Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет2/16
Дата10.06.2017
өлшемі4,22 Mb.
#18834
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Пәні: Сауат ашу

Күні: 03.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру. Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:



І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Оқу құралдарымен таныстыру.

1. дәптер, қалам

2. Сызғыш, өшіргіш

3. Пенал портфель

4. Бояу


ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз?

б) Кезекші не істейді?



Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді?

-Дәптер не үшін керек?

-Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?

-Пенал деген не?

-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?

-Бояумен не істейміз?

Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды. 
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

 


СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ




ХАБАРЛЫ

СӨЙЛЕМ


СҰРАУЛЫ

СӨЙЛЕМ


ЛЕПТІ

СӨЙЛЕМ

БҰЙРЫҚТЫ

СӨЙЛЕМ

Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.

«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?

Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.


Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.

Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Ойша сөйлемдер құру.

Пәні: Математика

Күні: 03.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Заттарды салыстыру(пішіні, өлшемі, түсі, массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).

Мақсаты:

Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге үйрету.

Заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу



Көрнекілігі: Суреттер, оқулықтар және әдістемелік құрал.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушының назарын сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Санамақты оқушыларға үйретіп, әр сабақта қайталатқызу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.
ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.


ІҮ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру(пішіні, өлшемі, түсі, массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).


Оқулықпен жұмыс:

Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?

Суретте неше шаршы, неше шар бар?

Салыстыру



  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау

  2. Сергіту сәті



Ү. Жаңа білімді бекіту.

Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.

Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.
ҮІ. Сабақты қортындылау:

Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..


ҮІІ.Үйге тапсырма.

Балаларға кітаптағы тақырып соңындағы «Қандай сурет болуға тиіс?» деген тапсырманы беремін.


ҮІІІ. Бағалау.

Оқушыларды жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышпен бағалап оларды ынталандыру есебінде балаларды мадақтаймын. Осымен бүгінгі сабақты аяқтаймын.



Пәні: Сауат ашу

Күні: 04.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.
Сабақтың мақсаты: Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру. Салауаттылыққа баулу. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Доп, хоккей ойынына қажетті заттар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.


ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мектептің спорт алаңы.


Мақсаты: Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру. Салауаттылыққа баулу. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

ә) Серуенге алып шығу.(мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)

Сергіту сәті:

б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.

Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.

в) Өткен олимпияда жайында мағлұмат беру.


ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

Біз қандай спорт түрлерін білеміз?

Олар қандай жерлерде өтеді?

Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?


Ү. Білімді бекіту:

Балалар, бүгін біз сендермен спорт жайында танысып, білдік. Бұдан былай денсаулығымыз күшті болу үшін спорттың әр түрімен айналысуымыз керек.


ҮІ.Сабақты қорытындылау:

Спорт алаңында өткізілетін қандай спорт ойындарын білесіңдер?



Пәні: Сауат ашу

Күні: 05.09.2015

Сабақтың  тақырыбы:Музыка бейнелеу өнері. Еңбек. Сөз.

Сабақтың мақсаты:

Еліміздің астанасымен таныстыру.Оқушылардың рухани  дүниесін дамыту. Тәрбиелілігі:өз елін,жерін сүюге,құрыметпен қарауға,табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеуге дағдыландырып жетілдіру.Қолдың ұсақ моторикасы арқылы жұмыс істей алу іскерлігін дамыту;   

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Әдісі: сұрақ –жауап,түсіндіру.

Түрі:аралас
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.


Сергіту сәті. «Эхо» дауыс ырғағын дамытуға арналған жаттығу

- Мен ақырын айтамын: а-а-а

- Ал сендер бірге қатты айтасыңдар: а-а-а
ІІІ.Жаңа сабақ.

  -Балалар  біздің Отанымыз қалай аталады?

  -Ал тұратын қаламызды қалай атаймыз?

-Отанымыздың астанасы   қай қала ?


1.Кіріспе әңгіме.Қазақстан Республикасы,табиғаты,жерінің байлығы туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.
2.Суретпен жұмыс.

 Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.



-Музыка деген не?

-Еңбек деген не?

-Бейнелеу өнері деген не?

-Сөз деген не?
3.Сергіту сәті. (есте сақтауын  дамыту)

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  согайық 

Бір отырып, бір  тұрып

Біз  тыныгып  алайық

4.Астана. Үкімет үйі. Президент.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем  құрату.

Астана әдемі қала. ___ ____ ____.Үкімет үиі биік.___ -___ ___.

5.Дәптермен жұмыс

Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.

5. «Кім жылдам ?» ойыны (Қалалардың аттарын атау)

Астана.Атрау. Ақтөбе.Орал. Ақтау. Тараз. Қызылорда т б

Буындық талдау жасату.

6.Сергіту сәті.Дидактикалық ойын «Кім не істейді»

- Шаштараз ....... (шашты қияды, шашын әсемдейді)

- Жүргізуші .............. (машина жүргізеді)

- Аспазшы .................. (пісіреді, тамақ әзірлейді)


IV. Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта немен таныстық.?

-Музыка, бейнелеу өнері, еңбек дегендер нені білдіреді екен?

-Сөз дегеніміз не?


V.Бағалау.

Оқушыларды қатысуына байланысты мадақтап бағалаймын.



Пәні: Математика

Күні: 04.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Заттардың ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзындықты өлшеу

Мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа, биік- аласа, қалың жұқа, сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру. Танымдылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушының назарын сабаққа аудару.


ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.

ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу.

б) Түстері, пішінін салыстыру.


ІІІ. Жаңа сабақ

а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру.

ә) Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б Биік-аласа
ІҮ Оқулықпен жұмыс:

1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей.

2-сурет. Биік-аласа

3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.



Сергіту сәті.

Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.
ІҮ. жаңа білімді бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.

Қысқа-... аласа-... жұқа-...

Ұзын-... биік-... қалың---...




Ү. Дәптермен жұмыс

5-6 тапсырма. -- --















ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз заттарды салыстырдық

ҮІІ. Бағалау. Кемшілігін жетістігін ескеріп бағалаймын.
Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 04.09.2015

Сабақ тақырыбы: Кіріспе. «Еңбекке баулу » Табиғат әлеміне экскурсия. Таңғажайып әлеммен танысу.

Сабақ мақсаты:Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту. Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.

Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушыларды сабаққа даярлау.

- Қажетті құрал

– жабдықтарын даярлау.

- Еңбек туралы білетіндерін сұрау.

ІІ.Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау.

Тақырыбы: Кіріспе. «Еңбекке баулу » Табиғат әлеміне экскурсия. Таңғажайып әлеммен танысу.

Мақсаты: Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту. Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

ІІІ. Негізгі бөлім:

Еңбектің түрлері бірнеше блоктар бойынша ұсынылады. Онда әр блоктың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне қарай жұмыс іріктеліп алынады.

Қымбатты балалар!

Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу» оқулығы еңбек сабағындағы көкектің әрі ақылшы досың болатынын айту. - Егер сен гүлге су құйсаң, тал ексең бақта жұмыс етсең, табиғатқа пайда келтіресің.- Еңбекке баулу сабағы:



ІV.Қорытынды бөлім:

Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар.



V. Үйге тапсырма,бағалау:

Табиғат материалдарын жинап қою.



Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 05.09.2015

Сабақ тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері, сақтау. Өзіне-өзі қызмет ету.

Сабақ мақсаты: Өзіне - өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, еңбек құралдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушыларды сабаққа даярлау.

- Оқу құралдарын түгендеу.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

1. Еңбек деген не?

2. Еңбек адамға не үшін қажет?

3. Еңбекке баулу сабағы нені үйретеді?

4. еңбектің пайдасы туралы.

ІІІ. Мақсат қою

Тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері, сақтау. Өзіне-өзі қызмет ету.

Мақсаты: Өзіне - өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
ІV. Жаңа сабақ: 1. 7 – бет Өзіне - өзі қызмет ету. Өзіне -өзі қызмет ету – біздің күнделікті атқаратын ісіміз. Ол киімді,төсек – орынды жинаудан басталады. Біз оқу құралдарымызды күтіп ұстауға, сынып бөлмесінің тазалығын сақтауға тырысамыз. Бұл да өзіне - өзі қызмет ету еңбегіне жатады.

Оқулықпен жұмыс жасау.

Балаларға жапырақтарды қалай қысқа сақтау керегін түсіндірем.

-Балалар сендер жинап әкелген жапырақтарды үйдегі көне кітаптарды ортаына бір-бірден ортасына салып қоямыз. Сосын қыста керек кезде қолданып тұрамыз. Ол жапырақтар арқылы бір түрлі мүсіндер, бейнелер жасаймыз. Енді мына суретпен жұмыс жасайық. Суретте не бейнеленген?


V. Қорытынды бөлім:

- Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету.

- Өзіне - өзі қызмет етудің тағы қандай түрін білесіңдер?
VI. Жаңа сабақты бекіту:

-Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

-Бүгінгі сабақ түсінікті болдыма?

-Сонымен сабағымыз аяқталды?


VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:

Жапырақтарды сақтау (әңгімелеу).



Пәні: Логикалық негіздері арнаулы курсы

Күні: 05.09.2015

Сабақтың тақырыбы: «Не өзгереді?

Сабақ мақсаты: Заттардың қасиеттері, кеңістік, уақыт туралы түсініктерін пысықтау, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау, жаттықтыру, дамыту. Тіл, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысы І.Ұйымдастыру Оқушылардың назарын аудару ІІ. Негізгі бөлім 1. Ертегіні әңгімелеп, оларды салыстыр. (ұзын-қысқа, үлкен – кіші, оң жақ, сол жақ)


Каталог: upload -> maps
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
maps -> Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері
maps -> Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты 3- сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет