СоөЖ №1 Жаратылыстану пәні бойынша мемлекеттік стандарт, бағдарламалар және оқулықтарды (1-4 сыныптар) талдау



бет1/4
Дата05.10.2023
өлшемі20,41 Kb.
#183850
түріОқулық
  1   2   3   4
Байланысты:
СоөЖ №1 Жаратылыстану пәні бойынша мемлекеттік стандарт, бағдарл-emirsaba.org
СӨЖ №8, eV52YZHGELLEO5ul9zk6, к, Материалды іріктеудің сызықтық, спиралды, қайталау және табиғат -emirsaba.org, 7 сынып БЖБ, Нурпеисов Нактбек Жас маман туралы мәлімет

СоөЖ №1 Жаратылыстану пәні бойынша мемлекеттік стандарт, бағдарламалар және оқулықтарды (1-4 сыныптар) талдау

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ №1


Жаратылыстану пәні бойынша мемлекеттік стандарт, бағдарламалар және оқулықтарды (1-4 сыныптар) талдау.
Тобы:ПМНО АКТ 3 жылдық

Орындаған:Құрманғали Д.М



Алматы 2023ж
СӨЖ кеңес беру және қабылдау. Жаратылыстану пәні бойынша мемлекеттік стандарт, бағдарламалар және оқулықтарды (1-4 сыныптар) талдау.


«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты-бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.


Жаратылыстану пәнінің міндеті:

  • оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);


  • оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);


  • дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.


«Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Сондай-ақ әр тарау бойынша тапсырмалар жабық тест арқылы нақтыланып, тексеріледі. «Мен- зерттеушімін» тақырыбын өткен кезде оқушылар әртүрлі бөлме өсімдіктерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ал өсімдік бөліктерімен танысқанда тұқым қалай өнетініне шағын тәжірибе жасау арқылы көз жеткізді. Ол үшін пластикалық стакан, мақта, бірнеше тұқым керек. Стаканның түбіне мақта салып, ол ылғалданатындай аздап су құйылды. Сосын мақтаның үстіне тұқымдарды қойып, бетін ауа өтетіндей тесіктері бар қақпақпен жауып, жылы жерге қойдық. Бірнеше күн бойы ол тұқымның өнуін бақылап, қорытынды жасады. Өсімдіктерге күтім жасауды сыныптағы бөлме өсімдіктеріне жасау арқылы дағдыға айналдырды. «Ғарыш» тақырыбында ғарыш кемесінің орнына шарларды ұшыру арқылы тәжірибе жасады. «Күш пен қозғалыс» бөлімінде қозғалыс траекториясы деген не? Деген сұрақққа жауап беру үшін тағы да тәжірибе жасау арқылы қол жеткіздік. Тәжірибе жасау үшін құм салынған табақша, ойыншық машиналар және металл шарлар қажет. Табақты сәл қисайта орналастырып, «төбешіктен» машинаны итеріп жібереді. Машинаның ізінен қалған сызықты салады. Одан кейін металл шарды «төбешіктен» төмен қарай жібереміз. Оның да ізінен қалған сызықты саламыз. Тәжірибені бірнеше рет қайталап жасағаннан кейін сызықтарды салыстырды. Траектория дененің қозғалыста болған кезінде жүріп өткен жолы. Машинаның түзу траекториямен, ал шар әртүрлі траекториямен қозғалатынын айтып қорытынды жасады. Сабақтарда әртүрлі рольдік-сюжетті ойындарды ойнау арқылы да тәжірибе жасауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет