Сабақтың тақырыбы: Ә. Бөкейханов ұлт көсемі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата13.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#185164
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№ 1 Ә. Бөкейханов – ұлт көсемі
Жайна апайға

Бөлім: Тіл және Алаш идеясы, сөз мәдениеті

МЕКТЕП:

КҮНІ:

Мұғалім:

СЫНЫП: 10 ҚГБ

Қатысқандар : Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы:

Ә. Бөкейханов – ұлт көсемі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, әдеби тіл нормаларын білу;
Көпшілігі: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мәтін нормаларын сақтап жазу;
Кейбір оқушылар: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мәтін нормаларын сақтап жазу.

Бағалау критерийі

Жоспар:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы





Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал.
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ.
«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына сөздер ілінеді. Оқушылар сөздерді кезегімен көріп, аралайды, ойларын айтып әңгімелеседі.
Алаш
Ұлт көсемі
Қоғам қайраткері
Саясаткер
Сұрақтарға жауап беріп, өзара ой бөлісіңдер.
1. Ә.Бөкейханов туралы қандай ақпарат білесіңдер?
2. Ұлт көсемінің ел мен жерге қатысты ұстанымдары туралы
не білесіңдер?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
Мәтін бөліктерін тыңдап, әрі қарай қандай мәселе қозғалатынына өз болжамыңызды білдіріңіз.
Мәтін. Ақпарат дереккөзі: https://sarbaz.kz/history/16621158-aelihan-boekeyhanov---ult-koesem%D1%96/
1-бөлік
«Тіл үшін күрес неге жүріп жатыр? Қазақ тілі деген не? Қазақ тілінің ар жағындағы жатқан мәселе – жер. Біз мына жерді қазақ болып, қазақша сөйлеп қана қорғай аламыз». Бұл Алашорда өкіметінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың айтқаны. Жалпы, Әлихан Нұрмұхамедұлының негізгі бес ұстанымы болған екен...
Сұрақ: Әлихан Бөкейхановтың ұстанымдарын болжамдап көр
2-бөлік
Оның өзі жеке басына қатысты емес, ел мен жерге қатысты ұстаным еді. Оны жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбай былай деп баяндайды.
- «Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. Яғни, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс болған. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал, бесіншісі - ең негізігі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек».
Сұрақ: Ә. Бөкейханов ұстанымдары қаншалықты маңызды ?
3-бөлік
Осы ұстанымы негізінде дербес мемлекет құруды көздеген Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастырады. Артынша, 1917 жылы желтоқсан айында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясын жарияланып, Ә.Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (перзиденті) болып сайланады. Осындағы Алаш деген сөздің мағынасын «Түрік баласы» (лақап ат) 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» делінген.
Дескриптор:

  • тақырып бойынша өз болжамын білдіреді;

  • болжамын жоғарыдағы көрсетілген суреттермен байланыстырады;

  • мәтін бөліктерін тыңдап, көтерілетін мәселені болжайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет