Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгішті және ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару Сілтеме



бет4/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#28100
түріСабақ
1   2   3   4








  1. Ұйымдастыру /3 мин

Бүгінгі сабағымызда қонақтар бар, орнымыздан тұрып амандасайық. Бүгінгі сабағымызда ЕҮОБ, ЕКОЕ тақырыптарына есептер шығарамыз, сіздердің дұрыс жауаптарыңызға, дұрыс есептеріңізге сіріңкенің шиін беріп отырамын, сабақ соңында санап, қорытынды бағаларыңызды шығарасыздар.

Онда өзімізді сергек ұстау үшін «Санамақ» ойынын ойнайық.

Сергіту сәті. «Санамақ» психологиялық ойыны арқылы көңілді атмосфера қалыптастыру. 1-20 дейін бәріміз санаймыз тек 3-ке бөлінетін сандарға келгенде қол шапалақтаумыз қажет, 7-ге бөлінетін сандарға келгенде басымызды шайқаймыз.

Топқа бөліну: Үшбұрышты қағазға жай сандар, төртбұрышты қағазға 2- ге бөлінетін сандар, дөңгелек қағазға 9-ға бөлінетін сандар жазылып таратылады, осы топтарды өздері анықтап 5 оқушыдан 3 топқа бөліну қажет.



  1. Үй тапсырмасы / 5 мин

«Пионербол» ойыны. Теориялық білімімізді тексеріп алайық, ол үшін мен доп лақтырып, сұрақ қоямын. Допты алған оқушы сұраққа жауап береді. Егер жауап бере алмаса досынан көмек сұрап, допты досына лақтырады.


  1. а саны қалдықсыз бөлінетін натурал сан а санының бөлгіші

  2. а санына қалдықсыз бөлінетін натурал сан а санының еселігі

  3. Көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе...

  4. Қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе

  5. Азайғышта, азайтқышта берілген санаға бөлінсе...

  6. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?

  7. Қандай сандар 9-ға бөлінеді?

  8. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?

  9. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

  10. Қандай сандар 6-ға бөлінеді?

  11. Қандай сандар 15-ке бөлінеді?

  12. Қандай сандар 45-ке бөлінеді?

  13. ЕҮОБ дегеніміз не?

  14. Өзара жай сандар дегеніміз не?

  15. ЕКОЕ дегеніміз не?

  16. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі?

  1. Бекіту (есептер шығару) / 23 мин

Теориялық білімімізді тексердік, енді есептер шығарайық. Тапсырмалар кірпіштерге жазылған, неге деп ойлайсыңдар. Кірпіштен не тұрғызады? Үй яғни сіздердің шығарған есептеріңіздің жауабы бойынша сандарды өсу ретімен пайдаланып үй тұрғызасыздар. Оқушыларға 9 кірпіш таратылады.

  1. ЕҮОБ (120,60,20)

  2. ЕҮОБ (7,11)

  3. ЕҮОБ (35,21,14)

  4. ЕҮОБ (12,9)

  5. ЕКОЕ (27,9)

  6. ЕКОЕ (45,60)

  7. ЕКОЕ (10,14,35)

  8. ЕКОЕ (20,30)

  9. ЕКОЕ (823,2)

Осы шыққан сандарды қосайық, не шықты? 2014 саны шықты яғни бұл сіздердің үйлеріңіздің тұрғызылған жылы. Бұл үй неден тұрғызылды? ЕҮОБ пен ЕКОЕ тұрғызылды. Яғни бұл үйде кімдер тұрады? Сандар өмір сүреді солай ма?

Енді сіздердің шығармашылық қабілеттеріңізді сынап көргім келіп тұр. Өз қиялдарыңызбен әрлендіріп, соған байланысты қысқа әрі нұсқа ертегі құрастырасыздар.

Енді әрбір топтың ертегісін тыңдайық.

Енді осы үйде тұратын ЕҮОБ пен ЕКОЕ –тің қандай туыстық жақындықтары бар екен, соны анықтайық. Оқулықпен жұмыс: №325 есеп кестені толтырып тұжырымды толықтырып жазу.



Сандар

а*в

ЕҮОБ(а,в)

ЕКОЕ(а,в)

ЕҮОБ(а,в)*ЕКОЕ(а,в)

а

в

6

8

48

2

24

48

9

12

108

3

36

108

15

18

270

3

90

270

24

60

1440

12

120

1440

Тұжырымдама: Кез-келген а және в натурал сандары үшін олардың ЕҮОБ мен ЕКОЕ көбейтіндісі, сол сандардың көбейтіндісіне тең.

  1. Сабақты қорытындылау /5 мин

    Білеміз

    Білгіміз келеді

    Білдім








  2. Үйге тапсырма /2 мин

Сонымен біз ІІ тарауды аяқтадық. Сондықтан үйге ІІ тарауды қайталауға арналған тапсырмалардан №336, №338 есептер.

  1. Бағалау, кері байланыс /7 мин

Әрбір оқушы алған шилерін санап өздерін-өзі формативті бағалайды. Қорытынды суммативті бағаны мұғалім қояды. Әркім стикерге өз атын және сабақтан алған әсерін жазып, тақтадағы өз үйлерінің үстіне жапсырады.
Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мектебінің І санатты математика пәні мұғалімі Оралбаева Гульнар Кийсановна

« Бекітемін » «Келісілді » «Қаралды »

Жалпы білім беру оқу Әдіскер ӘБ отырысында бөлімінің меңгерушісі Альбекова Г. Ш. Хаттама № ..............

Ибраев С. Б. ................... ................. «.....» ............. 2014ж.

Ашық сабақтың тақырыбы

«Ең үлкен ортақ бөлгішті және ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару»

5 «А» сынып

Оралбаева Гульнар



математика пәні мұғалімі
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет