Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары



бет15/32
Дата05.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#17783
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан қалалары туралы танымдық білімін арттыра отырып әңгімелей білуге үйрету.
Тәрбиелік: Отанды сүюге,тіл мәдениетіне, сұлулыққа, сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Әңгімелей білуге , ойын жеткізуге, мәнерлеп өлең оқу, сөздік қорын, тілін дамыту.
Сабақтың типі: панорамалық, саяхат сабақ
Сабақтың түрі: Білім беру, жинақтау, топтастыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,саяхат, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, ой туғызу
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, бейнетаспа, слайд,тірек сызбалар, дидактикалық материалдар, фото суреттер, карталар, кестелер
Сабақтың байланысы: Геграфия, статистика, әдебиет
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабаққа тұжырымдама жасау.


Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қазіргі Алматы қаласынының орнында Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Алматы Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала болды.
1854 жылы қаланың аумағына Ресей империясы Верный әскери қамалын салды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы Алматинск болып өзгертілді. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп, Верный қаласы болып өзгертілді.
1921ж. 5 ақпанында қаланың атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады.
Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет