Сабақтың тақырыбы: Cебеп-салдар салалас құрмалас, жасалуы. Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі120,6 Kb.
#23990
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Cебеп-салдар салалас құрмалас, жасалуы.

Сабақтың мақсаты:1) себеп-салдар салаластың функционалдық қызметін зерделеумен жасалу жолын түсіну; -жаттығу тапсырмаларын орындауда себеп-салдар салаластың жасалу жолдары ережесін қолдану, салыстыру және тәжірибеден өткізу; -топтық жұмыста алынған ақпараттан тұжырымдалған өнім жасау және қорытып түйіндеу. 
2) «Отан – туған ата-анаң, Отан – туыс,бауырың» тақырыбы аясында оқушыларды, алдымен, отбасын құрметтеуге, сүюге насихаттай отырып, үлкен Отанға деген міндетті, борышты ұғынуға тәрбиелеу;

3)Ойларын жүйелі, байланыстырып баяндау дағдыларын барлық сабақ барысында жетілдіре отырып, тілдік талдауларды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.



Сабақтың түрі Теория-практикалық аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, «Бір қадам артқа»,Венн диаграммасы, «Шығыс базары», «Айна ойыны», «Сәйкестендіру тесті»

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайд, кеспе қағаздар.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

  • «Шаттық шеңбері» Оқушылар кезекпен бір-бірлеріне тілек айтып, гүл сыйлайды. Слайд№1 31 қара сөз (мұғалімнің сөзі)

«Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»

(Абай Құнанбайұлы)



  • Ойдағы барлық кеселді нәрселерді қуып, сабақтан ғибрат алуға ынта салайық!

  • Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, нашар үлгерушілерді де ынталандырамыз, өйткені жақсы үлгеретін оқушылардың қапталында олар да білгенін көрсету үшін жұмыс жасауға талпынады. Ұраны: «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін.»

Оқушыларды топқа бөлу: «+1»-ден «+4»-ке дейін («-1», «-4») жазылған сандары бар гүлдер таратылып, сол сандар бойынша топ құралады.

ІІ Теория-практикалық жаңа сабақ (1 минут)

1-кезең. «Білімді пысықтау»сатысы. «Өрмекші торы» әдісі арқылы жүзеге асады.

1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не, оның неше түрі бар?



  1. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылығы қандай?

  2. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  3. Салалас құрмаласты жасауға қандай шылау қатысады?

  4. Салаластың мағыналық түрлері нешеу, олар қалай жасалады?

  5. Ыңғайлас салалас қалай жасалады, тыныс белгілері қандай?

  6. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  7. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың айырмашылығы?


2-кезең. «Бір қадам артқа»сатысы. Слайд № 2

Себеп-салдар салалас құрмаластың мағынасы, себебі мен салдарының орналасу жүйесі және соған орай қойылатын тыныс белгілері туралы білетіндерін айтады.


Салдар мәнді сөйлем

Себеп мәнді сөйлем
Себебі, өйткені:

Неге десеңіз

Себеп мәнді сөйлем

Салдар мәнді сөйлем
Сондықтан,

Сол себепті
3-кезең. «Ойды жалға...» сатысы. Слайд №3 «Шығыс жәрменкесі» әдісі арқылы жүзеге асады.

Бұл кезең оқушылардың есту, көру, ұғу дағдыларын ауызша тексеріп бекітуге негізделеді.

Бірінші жай сөйлемі беріледі де, оқушы ойды жалғап, сөйлемді аяқтайды.Ауызша талдау жасайды.

А)Әр адам туған Отанын көркейтуге міндетті, өйткені .........................(ол – сенің киелі қара шаңырағың, шуақ сыйлар жайлы мекенің.)

Ә)Өз туған тіліңді білу –парыз, себебі ................ (ол –анаң мен атаңның қасиетті мұрасы, аманаты.)

Б) Күнде тер төгіп оқыған білім ғана тиянақты, сондықтан ...................... ( білімді дер кезінде алудан кеш қалма!)

В)Үлкен адамдар туған жердің тарихы мен әдебиетін жетік біледі, сол себепті ....................( оларды көп тыңда, үйрен.)

Г)Үйдегі қарт ата-әжеңді құрметте, себебі.............................( олар – үйдің ырысы мен қазынасы.)

Ғ)Туған жеріңді, туған аулыңды, туған отбасыңды, білім берген ұстаздарыңды әрқашан есіңе ұста, өйткені.................... ( сенің адам болуың, азамат болуың –солардың арқасы.)

Д) Қазақ тілі ұлтымыздың мәдени, рухани асыл қазынасы: .... (оны біз қадірлеп, мақтан тұтумыз керек.

Е) Жеті жұрттың тілін біл, .......... (жеті түрлі білім біл)
4-кезең «Сәйкестендіру тесі»


Тереңге балық уылдырық шаша алмайды,....




...жаңағы жүк машинаға да жеттік. (Ә.Ә)

Сасық күзен , тышқан , жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады.....




....неге десеңіз , ондай жердің асты ылғалсыз құрғақ болды. (С.М)

Есенқұл жауап қатқанша болған жоқ...




...және таза түрінде кездесуі сирек.(А.Маш)

Кей металдар табиғатта өте аз...




... неге десеңіз , онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ. (С.М.)

Сергіту сәті («Көңілді күн» биін билейді»)

5-кезең. «Талдау –табыс кілті»сатысы.


  • Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс жүргізіледі, жаттығуларды екі топқа бөліп орындатып, ішінара талдаулар жасалады.

.

Тапсырма № 1:

  1. Мәтіннен ыңғайлас, себеп-салдар салаластарды тауып жазып, қалай байланысқанын түсіндіріңдер;

  2. «Бір-бірімен» сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар;

  3. Үй, баспана, отбасы туралы мақал ойлап айтыңдар



Қазақ киіз үйі

Қазақтардың киіз үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген. Киіз үй торкөз керегелерден, уық пен шаңырақтан, киізден тұрады. Керегелер үйдің бүкіл қабырғасын қамтиды. Киіз бүкіл үйді жауын-шашын, қар-бораннан қымтайды, сол себепті қазақтар онымен керегені, уықты, шаңырақты жапқан.

Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен құралады:кереге, уық, шаңырақ. Үйдің төменгі жағы торкөз керегеге, кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылып, тез жиналады да, тез жазылады, үйді жыққанда да, тіккенде де өте қолайлы.

Шаңырақ деп дөңгелек ағашты атайды. Ол ошақта жағылған от түтінінің шығуына арналған және күндіз үйдің ішіне жарық түсіреді. Қазақ үйіне жабылатын киіздер көлемі жағынан да, атауы жағынан да әр түрлі. Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін туырлық дейді, уықты жабатын киізді үзік дейді.



Тапсырма № 2:

  1. Мәтіннен себеп-салдар салаластарды тауып жазып, қалай байланысқанын түсіндіріңдер;

  2. «Отбасынан» сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар;

  3. Отан туралы мақалдар ойлап айтып, кешенді талдау жасаңдар.

Отан отбасынан басталады

Үлкен Отанды сүюдің алғашқы шарты кішкене отбасында қаланады, себебі отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын діңгегі. Адамның жеке басының қалыптасуы, оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер сол ортада қалыптасады, сондықтан туған үйдің жылуы, ата-анаға деген құрмет сенің көкірегіңде мәңгі сақталады.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениетін қалап, өмірге жолдама беретін ұлы ұжым. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.



Отан алдындағы парыз жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншіліктен бастау алады, сол себепті біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім – өлең төсегім» деген қазақ даналығы босқа айтылмаған. Өз отбасын сыйлап, құрметтеген, жылуына бөленген бала ғана айналасына қуаныш сыйлап, өзгенің қуаныш-мұңын бөлісе алады


6-кезең. «Айна» ойыны. Ойынның шарты, әр топтан бір оқушы ортаға шығады, қораптың ішінде аты жазылған оқушы туралы айтады. Себеп-салдар салалас сөйлемі қолданылады. Келесі топ жұмбақ адамды табады.
7-кезең. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы жүзеген асырылады. Себеп –салдар мен ыңғайлас салалас туралы алған білімдерін қорытындылайды.



ІІІ Үйге тапсырма

  • «Әке –діңгек, ана –ырыс» атты шығармашылық жұмыс ( өтілген салаластар болу шарт);

  • таңдаған бір сөйлемге кешенді талдау жасау;

  • ережелерді есте бекіту, қайталау.


ІҮ Оқушы білімін бағалау, сабақты қорытындылау.



Оқушы аты-жөні


«Өрмекші торы»

«Бір қадам артқа»

«Шығыс базары»

«Ойды жалғастыр..»

«Мәтінмен жұмыс»

«Айна ойыны»

«Венн диаграммасы»


















































































































Оқушы аты-жөні


«Өрмекші торы»

«Бір қадам артқа»

«Шығыс базары»

«Ойды жалғастыр..»

«Мәтінмен жұмыс»

«Айна ойыны»

«Венн диаграммасы»













































































































Қарабұлақ негізгі мектебі



Ашық сабақ

«Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалуы»

8-сынып қазақ тілі

Өткізген: Нұрмұхамбетов Е.Б.




2016-2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет