Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата10.11.2023
өлшемі360,06 Kb.
#190710
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5 дәріс - Файлдар
ІІІ. Топтық жұмыс «Араласып кеткен оқиға» (15 минут)
Топтағы оқушылар бірлесіп, талқылап, араласқан сөйлемдерді постерге ретімен орналастырады, шыққан мәтін бөлігін оқып, баяндаушы топ алдында баяндап береді.
Топ мүшелерін анықтау. Берілген сөйлемдерді оқып, талқылап, постерге ретімен орналастыру. (6 минут)
Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды. Әр топқа 2 минуттан (6 минут)
Топтар постерлерін сағат тілі бойынша басқа топқа береді, ол топ «топтарды өзара бағалау» критерийлері бойынша формативті бағалайды. (3 минут)
Топтардың өзара бағалау парағы (критерийлер арқылы)
№ Бағалау критерийлері
1 Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы
2 Ақпараттардың нақтылығы (дұрыс жауаппен тексереді)
3 Берілетін ұпай саны 10 балдық жүйемен.
Дұрыс жауап:
1-топ
Слайд элементіне анимациялық эффектілер қосу үшін, Анимация – Анимацияны баптау (Анимация – Настройки анимации) командасын орындаймыз. Осы кезде Настройки анимации сұқбат терезесі ашылады. Бұл сұхбат терезесінде слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекетін орындай аламыз.
2-топ
Microsoft PowerPoint программасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық – эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Вставка - фильм немесе звук арқылы презентацияға дыбыс қоя аламыз. Бірқатар дыбыстар Анимациялар эффектілер саймандар тақтасынан іске қосылады.
ІV. Сергіту сәті. (2 минут)
V. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (10 минут)
Топтағы оқушылар жұптасады. 1 оқушы Штурман – Басқарушы (мұғалім жасаған тапсырманың орындалуын айтып отырады), 1 оқушы Пилот – Орындаушы (басқарушының айтуы бойынша тапсырманы орындайды), қажет болған жағдайда оны Штурман түзетеді.
Тапсырма: Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1 - Штурман, Пилот тапсырмасы. (5 минут)
1. Power Point программасын іске қосыңыз. Пуск – Программы – Microsoft office - Microsoft office Power Point
2. Безендіру шаблонын жасаңыз. Ол үшін Дизайн командасын қолданыңыз.
1- топ «Жаңбырлы күн» композициясы
2-топ «Сиқырлы ағаш» композициясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет