Сабақтың тақырыбы: Энергияның сақталуы және айналуы Практикалық жұмыс№18



бет2/2
Дата11.01.2022
өлшемі1,77 Mb.
#110941
түріСабақ
1   2
Байланысты:
tau14

Тілдік мақсаттар:

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Энергия, потенциалдық энергия, кинетикалық энергия, масса, биіктік, жұмыс, қуат ұғымдарын , өзара диалогтерде, ауызша және жазбаша түрде еркін қолданады.



Терминдер:

қазақша

орысша

ағылшынша

энергия

масса


биіктік

жұмыс


Қуат

Кинетикалық энергия

Потенциалдық энергия


энергия

масса


высота

работа


мощность

кинетическая энергия

потенциальная энергия


energy

mass


height

job


power

kinetic energy


potential energy




Құндылықтарға баулу:

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс:

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді жүзеге асыру; Жаратылыстану.


Алдыңғы білім:

Кинетикалық энергия.Потенциалдық энергия

Мұғалімге ескерпе!

W = толық сыныппен жұмыс жасау

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E =оқушыт тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы
f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет = қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.



Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Суреттегі смайликтерді қайталау арқылы топқа бөлу.


І. Үй тапсырмасын тексеру

(I)«Тізбекті сұрау» әдісі арқылы

1. Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

2.Кинетикалық энергия дегеніміз не ?

3.Потенциалдық энергия дегеніміз не?

4. Серпімі деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі?

5.Белгілі бір биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ қандай энергияға ие болады?

6.Жоғары қарай лақтырылған тас қандай энергияға ие болады?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Кинетикалық және потенциалдық энергияларды біледі, оларды салыстырады


- кинетикалық, потенциалдық энергиялардың анықтамасын айтады;

- Белгілі бір биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың, жоғары қарай лақтырылған тастың энергияларын ажыратады.





ҚБ «Нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың»,«Жарайсың»,«Сен ең бастысын жіберіп алдың»,«Саған ..... бойынша іздену керек» ауызша кері байланыс түрлерін қолданамын.

Смайликтер






Ауызша бағалау



Сабақтың ортасы

(35 мин)


Жаңа сабақ.

Осыдан кейін бейне жазба көрсетіледі.



(D) «Миға шабуыл».Видео бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар тез жауап беруі керек. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.

1.Бул бейне жазба қандай заңдылықтарға негізделген?



"Түсіндірме және сипаттау" әдісі (Мұғалімнің түсіндірмесі)

Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады.

W=Ek+Eп Ек1п1к2п2

W-механикалық энергия





Топтық жұмыс.

(G) «Ойлан. Жұптас. Бөліс » әдісі

Ойлан - оқушы ойланып, жұптас- жұптасып бір- біріне түсіндіреді, бөліс топпен талқылайды.



І топқа тапсырма. Тас жер бетінен белгілі бір жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.

.


А, В, С нүктелеріндегі доптың потенциалдық, кинетикалық және толық механикалық энергиялары

арасындағы қатынасты сипаттайтын диаграмманы тұрғызыңыз. Потенциалдық энергияны бояу үшін көк түсті пайдаланыңыз.


ІІ топқа тапсырма. Тас жер бетінен белгілі бір жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.

.


А, В, С нүктелеріндегі доптың потенциалдық, кинетикалық және толық механикалық энергиялары

арасындағы қатынасты сипаттайтын диаграмманы тұрғызыңыз. кинетикалық энергия үшін – жасыл қарындашты пайдаланыңыз.



ІІІ топқа тапсырма. Тас жер бетінен белгілі бір жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.

.


А, В, С нүктелеріндегі доптың потенциалдық, кинетикалық және толық механикалық энергиялары

арасындағы қатынасты сипаттайтын диаграмманы тұрғызыңыз. Толық механикалық энергия үшін – қызыл түсті қарындашты пайдаланыңыз.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Энергияның бір түрден екінші түрге өтуіне мысал келтіріп, оны түсіндіреді


- А нүктесіндегі тастың энергияның әрбір түрін диаграммада дұрыс

белгілейді

- В нүктесіндегі тастың энергияның әрбір түрін диаграммада дұрыс белгілейді

- С нүктесіндегі тастың энергияның әрбір түрін диаграммада дұрыс белгілейді



ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

(I) «Конверттегі есептер» әдісі арқылы деңгейлік есептер шығарады

I деңгей

1.Массасы 450 кг денені 50 см биіктікке көтергендегі потенциалдық энергияны анықтаңыз.

2.Массасы 9 г оқ винтовка ұңғысынан 750 м/с жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы қандай?

3.Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілген жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстыпғандағы механикалық энергиясы қандай?

II деңгей

1.Массасы 100 г, тік жоғары қарай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілгендегі ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

2.Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соқтығысуы алдындағы кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

3.Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін анықтаңыз.



III деңгей

1.Бала серіппелі тапаншадан вер-


тикаль жоғары массасы 5г снарядты
атқанда ол 40м биіктікке көтерілді. Егер
серіппенің қатаңдығы 200Н/м болса,
атқанға дейінгі серіппенің деформация-
сы қандай болған?


Бағалау критерийі

Дескриптор

-Механикалық энергияның сақталу заңын қолданып, есептер шығарады;



-ХБЖ-не келтіреді;

-Есепті шығаруда механикалық энергияның сақталу заңын қолданады





ҚБ Геометриялық фигуралар арқылы бағалаймын

(I) Сабақты қорытындылауға арналған «Бір минут» идеясы

«Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз өз ойларын жеткізеді»


www.bilimland.kz



Оқулық,доп




Үлестірме карточкалар арқылы





Сабақтың соңы

(5 мин)

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.

«Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін.

П(+)

М(-)

Қ(қызықты)

«плюс»  бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.

«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.

«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады.




Рефлексия

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.






Үйге тапсырма

Энергияның сақталуы және айналуы


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға сұрақ беріп жұмысты орындатуда, деңгейлік тапсырмаларды оқушының ұғыну қабілетіне қарапайым есептер беру арқылы оңайдан күрделіге талпынуға ынталандырамын, бағыттаймын.

Оқушыларды тақырыпты оқу арқылы бір бірін сыйлауға, ойларын ашық айтуға ұжымдықпен жұмыс жасап, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыларын қалыптастырамын.



Ауызша бағалау

Жазбаша бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Геометриялық фигуралар арқылы

Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп кері байланыс беру арқылы бағаланады


Осы сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау;

АКТ-ны уақытылы қолдану

Интерактивті тақтаны 15- 20 минуттан артық қолдануға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет