Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы



бет1/6
Дата25.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#5023
  1   2   3   4   5   6
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылы «С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Сара Жанатаева

Сабақтың тақырыбы:Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы

Мазмұны:


 

1. Кіріспе

1.1. Өсімдіктер тарихынан..................................................................................2

2. Зерттеу бөлімі

2.1. Бөлме өсімдіктерінің түрлері.......................................................................3

2.2. Гүлдердің құпия сырлары............................................................................4

2.3. Гүлдерді күтіп-баптау..................................................................................11

2.4. Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері………………….………………17

3. Қорытынды

3.1. БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ...............................18

4. Әдебиеттер........................................................................................................20

1. Кіріспе

1.1. Өсімдіктер тарихынан

Гүл. Не бары үш әріптен ғана тұрады.Солай бола тұра бүкіл әлемнің әсемдігі мен әдемілігін бойына жинаған ерекше қасиетінің мәні сонда – көпшілік көңілін өзіне аудара білетіндігі дер едік. Расында, бір сәт айналаға зер салып қараңыздар. Керемет, қарасаңыз көзіңіз тоймайтын гүлге көмкерілген ғажайып дүние. Ендеше, мұндай ғажайыпты жасау сіздің өз қолыңызда дегіміз келеді. Ол үшін гүлді сүйіп,гүл өсірудің әдіс – тәсілін үйреніңіз. Гүл жайлы, тіпті кез келген өсіп тұрған өсімдік жайлы әңгіме айту үшін, ең әуелі оның ішкі әлемі, биологиялық ерекшеліктері ұрықтануы, басқа да тірі организмдер секілді өзінен кейін ұрпақ қалдыратынын біздер әсте ұмытпауымыз керек.

Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Ол үшін «Гүл өсіре білесіз бе?» деген сұраққа жауап іздейміз. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы, олардың құпиялары, сонымен қатар, адамзат өміріне ауадай қажет дәрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ізденуге болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді. Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек.Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдылығы және температуралық режим керек.Өсімдіктердің ең басты қасиеті – олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат – фитонцидтерді өз бойынан, бөліп шығарады. Сондай-ақ, адам өмірі үшін ең басты пайдасы – ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады. Бөлме өсімдіктері үйді тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиhаздардан және еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін улы заттарды (бензол, формальдегид) бейтараптандырып отырады. Бұл тұрғыда шырмауық, фикустың Бенджамин түрі және филодендрон мен кәдімгі алоэ өсімдіктері өте пайдалы .Бөлме өсімдіктерінің тағы бір ерекшелігі – ауаны үнемі ылғалдандырып тұрады. Кейде үй ысығаннан бөлмедегі ауа қатты құрғап кетеді . Әсіресе адамның көзі тез шаршап, шашы мен терісі құрғай бастайды. Мұндай кезде бөлмеде спармания, циперус,т.б.өсімдіктер болғаны дұрыс. Бұлар құйылған судың 90%-ын жапырақтары арқылы сыртқа шығарып, ауаны тез ылғалдандырып отырады.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп - жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір - біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.



2. Зерттеу бөлімі

2.1. Бөлме өсімдіктерінің түрлері

Бөлме өсімдіктерін өсіру үшін дұрыстап таңдап алу керек. Олардың өсуіне қажетті жағдайларды жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген дұрыс. Өсімдіктер өніп-өсу үшін жарық, температура, ылғал қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтың шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.



Жарық сүйгіш өсімдіктер. Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы – кактустар, сүттіген, сенеция, стапелия, литопса, фаукария, зониум т.б., гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония);

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге – аспарагус, бегония, глоксиния, сенполия, фукция, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік ормандарында өсетін жатаған шөптер – маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бромелия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі –эпифиттер.

Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропикті өсімдіктер жатады. Мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі.

Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі – кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып, жапырағы түсіп қалады.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер – қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық, традесканция, зебрина, саркококка, фикус т.б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер.


2.2. Гүлдердің құпия сырлары




Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет