Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау



бет1/3
Дата31.05.2022
өлшемі0,96 Mb.
#145647
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
тарих-1, тарих-1, тарих-1
  • Пәні: Алгебра
  • Тақырыбы: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау
  • Сыныбы: 7 “А”
  • Пән мұғалімі: Муликова А.Б.
  • 2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше

  • Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше
  • тарауын қайталау.
  • Сабақтың мақсаттары:
  • Білімділік: Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт
  • түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені
  • көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету.
  • Дамытушылық:
  • Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық
  • білімін практикада қолдан білу дағдысын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа,
  • ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі: Қайталау, Бекіту сабағы.
  • Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, өз бетінше жұмыс
  • Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары
  • салынған слайдтар,компьютер,үлестірмелі топтамалар.

Сабақтың барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, үш топқа бөліп отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат, міндеттерін еске түсіндіру.
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
  • ІІІ. Өткенге шолу.
  • ІҮ. Ойлан тап (ауызша есептеу)
  • ІІІ. Бекіту сабақ.
  • ІV. Қорытынды:
  • Бағалау.
  • Үйге тапсырма беру.

Өткенге шолу

  • 1. Бірмүше дегеніміз не?
  • Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады
  • 2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не?
  • Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффицентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады
  • 3. Бірмүшеге мысалдар келтіріндер
  • 4. Көпмүше деп нені айтамыз?
  • Бірнеше мүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп айтамыз
  • 5. Көпмүшені біріктіру денеіміз не?
  • Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру
  • 6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту денеіміз не?
  • Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек
  • 7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не?
  • Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек
  • 8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?
  • Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет