Сабақтың тақырыбы Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Сілтеме



Дата18.06.2017
өлшемі54,77 Kb.
#19203
түріСабақ
6 сынып География

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Сілтеме

Сабақ жоспары, география оқулығы,атлас 6 сынып

Жалпы мақсаты

Дүниежүзілік мұхит ұғымы, оның біртұтастығы, мұхит бөліктері жайлы мағлұмат алады.

Күтілетін нәтиже

Гидросфера,су қабығы жайлы білімін толықтырады. Өзгенің пікірін тыңдауға, бағалауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Дүниежүзілік мұхит, теңіз, арал, түбек, шығанақ, бұғаз

Қажетті құрал жабдықтар

Оқулық, атлас, кескін карта, презентация, ресурстар; глоссарий

Тапсырмалар

1.Топтық жұмыс

2.Жеке жұмыс

3.Дәптермен жұмыс

4.Кескін картамен жұмыс



Қосымша тапсырмалар

АКТ ны пайдалану

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

2 мин

5 мин


1 мин
1мин

1 мин
2 мин

10 мин
5 мин
3 мин
2мин

5мин


4мин

2 мин


2 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл» сұрақтар қою.

1.Жердің су қабығы қалай аталады? 2.Су қабығының қандай маңызы бар? 3.Судың қандай қасиеттері бар?Біздің ғаламшарымыздағы оның рөлі қандай? 4.Кіші су айналымы деген не? 5.Үлкен су айналымы деген не? 6.Дүниежүзілік су айналымының маңызы қандай?

Тұсаукесер: Тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин: «Ғарыштан Жер ғаламшары көк түсті болып көрінеді»-дейді, неліктен? (Себебі, Жердің негізгі бөлігі судан тұрады, немесе оны Дүниежүзілік мұхит деп атайды!)

ІІІ.Негізгі бөлім

Жаңа тақырып: «Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері»
«Білім құмырасы»
Табыс критерийлерін анықтау:

1. Мұхиттар туралы жалпы мағлұмат алады;

2.Мұхит бөліктері, олардың ерекшеліктері туралы біледі;

3.Картадан мұхиттарды, мұхит бөліктерін көрсете алады;

4. Кескін картамен жұмыс дағдылары қалыптасады;

Проблемалық сұрақ:Дүниежүзілік мұхитта шекара бар ма?

Топтық жұмыс

1.Мұхит туралы жалпы мағлұмат (презентация)

А) Солтүстік Мұзды мұхит

Б) Үнді мұхиты

В) Атлант мұхиты

Г)Тынық мұхит

2.Мұхит бөліктеріне анықтама беру, атластан тауып, кескін картаға түсіру;

Жеке жұмыс

3.Ф.Магеллан жолымен жүріп өту;

4.Мұхитты қорғау-адамзатты қорғау

Формативті бағалау.


«Өзін-өзі және топтағы мүшелерді бағалау»

Сабақ қорытындылары:

Оқулық мәтінін, атласты және бүгінгі алған білімдеріңді пайдаланып, жауап берейік.

1.Картада судың үлесі көп пе, құрлықтың үлесі көп пе? Оған қандай дәлелдеріңіз бар? (Жер шарының ауданы 510 млн км2, құрлық 149 млн км2. Дүние жүзілік мұхиттың ауданы 361 млн.км2 және Жер ғаламшарының ¾ бөлігін құрайды).

2.Картада Дүнежүзілік мұхит деген атау бар ма? Дүниежүзілік мұхит деген не?(Картада Дүниежүзілік мұхит деген атау жоқ, себебі, ол барлық мұхиттардың қосындысы. Дүниежүзілік мұхит-ғаламшардағы ең үлкен су қоймасы)

3.Сабақ басталарда проблемалық сұрақ қойғанбыз. Дүниежүзілік мұхитта шекара бар ма? (Дүниежүзілік мұхитта шекара жоқ, ол біртұтас, бөлінбей, бір-бірімен жалғасуда. Оның кез-келген нүктесінен құрлықты кесіп өтпей-ақ, келесі нүктесіне жетуге болады. Оған дәлел: Ф.Магелланның дүние жүзін айналып шығу саяхаты)

Бекіту:

Дәптермен жұмыс (Кесте толтыру)

Топтарға тапсырма:

І топ: Синквейн

ІІ топ:Кластер

ІІІ топ:Тірек-сызба

ІҮ топ:Ф.Магелланға хат

ІҮ.Бағалау

Ү.Үйге тапсырма: 28-параграфты оқу, кескін картаға Дүниежүзілік мұхит бөліктерін түсіру;

«Білім құмырасы»



Рефлексия, кері байланыс Сабақтан алған әсері мен ұсынысын жазады, білім мұхитына өз кемелерін орналастырады.


Мұхит аттары бойынша 4 топқа бөлінеді
Кез-келген топтан оқушы сұрақтарға жауап береді

Тақырыпты дәптерге жазып алады.

Құмыраға өздерінің дүниежүзілік мұхит туралы білімдері қандай көлемде екенін белгілейді.
Табыс критерийлерін құруға қатысады

Кесте толтырады


Топтаса отырып, ойланады, талқылайды.

Жеке жұмыс жасайды.Ауызша жауап береді


Топтар өзара бағаланады

.

Екі жұлдыз ,бір тілек.



Күнделікпен жұмыс
Жаңа терминдермен жұмыс

Құмыраға өздерінің дүниежүзілік мұхит туралы білімдері қандай көлемге дейін өскенін белгілейді.





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет