Сабақтың тақырыбы: Балықтар класын қорытындылау Сабақтаың мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі59,27 Kb.
#23348
Сабақтың тақырыбы: Балықтар класын қорытындылау

Сабақтаың мақсаты:а) Білімділік. Оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.

ә) Дамытушылық. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.

б) Тәрбиелілік. Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Әдістері: СТО технологиясы,демонстрациялау, тест.

Көрнекілігі: Проектор, жылжымалы тақта, тірек-сызбалар, кестелер, сулы препараттар

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Командалық таныстыру

ІІ.Ой қозғау (нені білеміз?)

1.Миға шабуыл (оқушыларға сұрақтар беріледі)

2.Тірек -сызбамен жұмыс

ІІ.Ой қорыту

1.Тест сұрақтары

2.Биологиялық эстафеда

3.Венн диаграммасы

Сергіту сәті. «Балық аулау» ойыны(балықтың суретіне қарап атын табу).

ІІІ. Ой дамыту (шығармашылық жұмыс)

1.Тапқыр болсаң...

Балықтардың қандай пайдасы бар?(Фишбон әдісі бойынша)

2.Рефлексия “екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша”

3.Бағалау.

1 топқа

1.Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады?

2.Омыртқалылардың неше класы бар?

3.Балықтардың өзі қандай кластарға бөлінеді?

4.Балықтардың тыныс алу мүшесі не?

5.Балықтар қайда тіршілік етеді?



2 топқа

1.Акула қай класс өкілі?

2.Балықтар денесі қалай бөлінеді?

3.Омыртқалылар дене температурасына байланысты қалай бөлінеді?

4.Акуланың зәр шығаруы неден тұрады?

5.Сүйекті балықтардағы ерекше мүше?












1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.

а)мамология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар.

а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.

а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран

4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.

а)Іле шармайы ә) Балқаш алабұғасы б) бекіре в)Еділ майшабағы

5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.

а) судың жылылығы

ә) судың тұздылығы

б)су ағысының күшін, бағытын, тербелісін

в) судың қышқылдылығын

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.

а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту

б) жауынан жасырыну в) судың астына өту

7.Балық қайда көбейеді.

а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуіде емес

8.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.

а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам

б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам

9.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.

а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака

10. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.

а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл

б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ

11.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі

а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа

б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа

12.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ

б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш

13.Қара уылдырық алынатын балықтар

а) албырт тәріздестер

ә)бекіре тәріздестер

б) майшабақ тәріздестер

в) саусаққанатты балықтар

14.Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы

а)қаны бар жануарлар

ә) салқынқанды жануарлар

б)жылықанды жануарлар

в) жылусүйгіш жануарлар

15.Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы.

а)қағанақсыздар

ә)қағанақтылар

б) құстар

в)сүтқоректілер

Жауаптары:

1.Б 9.Б


2.Ә 10.В

3.А 11.Ә


4.В 12.А

5.Б 13.Ә


6.Ә 14.Б

7.Б 15.А


8.А

Миға шабуыл.

Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар

2,3,5,7,9,11,12,14,17 1,4,6,8,10,13,15,16

1.Қортпа, шоқпілмай,пілмай,латимерия, бахтах.

2.Жұпбалық, тұтасбас, акула

3.Тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде оралмалы қатпарлары бар.

4.Терісі ірі қабыршақтармен қапталған.

5.Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған.

6.Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар.

7.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады.

8.Тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар.

9.Тұмсығы алға созылыңқы.

10.Торсылдағы болады.

11.Торсылдағы болмайды.

12.Клоакасы бар.

13.Аналь тесігі бар.

14.Іштей ұрықтанады.

15.Сырттай ұрықтанады.

16.Уылдырығының саны көп.

17.Уылдырығының саны аз.
















































Тапқыр болсаң...

І топ. Акула тобы

1) Балық іздесең көлге бар,


....
2) Балық ... шіриді

3) Балық суында патша


....
4) Балық жеген ... сұрамайды

ІІ топ. Бекіре тобы

1) Балықшы ... алыстан таниды

2) Көлдің атын балық шығарады
...
3) Өзен жағалағанның ... Талмас

4) Шөл жағалап қонба,


...V. Бағалау

V. Үйге тапсырма:

Егер мен ихтиолог болсам.... Эссе жазу.

Ақтөбе қаласы .

Ойыл ауданы .

Кемер селосы .



Жамбыл мектеп балабақашасының биология пәнінің мұғалімі Кошкарова Анаргуль Отесиновна

Сабақ тақырыбы : Балықтар класын қорытындылау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет