Сабақтың тақырыбы: «Бала құқығы адам құқығы»



бет1/3
Дата07.02.2023
өлшемі19,38 Kb.
#167741
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Құқық туралы тәрбие сағаты. Сабақ жоспары
12 Миология. Мышцы шеи, груди, живота, спины. Диафрагма. Слабые места передней брюшной стенки. Паховый канал. Слабые места поясничной о

Күні: 15.01.23
Пән:Тәрбие сағаты
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: «Бала құқығы – адам құқығы»
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

  2. Тәрбиелік: адамгершіліктің, ізгі ұасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін баңыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

  3. Дамытушылық: оқушылардың бойында құқықтың білімді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, баулу.

Көрнекіліктер: тақырыптың аты, суреттер, сызба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Психологиялық дайындық
-Бүгінгі сабағымызды «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтып кеткен сөзімен бастағым келіп тұр. Яғни бүгінгі тақырыбымыздың аты «Бала құқығы-адам құқығы».

  1. Жаңа сабақ

- Құқық дегеніміз не балалар, қалай ойлайсыңдар?
Құқық дегеніміз - заңдар жүйесі. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Осы заңдар арқасында біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет