Сабақтың тақырыбы: Етістік



бет5/5
Дата09.06.2020
өлшемі71 Kb.
#63277
түріСабақ
1   2   3   4   5
Топтық тапсырма.

4 – жаттығу.

«Кім шапшаң» ойыны.

Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

І – топ: қонды, ұшты.

ІІ – топ: жауды, секірді.

ІІІ – топ: тасыды, қонды.

- Шағала одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен көкектің үнін естиді. Ол көкекке де ағашқа көмектес дегенді айтады.

- Кешір шағала, маған ренжіме, менің өз кәсібім бар ғой. Мені ормандағы аңдар, құстар түгел адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра, - дейді. Қане, көкектің тілегін орындап жіберейік.

5- жаттығу

«Малдар қалай төлдейді? »


  • Балалар, мен допты лақтыру арқылы малдардың атын атаймын. Ал сіздер допты қағып алып, олардың қалай төлдейтінін айтасыңдар.

Жылқы құлындайды.

Сиыр бұзаулайды.

Қой қозылайды.

Түйе боталайды.

Ешкі лақтайды.


  • Шағала әрі қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да ағашты емдей көр деп өтініш айтады. Сонда аққу:

  • Мен қасиетті де, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Өйткені, маған

көп құстар келеді, ақыл – кеңес сұрайды. Мен саған да ақыл айтайын. Сен тоғайда үйсіз – күйсіз жүрген, жұмыссыз жүрген құстар бар. Солардың бірін тап та, өтініп көр, мүмкін солардың біреуі, саған ілесіп барып, ағашты емдеп қалар, - дейді. Аққудың тапсырмасы.

Шығармашылық тапсырма.

«Буынұйқас» ойыны.

Буындар берілген сол буындарға ұйқастырып сөйлем жазасыңдар. Мысалы:

- рет, - рет, - рет Мен салдым сурет.

- ю, - ю, - ю Көрдім аппақ аю.



І топ: - бар, - бар, - бар

- ла, - ла, - ла



ІІ топ: - да, - да, - да

- дер, - дер, - дер



ІІІ топ: - уыл, - уыл, - уыл

- ға, - ға, - ға



«Түсін мені» ойынын ойнату.

Әр топтағы оқушыларға сөздер жазып беру.

І топ: оқиды, билейді.

ІІ топ: ұшады, күледі.

ІІІ топ: жүгіреді, ұйықтайды.

Ойынның шарты: әр топтағы оқушы өздеріне берілген сөздерді тек қимылмен көрсетіп түсіндіреді. Қалған топ мүшелері оның қандай сөз екенін табады, оларға сұрақ қояды.

- Шағала аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс шағаланың тілегін тыңдап, орындап, онымен бірге ағашқа келіп, оның құрт ауруын жазған екен.

Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

- Тоқылдақ.

- Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді. Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай тақырып

қоюға болады?

- Тоқылдақ – орман дәрігері.

- Содан бері әлгі ағаш жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер. Ендеше жасыл өсімдіктер, ағаштар жайқалып өсіп, құстарымыз көп болып, шарықтап ұша берсін десек, мына бір тапсырманы орындап жіберейік.


V. Жаңа сабақты бекіту.

Венн диаграммасы.
Зат есім Етістік



VІ. Үйге тапсырма.

Үйден 6 – жаттығуды орындап келу.



VІІ. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0949
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0949 -> Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы «Сәтбаев қаласының №1 мектеп – гимназиясы» кмм бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджан Куралай Алиевна мерзімі
0949 -> Сабақ Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
0949 -> Сабақтың тақырыбы: Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы. Сабақтың мақсаты
0949 -> Солтүстік Қазақстан ның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен
0949 -> “Тас қақпа”ойыны “Күміс қақпа” ойыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет