4. Қорытылған астың сіңірілуі кезінде алдымен лимфаға, одан қанға түсетін зат
4. Қорытылған астың сіңірілуі кезінде алдымен лимфаға, одан қанға түсетін зат
а) майлар
ә) глицерин мен май қышқылдары
б) аминқышқылдары
в) глюкоза
5. Гемоглобин құрамына кіретін, оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайтын зат
а) кальций мен фосфор
ә) йод
б) темір
в) хлор
1....аминқышқылдарынан түзіледі.
2.Көмірсулар ыдырағанда ...түзіледі.
3.Қорытылған астың сіңірілуі алдымен...одан қанға түсетін зат.
4. Адам ағзасындағы жалпы судың көлемі ... пайыз.
5.Сүйек құрамына...кіреді.
6. Ересек адамға қажетті майдың тәуліктік мөлшері ...
Биологиялық диктант "Білгенге маржан."
III.Жаңа сабақ Дәрумендер және олардың маңызы
Дәрумендер денсаулықтың нығаюына әсер етеді.Организм суық тиюден болатын және жұқпалы аурулардан қарсы тұруын жоғарылатады,жұмысқа қабілеттілікті арттырады.1911 жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды.Ол бұл затты витамин (лат.vita-тіршілік)деп атады.
Дәрумендердің ашылу тарихынан...
1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады.
Дәрумендер дегеніміз- ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы
Дәрумендер
Денсаулықтың нығаюын жүзеге асырады
Ағзаның суық тиюден сақтауына әсер етеді
Жұқпалы ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді
Аминқышқылдар,майлар, нуклеин қышқылдар,гормондар синтезі мен ыдырауына қатысады
Жұмысқа қабілеттілікті арттырады
Тәулігіне әртүрлі дәрумендердің бірнеше милиграмы ғана қажет
Ферменттердің құрамында болып, биохимиялық, физиологиялық процестерге қатысады
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград блокадасында балаларды қарағай жас бұтақтарының қайнатпасымен тамақтандырған. Себебі, қарағай бұтақтарында С дәрумені өте көп.