Сабақтың тақырыбы: Цилиндрдің көлемі. Сабақтың мақсаты: Цилиндрдің көлемінің формуласын түсіндіру және қолдануға үйрету



Дата18.07.2020
өлшемі1,16 Mb.
#75364
түріСабақ
Байланысты:
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 20


САБАҚ ЖОСПАРЫ №20

Пән аты: МАТЕМАТИКА

Өткізілетін уақыты







Тобы

ДО-21

Э-21


Сабақтың тақырыбы: Цилиндрдің көлемі.

Сабақтың мақсаты: Цилиндрдің көлемінің формуласын түсіндіру және қолдануға үйрету.

Білімділік: Цилиндрдің формуласын қолданып есептер шығаруға үйрету.

Дамытушылық: кеңістікте ойлау қабілеті мен шығырмашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: өзара пікір алмаса отырып есептерді топпен шығару арқылы көпшілікке баулу, бір-біріне көмектесуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас.

Оқыту әдісі: иллюстративті, түсіндірмелі.

Сабақтағы өзіндік жұмыстардың түрлері: кеспе қағаздарда деңгейлік тапсырмалар орындау.

Пәнаралық байланыс: физика, электротехника, сызу.

Сабақтың материалды - техникалық көрнекілігі : плакат, макет, кеспе қағаздар.

Оқулықтар: В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева.Геометрия 11.Алматы: Мектеп,2011.

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ - 2-3 мин.

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеп, аудитория дайындығын тексеру



ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ–20 мин.

1.Айналу денелері қандай ?

2.Цилиндрдің анықтамасын тұжырымдаңыздар.

3.Цилиндрдің элементтерін атаңыздар.

4. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданының формуласы.

5.Цилиндрдің табандарының аудандары.

6. Цилиндрдің толық бетінің ауданы.

Үй тапсырмасына берілген жаттығулардың орындалуын тексеру.



ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ –40мин.

ДӘРІС: Цилиндрдің көлемі.

Цилиндрдің көлемін табу үшін призманың көлемін тапқандағы секілді цилиндрдің көлденең қимасының қасиеттерін пайдаланамыз.



Тік дөңгелек цилиндрдің әрбір көлденең қимасы оның табанына тең дөңгелек болады.

1-суретте дөңгелек тік цилиндрдің табандарына параллель α жазықтығы цилиндрдің көлденең қимасының дөңгелек болып келетінін анықтайды.




1-сурет 2.1) -сурет

25-ТЕОРЕМА. Дөңгелек тік цилиндрдің көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.

ДӘЛЕЛДЕУІ.

1. Табанының ауданы S және биіктігі h болатын дөңгелек тік цилиндр берілген(2.1)-сурет).

2.Цилиндрдің көлемін есептеу үшін біз Кавальери принципін қолданамыз. Ол үшін мына салуларды орындаймыз.

3.Табанының ауданы берілген цилиндрдің табан ауданына тең призма сала-мыз( тікбұрышты параллелепипед алуға да болады).

Призма мен цилиндрдің табандары бір α жазықтығында және оның бір бетінде орналасатындай етіп аламыз.

Призманың биіктігі цилиндрдің биіктігі h-қа тең болуы тиіс

(2.2)-сурет).





2.2)-сурет

Сонымен, мына формула орынды:



,



ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ - 15-20 мин.

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Егер цилиндрдің биіктігі мен табан диаметрін :

1)екі есе арттырса;

2)50%-ға қысқартса;

3)4 есе арттырса,

цилиндрдің көлемі қалай өзгереді?

Жаттығулар:

№ 10.Биіктігі 5, ал табан радиусы 3-ке тең дөңгелек тік цилиндрдің көлемін табыңыздар.

№ 11.Көлемі 64, ал табан диаметрі 16-ға тең тең дөңгелек тік цилиндрдің биіктігін табыңыздар.

№ 14.Көлемі 500л, диаметрі 76 см болатын цилиндр пішіндес үлкен ыдыстардайындау қажет. Ыдыстың биіктігі қандай болу керек?



БАҒАЛАУ -1-2 мин.

Оқушылардың білімін бағалау.



ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ –2-3 мин.

№ 12.1)Цилиндрдің бүйір бетінің жазбасы - қабырғасы а-ға тең квадрат. Цилиндрдің көлемін табыңыздар.

2) Цилиндрдің биіктігі h , жазбасының диагоналі жасаушымен 60 ̊ бұрыш жасайды. Цилиндрдің көлемін табыңыздар.

№ 15.Диаметрі 300 мм және қалыңдығы 25 мм болатын цилиндр пішінді жездің салмағын табыңыздар(жездің тығыздығы 8,8 .


ОҚЫТУШЫ: КАШАНБАЕВА К. С.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет