Сабақтың тақырыбы: Бастауыш Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/2
Дата19.05.2020
өлшемі388,23 Kb.
#69813
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ашық сабақ
ашық сабақ
Бағалау критерийлері

Сөйлем мүшелері туралы біледі.

сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажыратады.



Тілдік мақсаттар

Тұрлаулы мүшелер, бастауыш

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,сыйлауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Бастапқы білім:

Сөйлем мүшелері

Сабақ барысы

жоспарлан

ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут



Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Мен қазақтың тілімін, Үйретем тіл заңдарын,
Беретін көп білімім. Сөзіме құлақ сал бәрің.
Достасатын сендермен Менімен тез іске асар,
Жаңа пәннің бірімін. Ойға алған арманың

Өткенді қайталау. «Жүгірме тапсырма»

Түбір сөздердің қосымшалары сынып қабырғасында ілінген, соларды тауып жанына жабыстыру. Сұрақтар қойып, соларға жауап алу.



1-қатар 2-қатар

БАЛА СЫЙ

-лық, -қай, -лық, -лау

-лар, -пан, -шыл, -лы.

-қан

Түбір деген не?



Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғау деген не?



Cөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін ребусты шешкізу

Ребусты шеш



Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз «Бастауыш» Бүгінгі сабақтың мақсаты: Бастауыштың сұрақтарымен танысу, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ажырату..


Қима қағазға жазылған сөздер

Ребус суреттер


Сабақтың ортасы

30 минут


Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Мəтінті түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

5-жаттығу. Мəтінді түсініп, мəнерлеп оқиды.

Оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мəтіннен игерген білімдерін пысықтайды.



  1. Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған?

  2. Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады?

  3. Кереге неден жасалады?

Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық деген сөздерге қандай сұрақтар қойылды?

  • Дұрыс айтасыңдар, не? деген сұрақ қойылады. (бастауыштың ережесімен таныстыру)

(ҚБ. басбармақ арқылы бағалау)

(МТ) Қимыл іс-әрекеттің иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыш кім? кімдер? не? нелер? кімі? кімің? несі? нең? деген сұрақтарға жауап береді.

Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма: 6-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып, көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Қарамен жазылған сөздерге назар аудартылады. Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, оларға сұрақ қояды. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғаны байқатылады.



Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады.

Дескриптор

Сөйлемдерді көшіріп жазады.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызады.

Сөздерге сұрақ қояды.



(ҚБ жұптар бір-бірін тексереді)

Топтық жұмыс. 7-жаттығу. Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады. Сурет бойынша мəтін құрастырып жазып, бастауыштарды тауып, сызады.

Сурет бойынша əңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті əңгімеле» стратегиясы қолданылады.

Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Сурет əңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сəттің алдында не болғаны жəне кейін не болатыны болжатылады. Сурет бойынша мəтін құрайды.

(ҚБ топтар бірін-бірі бағалайды.)

Жұптық жұмыс.

3-тапсырма: "Адасқан бастауыштар"

Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып сәйкестендіру. Мысалы,

Арыстан боздайды.

Бота мөңірейді.

Жылқы ақырады

Қой кісінейді.

Сиыр маңырайды.

(ҚБ. басбармақ арқылы бағалау)

Саралау тапсырмасы: Тапсырмалар арқылы деңгейлеп саралау.

1.Сөздердің ішінен бастауыштарды тауып жаз.

Мектеп, сары, балалар, ойнады, Алматы, ұқыпты, көйлек, әдемі, ұстаз, ағаштар, көңілді, жүгірді, суреті.

______________________________________________________


______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
2. Тапқан екі сөзге сөйлем құрастырып жаз.

______________________________________________________


______________________________________________________
______________________________________________________
Дескриптор

Бастауыштарды тауып жазады..

Сөздермен сөйлем құрастырып жазады.

оқулық

киіз үйдің суретң

Дәптер


А3 қағазы

қалам


үлестірмелер

үлестірмелер





Сабақтың соңы
2 минут

Рефлексия «Жеңіс тұғыры»

Оқушылар қолындағы оқушы суреттерін алып жеңіс тұғырына жабыстырады.








Сабақты

түсіндім


Әлі де сұрағым бар


Түсінбедім





Оқушылар

суреттері



Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру

Бағалау:



Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет