Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Дата25.08.2017
өлшемі70,15 Kb.
#26689
түріСабақ

Пәні: әдебиет




Мектеп:

Күні: 10.03.2017 жыл




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5




Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сыныптағы оқушылардың кем дегенде 80% 15 минут ішінде өлеңнің идеясын түсіне отырып, қазақтың ою-өрнегі туралы 10 сөзді сөздік қорына қоса алады.

Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін оқу арқылы еліне деген сүйіспеншіліктері оянады, ой-пікірлерін қорыта білуге дағдыланады, шешім қабылдауға, пікір таластыра білуге машықтанады.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  1. Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын танып біледі тақырыпты түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі:

  1. өлеңнің мағынасын ашады; құрылысына қарай талдайды




Кейбір оқушылар:

  1. алған білімін өмірде қолдана біледі, ұлтық ою өрнектер жайлы бір шумақ өлең жазады;




Тілдік мақсат

Оқушылар:




  1. Оқушылар мәнерлеп оқиды және мазмұнын айта алады, бір-біріне түсіндіре біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:Төменде берілген сөздердің мағынасын ашады

  1. Қошқармүйіз-қазақтың ұлттық оюының бір түрі

  2. Тарамысты-арықтау

  3. Құр-киіз үйдің керегелері мен уықтарын таңып, байланыстырып тұратын жалпақ бау

  4. Басқұр-киіз үйдің ішіне сән беретін, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ құр

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Ф.Оңғарсынова мен әжесінің арасындағы сағынышқа негізделген диалог құрастыру, топтық жұмысты талқылау барысында топтар бір-біріне пікір айту.Жазылым оқушылардың дәптерлеріне қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне сипаттама жасайды.

Талқылауға арналған тармақтар:




  1. Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!

  2. Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

  3. “Келе ғой, қошақаным, өзіме!” деп,

  4. Әжем кеп сипағандай шашымнан жай, -деген өлең жолдарының мазмұнын ашып, өлең құрылысына талдау жасау.

Сіз неліктен ұлттық ою-өрнектің жануарлар бейнесіне ұқсайтындығын айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Авторды барлық қырынан ашу.

Өлеңдегі сағынышты білдіретін өлең жолдарын теріп жазу.

Жаңа сөздерді дәптерге түсіріп, сөйлемдер құрайды.



Алдыңғы тақырып

Әдебиет пәні бойынша өтетін өткен тақырыптар арасында өлең құрылысының ұқсастықтарын теориялық тұрғыдан талайды. Дүниетанымына байланысты ою-өрнектер жайында білімін жинақтау. Т.Молдағалиев « Бауырлар» өлеңімен жаңа тақырыпты адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, бауырмалдығы өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстырып тұр.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 3 минут

5 минут


1 минут


Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып, «Бақытты сағат» әдісі арқылы бір-біріне жылы лебізін білдіреді.Сабақ басталысымен оқушыларға бір параққа сағаттың суретін салдырамын. Әр сағаттың тұсына бір сыныптастың есімін жаздырып, өзім таңдаған сағат тұсындағы сыныптастарына жақсы тілек айтқызамын.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі арқылы сыныпты 4 топқа бөлемін. Оқушы кубикті айналдырып тастайды (кубиктің жан- жағына сандар жазылған) қай сан түссе, сол санды карточканы алып сұраққа жауап береді.


Үлестірме қағаздарға жазылған сұрақтар:
1. Т. Молдағалиев қай жылы туылған? Өлең кімдерге арналған?
2. Ақынның «Бауырлар» өлеңі қашан және неге байланысты жазылған?
3. Өлеңдегі патриоттық сезіммен, ақынның тамаша ойын танытатын өлең жолдарынан үзінді оқып бер.
4. Ақын қандас бауырларға қандай өтініш, тілек білдіреді? т. б.

Бағдаршам арқылы өтілген тақырыптан алған білімерін өздеріне бағалату.

Жаңа тақырыпқа байланысты түрлі-түсті оюларды құрастыру арқылы топтасады.


5-сынып қазақ тілі

Ортасы 2 минут

15 минут

1 минут

3 минут



9 минут

1 минут



«Миға шабуыл» әдісі. ҚР Туын суреттеу.

Оқушылардан біздің туымызда не бейнеленгенін сұраймын. Осы жолмен миға шабуыл жасау арқылы жаңа сабақты анықтаймын.Оқушылар бүгін сендермен бірге өтпекші болып отырған тақырыбымыз Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі. Сендерге ақын өмірінен кең түрде мәлімет жинауға алдын-ала берілген болатын. Соны енді талдаймыз.

Топпен жұмыс. 1-топ: Ақынның өмірін, шығармашылығын айтады.
2-топ: Өлеңді нақышына келтіріп оқып береді.

3-топ: Өлең мазмұнын ашады.

4-топ: Ою-өрнектің шығу тарихын ашады.

4 топ та өздерінің ойларын жинақтап, постер қорғайды.4 топтағы әрбір оқушы ұлттық ою-өрнекті салып, оның атын, мағынасын ашып береді.

Тақырыпқа қойылған табыс критерийлеріне сай алған білімдерін әр оқушы өзі бағалайды.

Жинақталған мәліметтерді қорыту мақсатында бейнероликті көру.

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы сабақты пысықтаймын. Халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнері бұйымдарын, халықтық дәстүрді, өнерді ақынның мейлінше бағалап, қастерлеуінің сыры неде деп білесің? деген сұрақтар сияқты әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Әр топ жауаптарын тексеріп, өзін-өзі басбармақ арқылы бағалайды.




5-сынып « қазақ тілі» оқулығы

Аяқталуы

5 минут


Рефлексия. Не ұнады? Не білдің? Нені жасай алдың?




Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жосппарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ – мен байланыс Құндылықтардағы байланыс



  1. Талантты және дарынды балаларға тақырыпқа сай бір шумақ өлең шығарту.Үлгерімі нашар оқушылар үшін өлеңді мәнерлеп оқыту.

  1. Ауызша, басбармақ, бағдаршам арқылы формативті бағалау. Тақырыпқа қойылған табыс критерийлері арқылы бағалау.

  1. АКТ-мен байланыс

  2. Пәнаралық байланыс

Тарих, бейнелеу,қазақ тілі.

Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма ? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар ақынның өмірін, шығармашылығын білді. Ұлттық ою-өрнек түрлерімен танысты.Сыныптағы ақуал оқушыларға таныс тақырып болғандықтан белсенділік байқалды.Уақыт тапшылығы байқалды.Бағалауды толық енгіздім. Себебі әрбір әрекетін бағалау оқыту үшін тиімді екендігін түсіндім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: Жаңа тақырыпты ашу мақсатында әр топқа бөлек тапсырма берген

2: «Айналмалы бекет» әдісімен бекіту

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: Балалар өз ойларын ашық айтса

2: Оқушылар өзін еркін сезінсе, өзін-өзі әділ бағаласа.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Өтілетін тақырып жайында алдын-ала тапсырма беру.



Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі


Әдебиет пәні

5- сынып
Тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі

Мұғалім: Дауренбекова Гулнар Тұрлыбековна

2016-2017 оқу жылы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет