Сабақтың тақырыбы: Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу



бет3/10
Дата09.12.2023
өлшемі295,55 Kb.
#196038
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ашық сабақ әдістер

Жоспар:
Кіріспе
1. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістері
2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі күні рeспубликамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгeріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бaғдaрламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.» деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде заманауи білім беру парадигмасы өзгеріс үстінде» - деп атап көрсетті. [1]
Ақпaраттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Білім алушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты[2].
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

  1. Оқушының белсенділігін арттыру. 

  2. Шығармашылық қабілетін дамыту. 

  3. Оқушы дарыны мен талантын анықтау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет