Алғашқы адамдардың пайда болуы, эволюция теориясы мен түрлердіңқалыптасуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
кезеңі
Сыныптағы жарықты өшіріп, оқушыларды тыныштықта, көздерін жұмып, үңгірге саяхат жасайтынын елестетуді хабарлаңыз. Енді сынып бөлмесін үңгір ретінде қарастырып, электр шамын жас зерттеушілер қалай қолданатындығын сұраңыз. Қараңғы жерге жеткен соң, жасанды жарыққа бейімделу қажеттігін түсіндіре отырып, әңгімені жалғастырыңыз.
Ласко үңгірінің суреттерін көрсетіңіз. Бұл суреттерді Францияда балалар 1940 жылы тапқандығы туралы айтыңыз. Оқушыларға жұпта ақылдасып, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
Не көріп тұрсыз?
Нені сезіндіңіз? .
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылардың айтқан болжамдарын тақтаға (флипчартқа) жазып, бүкіл сыныппен талқылайды
Аңшылықты бейнелейтін қазіргі уақыттағы суреттерді таратыңыз. Жартастағы және қазіргі суреттерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.
-Қандай аңдарды көруге мүмкін болатындығын сұраңыз.
Сыныпқа, ғалымдардың пікірінше, бұл суреттердің ежелгі тас дәуірінде, осыдан 25000 жыл бұрын салынып, алғашқы қауымдық өнердің алғашқы үлгілері болып табылатындығы туралы айтыңыз.