Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"



бет2/32
Дата05.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#17783
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Қонақ келсе-құт
Қазақ халқы – ежелден қонақжай халық болған.Үй иесі бұрын танысын, танымасын қонақ келсе, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ болған. Оның үстіне қазақта «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан қонаққа қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, қонақ үйдің иесі жақсы тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят болған.
Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.
Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған.
Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға құрмет көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналған.
Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй – иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.


Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп оқып,аударыңдар.

  2. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңдар.

  3. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазыңдар.

  4. Қарамен берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

  5. Морфологиялық талдау жасаңдар.

Тамақтарын, халқымыз, күйшілерді
6. Мақал-мәтелдерді оқып, түсініңдер


Мақал-мәтелдер

1. Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.


2. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.
3. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
4. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
5. Қонақ келсе- құт келер.
6. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады.
7. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ.
8. Жаман үйдің қонағы билейді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет