Сабақтың тақырыбы: «Әнді домбырамен мәнерлеп айту»



Дата08.09.2017
өлшемі35,59 Kb.
#30681
түріСабақ
Еркінқала балалар саз мектебінің халық әні сыныбы бойынша мұғалім

Қдралина Динараның ашық сабағы.

Сабақтың тақырыбы:

«Әнді домбырамен мәнерлеп айту»



Сабақтың мақсаты:

Қолына домбыра ұстаған әр қазақ баласынан көркемдік рухының көк жиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін ұштап оны жыраулық, термешілік, әншілік өнерге жетелеу.



Сабақтың әдіс- тәсілі:

Түсіндіру. Аспаппен қосылып айту. Сұрақ-жауап.



Пәнаралық байланыс:

Қазақ музыка әдебиеті.



Білімділігі:

Домбырамен ән айту- үлкен рухани, адамгершілік мектебі , баға жетпес өмір оқулығы.



Дамытушылығы:

Ұлттық дәстүрмен салт-сана тағылымын оқушының бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуға, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиеттіде киелі қара домбырасымен ән шырқаған кезде атқаратын рөлі мол екенділін жеткізу.



Сабақтың көрнекілігі:

Домбыра, үнтаспа, фото сурет.



Сабақтың жүру барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Дауыс күйін келтіру

3.Үй тапсырмасы

4.Жаңа сабақ

5.Қорытынды

1.Ұйымдастыру:

Оқушының құралдарын, нота дәптерін, күнеделігін түгендеу. Домбыра күйін келтіру.



2.Дауысм күйін келтіру жаттығулары:

Оқушының даусын күйге келтіру мақсатында, фотопиянодан ойналған жаттығуларды таза, нақты айтуға үйрету



3.Үй тапсырмасын тексеру:

Ақын серінің әні « Балқадиша » әнін үйден өз дәрежесін аспаппен қосып орындап келу. Ақын серінің, бұл әні , Ыбырайдың қызы Балқадиша тұрмысқа кеткен кезде, сағыныштан, қимыстықпен шығарылған тамаша туындыларының бірі



4.Жаңа сабақ:

Домбырамен ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру.Қазіргі таңда жас ұрпаққа халқымыздың рухани мұралары арқылы әлемнің тынысын байқату, баланың сана сезіміне әсер етіп, оларды тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін одан әрі тереңдетіп, адамгершілік тұғырдан тәрбиелеп, өмір шындығын сезінуге, елін, жерін сүю сезіміне баулу. Жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыруды домбырамен ән айтудың үлкен маңызы бар. Ән айтудың ерекшелігі- баладардың санасына ғана емес, сезімінеде, ой өрісіне де әсерін тигізетіні анық. Ән үйренер кезде өлеңнін мазмұнын түсінуге , тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Домбырамен жеке ән салу дәстүрі мол тарап, ғасырдан- ғасырға , атадан-балаға тарап келеді.



Халық әні «Аққұм». Халық шығармашылығына тән осы белгіні «Аққұм» әнінен табуғада болады. Бұл ән сүйіспеншілік тақырыбына құрылған лирикалык ән, сұлу қызға ғашық болған жігіт сезімін үлкен толғаныспен шырқалады:
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,

Сөзі бар алуа, шекер, балдан тәтті.

Адамның өзім көрген абзалы екен,

Айтайын өлең қылып перизатты.

Әуені созылмалы, сазды. Қайырмасына келгенде ән әуені жанданып, көркемдігі арта түседі.

Көзімнің жанарындай сәулем едің,

Көңілімнің қуанышты дәурен едің.

Ойымнан жатсам тұрсам еш кетпессің,

Басымды не сиықырмен әуреледің ?!.

деп келетін әуені мен өлең құрылымының арасында жолма-жолдық байланыс байқалмайды . « Көзімнің » деген өзден басталатын саздан соң,

әннің әуені өзгеріп, жылдамырақ айтылады. Сол қалпымен екпіндете отырып өлеңнің екінші жолындағы алғашқы бунаққа келіп тыныстап, келесі бунақпен аяқталады. Одан әрі әннің жеңіл де ойнақы, әрі сазды бөлігі басталып, ги-ги-гай деп келетін қайырмасына өтеді.

Халық әні «Аққұм» си минор үндестігін 4/4; 5/4 өлшемдерінде жазылған. Ән кіріспе, шумақ , қайырмадан тұрады. Ән жүрдек , ойнақы орындалады.


Оқушыны бағалау:
Үй тапсырма:
Ақан Cерінің «Балқадиша» әнін сөзін нақтылап жаттап, айтылған ескертулерге қортында шығарып келу. Халық әні «Аққұм» аспаптағы әуенін жаттап, берілген жерге дейін ойнап келу.
5.Қорытынды:

Сонымен қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұрасы,рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп,бүгінге жеткен ән қазынасы ерекше орын алады.Қазақ әні қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, қазақ рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері.Қазақ деген ұлтымыз барда қазақ әніміз ешқашан жоғалмақ емес.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет