Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"



бет7/32
Дата05.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#17783
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Қырқынан шығару
Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады.
Тұсау кесу
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.
Атқа мінгізу
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.
Тоқым қағу
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет