Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жұрнақтары. Атақты күйшілер. 7-сынып Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет4/5
Дата18.02.2017
өлшемі1,4 Mb.
#10413
1   2   3   4   5

Құрманғазы


Ықылас
І топ Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор, күй өнерінің классигі, төкпе күй шебері. Ол 1818 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ күйші болған. Ол ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Оның «Адай», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Сарыарқа», «Алатау», Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол» «Балбырауын» күйлері бар. Оның 80-нен астам күйлері бар. Күйші Астрахан облысының Алтынжар ауылында қайтыс болған. Сол жерде күйшінің ескерткіші орнатылған және мұражайы ашылған.
ІІ топ Дина Нұрпейісова
Дина Нұрпейісова – қазақтың әйгілі күйші, композиторы. Ол 1861 жылы Орал облысы, Бекетай құмында дүниеге келген. Ол жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстаған. Тоғыз жасында Құрманғазымен кездеседі. Оның күйлерін үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаға «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Дина Ұзақ, Түркеш, Көкбала күйшілермен танысады. Оның «Тойбастар», «Бұлбұл», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Жігер», «Қарақасқа», «Қосалқа», «Ана бұйрығы», «Жеңіс» деген күйлері бар. Дина күй өнерін ұстазы Құрманғазыдан үйренген


ІІІ топ Тәттімбет Қазанғапұлы
Тәттімбіт Қазанғапұлы - шертпе күй өнерінің шебері, композитор. Ол 1815 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ән-күйге құмар болған. Домбыра тартуды әкесінің інісі Әлиден үйренеді. Оның «Салқоңыр», «Көкейкесті», «Қашқан қалмақ», «Ноғай – қазақ», «Азамат Қожа», «Бес төре», «Бозторғай», «Қара жорға», «Саржайлау», «Алшағыр», «Сары өзен», «Сары қамыс» күйлері бар. Тоқа, Ықылас Итаяқ, шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Оның өнеріне: Біржан сал: «Тәттімбет ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағынан» , - деп сүйсінеді. Қазақ даласына аты мәлім күйші Тәттімбет қырықтан астам күй шығарған.

-Оқушылар енді теориялық білімдерімізді пысықтайық. Есімше дегеніміз не?

- Есімше бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің бір түрі.

- Есімшенің жұрнақтары қандай?

- ған, -ген, -қан, -кен бұрынғы өткен шақ есімше жұрнақтары

-ар, -ер, -р, -с болжалды келер шақ есімше жұрнақтары

-атын, -етін, - йтын, - йтін ауыспалы шақтық есімше жұрнақтары

- с болымсыз етсітіктен кейін келер шақ есімше жұрнағы

-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек мақсатты келлер шақ
- Дұрыс, есімшенің жұрнағы етістікке жалғанып іс-қимылды білдіреді, әрі шақтық мағына

береді.


Жаттығу жұмысы: Сөйлемдегі етістікке жіктік жалғауын жалғап, етістіктің шағын анықтаңдар.

  1. Біз күйлердің мазмұны туралы әңгіме тыңдайтынбыз.

  2. Мен Құрманғазының «Адай» күйін тыңдағанмын.

  3. Ағам республикалық күйшілер байқауына қатыспақ.

  4. Бұл байқауға жас күйшілер де қатысар

  5. Құрманғанзының «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбетке арналған.

  6. Дина күй өнерін ұстазы Құрманғазыдан үйренген.

Есімше тәуелденіп, септеліп, көптеліп есім сөздердің қызметін атқарады.


Есімшенің тәуелденуі:

Менің шерткенім – «Жұмыр қылыш» күйі.




Менің

шерт

оқығаным

айтарым

Сенің




оқығаның

айтарың

Сіздің




оқығаныңыз

айтатыныңыз

Оның




оқығаны

айтатыны


Есімшенің септелуі:

Мен күй тыңдағанда демаламын.




Атау септік

тыңдаған

тыңдайтын

тыңдар

Ілік септік

тыңдағанның

тыңдайтынның

тыңдарының

Барыс септік

тыңдағанға

тыңдайтынға

тыңдарға

Табыс септік

тыңдағанды

тыңдайтынды

тыңдарды

Жатыс септік

тыңдағанда

тыңдайтында

тыңдарда

Шығыс септік

тыңдағаннан

тыңдайтыннан

тыңдардан

Көмектес септік

тыңдағанмен

таңдайтынмен

Септелмейді


Ескерту: есімшенің -ар, -ер, -р, -мақ, -мек –пақ – пек, -бақ, -бек жұрнақтары жалғанған етістік есім сөздің орнында сирек қолданылады. –ар, -ер, -р есімшенің жұрнағы жалғанған етістік көмектес септікте септелмейді.
Есімшеге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: оқығандар, келгендер, дайындалғандар

Есімшенің жіктелуі:


Мен

үйренген

Біз

үйренбек

Сен




Сендер




Сіз




Сіздер




Ол




олар






Есімшеге бірнеше жалғау жалғана береді. Мысалы: Септік жалғауларын табу.
Оқығандарымызды есте сақтаймыз.

Мен сенің тез жауап беретініңе сенемін.

Ол менің сабақ оқымағаныма ренжіді.

Менің күй шерткенімді ата-анам жақсы бағалады.


Айтқаныңды ұмытып қаламын.

Көрсеткеніңді есте сақтаймын.



Берілген сөйлемдегі толықтырып жаз.
1. Мен оқыған- ымды түсінбедім.

2. Мен түсінбеген- імді мұғалімнен сұрадым.

3. Менің сұраған-ымды мұғалім түсіндірді.

4. Мұғалімнің түсіндірген-ін дәптерге жаздым.

5. Мен дәптерге жазған-ымды досыма көрсеттім.

6. Досым мен көрсеткен-ді көшіріп алды.

7. Досым көшірген-ін мұғалімге айтты.

8. Мұғалім менің жазған-ыма бес қойды.

9. Досым көмектескен-ім үшін рахмет айтты.
Теориялық білімді пысықтау: Бос орынға дұрыс сөзді тап.
1. Мен күй жақсы көремін.

А) тыңдағаным

Ә) тыңдағанды

Б) тыңдаған

В) тыңдағандар
2. Өтірік адаммен дос болма.

А) айтқан

Ә) айтқанмен

Б) айтқанның

В) айтқаның
3. Анам менің сабақ ренжіді.

А) оқымағаннан

Ә) оқымаған

Б) оқымағанымды

В) оқымағаныма
4. Байқауға сахнаға шақырылды.

А) қатысатынды

Ә) қатысатындар

Б) қатысатынға

В) қатысатының
5. Ән – адамның ой-сезімін өнер жанры.

А) білдіретіні

Ә) білдіретіннің

Б) білдіретін

В) білдіретініміз
6. Біздің сізден сұрайтынымыз – бір күй.

А) сұрайтындарың

Ә) сұрайтын

Б) сұрайтьыным

В) сұрайтынымыз

Сергіту: Белгілі күйші, сазгер, дирижер, домбырашы, Қазақстан халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдаймыз.
Сабақты бекіту: Әр топ тақтадағы (денотат граф) тірек сызбаны пайдаланып мәтін мазмұнын әңгімелейді. өзге топпен сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді.

Денотат граф – (мағынаны анықтау) - бұл мәтін-тұжырымдаманың маңызды мағынасын түсіндіру жолдарының бір түрі. Осы жұмыс барысында әр ұғым талқыланып, оқушы түсінетіндей деңгейде беріледі. Сонымен қатар мәтінді бөлшектеу тәсілмен түсіндіру әрекеті қарастырылады. Денотат граф сызбасының ерекшелігі:



  • Берілген материалдан ұғымдарды тез және жүйелеуге көмектеседі;

  • Бұл сызба арқылы материалдың құрылымы баықалады;

  • Сызбамен танысу барысында ұғымдардың, сөздердің ерекшеліктерін анықтауға болады;

  • Денотат граф ой-өрісті дамытып, оқушылардың сөйлесім дағдыларын қалыптастырады.


Рефлексия.




Білемін

Білдім

Білгім келеді?











Сабақты қорытындылау: Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген. Күйге бұдан артық баға беру қиын. Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай келе береді! Күйдің болашақтағы тағдыры бүгінгі домбыра үйреніп жүргеннің қолында болмақ. Қазіргі кезде күйшілік өнерді жалғастырып жүрген тамаша күйшілер бар ма? Оларды біз білеміз бе?

Үйге тапсырма: Берілген сызба арқылы мәтін мазмұнын әңгімелеу. Осы күнгі күйшілер туралы жазып келу. Есімшенің жұрнақтарын қайталау. Мәтіннен есімше тұлғалы сөздерді теріп жазу.
Бағалау: Домбыра үлгісінде жасалған суретті парақпен жаңа сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет