісінің аты - жөні, жер – су аттары бас әріптен жазылады)

  • Кісінің аты – жөні бас әріптен басталып жазылады: Серік, Айгүл, Ысмағұлұлы.

  • Жер – су аттары бас әріптен басталып жазылады: Қазақстан, Астана, Алатау, Жетісу, Нұра.

- Біз кім? сұрағын кімге қоямыз? - Не? сұрағын неге қоямыз?

  • Ереже айту: Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді: Айсұлу, қоян, кітап.

  • Кім? кімдер? деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: ата, аға, ұшқыш, аналар.

  • Не? нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады: тоқылдақ, қайың, машиналар.

IV. Жаңа сабақ:


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет