Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы»



Дата25.12.2016
өлшемі93,76 Kb.
#4438
түріСабақ
Сарсенов Серік Сағынбайұлы
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Дүкен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың « Ананың анасы » әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: білімділік: көркем сөз өнерінің зергері Ғабит Мүсірепов шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың әңгіме сюжетінен алған мағлұматтары негізінде ана құдіретін, батырлығына бас ию, оқушы сезімін ояту; дамытушылық – өзіндік көзқарастарын дәлелдеуге, өз ойларын тұжырымдай білуге, шығармашылық белсенділіктерін шыңдауға баулу; тәрбиелік – оқушыларды ата – анасын ардақтауға, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Типі: жаңа білім меңгерту.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: проблемалық сұрақтар, талдау.

Көрнекілігі: жазушының портреті, ана суреті, ана туралы өлең жолдар, қосымша деректер, сызбалар, элекрондық оқулық.

Тірек ойлар: « Анада үш бақыт бар: ар – ождан, бөбегі, ізгі еңбегі ».

Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, математика.

Сабақтың құрылысы:

І. Қызығушылықты ояту. « Ана » сөзіне үңілу.

ІІ. Кіріспе сөз: А) Ана – теңдесі жоқ құдірет. Ә) Бүгінгі қоғамдағы аналар.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ғабит Мүсірепов « Ананың анасы ». Ғабит Мүсірепов өмірінен мәлімет.

ІV. Тақырып туралы толғаныс. Әңгіме кейіпкерлері туралы ой жинақтау.

V. Оқулықпен жұмыс. а) Қызын іздеп келе жатқан ананың психологиялық күйін мәтіннен тауып жазу.

ә) Композициялық жоспар құру.



VІ. Бекіту сұрақтары. Зымыран сұрақтар.

VII. Қорытындылау: а) Ананың алақаны әлемді әлдилейді; ә) Әдебиет айдынындағы аналар бейнесі.

VIII. Бағалау. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу. Назарларын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбы , оның мақсат - міндеттерін таныстыру ( Оқушылар дәптерлеріне күннің жадын, сабақтың эпиграфын жазады).

І. Қызығушылықты ояту. « Ана » деген сөзді естігенде ойларыңа ең бірінші қандай сөздер оралады? Сол сөздерді тақтаға жазып көрейікші.

Оқушылардың ойларын жинақтап, тақтаға топтастыру.

Сұлулық атаулының киесі Құдірет Асыл жан


Ана

Өмір сыйлаушы Ұрпақ әкелуші

Ардақты есім

ІІ. Кіріспе сөз. А) Ана – теңдесі жоқ құдірет.

Ана саған керек болса, балаға да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Төлеген Айбергенов

Иә, Ана деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Сиқырлы да сырлы махаббаттың иесі де, сұлулық атаулының киелісі де – ана. Кім де болса сол ана деген киелі сөздің алдында кішірейеді, әулиең де, небір мықтылығымен ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен!

Кешірімшіл жүрегін қолына ұстап, жалындап жанып тұрған отқа да түсетін, ағынды суға да ағатын, құлындаған дауысы көкке жетіп, боздағын жоқтайтын да, ағынан жарылып қуанатын да – Ана! Ана – жер бетіндегі ең қымбат, ең асыл жан. Ананың құдіреті неге болса да жетерлік. Ананың аяулы алақаны мен мейірлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ.

Ә) Бүгінгі қоғамдағы аналар.



« Табиғат әйелге былай дейді: Қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің » ( П.Томарин ).

Иә, Ана – адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан. Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да әйел – ана, әйел – еңбеккер, ана қайраткер, басшыларды көптеп кездестіруге болады.



Мұқағали Мақатаев « Білесің бе?

Жыр жазу – маған қайғы,

Мысалы, Анам жайлы.

Сөзбенен сурет салып, ой түйсем де,

Анамдай бәрібір ол бола алмайды » дейді. Иә, ақын адам баласында ең қасиетті тұлға ана екендігін айтады. Ол туралы қанша жыр жазса да, сүйкімді бейнесі толық шықпай қала ма деп күмәнданады. Ал Ана тақырыбын ештеңеден сескенбестен, анық та ажарлы етіп, өз шығармаларына сүйікті бейне ретінде оқырманына таныта білген – көркем сөздің зергері Ғабит Мүсірепов болатын.
Әңгіме авторы Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

Туған жері

Қызметі

Ана жайлы әңгімелері

( 1902 – 1985 ) Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы « Жаңа жол » ауылы.

Жазушы, драматург, публицист, аудармашы, киносценарист, қоғам қайраткері, ғалым. Қазақ КСР Ғылым Академигі ( 1958 ) Қазақстанның Халық жазушысы ( 1984 )

« Ананың анасы » ( 1934 )

« Ашынған ана » ( 1934 )

« Ананың арашасы » ( 1934 )

« Ер ана » ( 1942 )

« Ақлима » ( 1944 )



ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгін әңгімеміз сол « Ананың анасы » әңгімесі туралы өрбиді. ( Оқылатын әңгіменің көлемі шағын болғандықтан мәтінді үйден оқып, мазмұнымен танысып келу тапсырылған болатын.)
Жоспар бойынша әңгіме мазмұнын баяндау.

  1. Әйтілес қарттың әңгімесі.

  2. Жалпақ палуанды Ергенектің елін шабуға жіберуі.

  3. Сақадай сайланған қырық жігіттің қалың жылқыны барымталап айдап келе жатуы.

  4. Жылқышының қызын аттарына мінгестіріп алулары.

  5. Жылқышының өлімі.

  6. Анасының қызын арашалауы.

  7. Қыз анасының Жалпақ палуанға, жігіттерге арнап айтқан сөзі.

  8. Жалпақ палуанның анасы мен қызына бостандық беруі.


ІV. Тақырып туралы толғаныс. Әңгіме кейіпкерлері туралы:

  1. Ананың қандай қасиеттерін ерекше бөле – жара айтар едің? ( Ананың батылдығын, қайсарлығын, өжет қасиеттерін ерекше айтар едім. )

  2. Ана бейнесін жасай отырып жазушы не айтпақшы болған? ( Бас бостандығынан айырылып жолға түскен торғайдай болған ана тағдыры мен батылдығын, қажымас қайратын көрсеткен ).



V.Оқулықпен жұмыс. « Мені ізде » ( Оқушы оқулық бойынша жұмыс істейді )

Ананың тілі. А) Қызын іздеп келе жатқан ананың психологиялық күйін мәтіннен тауып жазу.

Менің атым – әйел. Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да! Күндіктің ұзын құрығы сарт етіп, қызыма түсе қалғасын, соңдарынан қуып келіп тұрмын! Берсеңдер – тірі алып қайтам, бермесеңдер – өлі алып қайтам!



Ананың портреті.

-Бейшараның боз көйлегі жырым – жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап – қара. Ерні қырық тілінген, жарық – жарық, бірақ түйілген қабағынан. От жанған көзінен жан шошырлық.

Ә) Композициялық жоспар құру.

Композиция ( латынша composite – құрастыру, қиыстыру ) – көркем шығарманың құрылысы.

Оқушылар оқйғаның композициялық жоспарын құрады.



Басталуы ( оқиға орны суреттеледі ).

Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесі.



Байланысы ( негізгі оқиғаның туындау себебі ).

Жалпақ балуанның Ергенектің елін шабуға аттануы.



Дамуы ( адамдардың өзара қарым – қатынасынан туған жағдай ).

Барымта. Тезек арқалаған жас қызды олжалауы.



Шиеленіс ( әр алуан жағдаят ).

Жылқышының мерт болуы. Қыз анасының әрекеті.



Шарықтау шегі ( ең жоғарғы саты ).

Ананың құдіреті. Кейкінің үкімі.



Шешімі ( соңы ).

Жалпақ балуанның Ана мен қызына бостандық беруі.



Венн диограммасы. Әңгіме кейіпкерлері Ана мен Жалпақ балуанның өзіндік ерекшеліктерін салыстыру.

Ананың анасы

Ортақ

Жалпақ балуан

Бейшараның боз көйлегі жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап – қара. Ерні қырық тілінген, жарық – жарық. Бірақ түйілген қабағынан, отжанған көзінен жаның шошырлық. Қырық жігітті билеп әкететін құдіретті күш иесі. Сонар дегеннің қызы. Әйелдің әйелі, өр мінезді, ер, атыл.

Ергенекті елінің құрбаны.

Еріксіз жандар.


( Бірі – батыры, бірі - қатыны)

Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, сыртынан қарағанда құйған пештей. Астында сары қасқа аты бар. Бала бидің батыры, балуан. Қалыңдығынан айырылып қалған намысшыл батыр. Ақылды. Сөзге тоқтамшыл.


VІ. Жаңа сабақты бекіту Зымыран сұрақтар.( Сұрақ – жауап )

  1. Аппақ, ақ бас, соқыр қарт етектей сақалын балуан бармақтарымен сипалап отырған кім? ( Әйтілес қарт ).

  2. Оның әңгімесін тыңдаушылар кімдер? ( Балалар, саудагер Рамазан, молда ).

  3. Бала бидің батыры кім? ( Жалпақ балуан ).

  4. Оның шабуға барған елі ( Ергенекті ).

  5. Ергенектің елінде Жалпақтың қандай құнды дүниесі бар? ( Қалыңдығы ).

  6. Жалпақ балуанның қасында қанша жігіт бар? ( Қырық жігіт ).

  7. Батырдың тілегі не? ( Жауға кездесу ).

  8. Бидің тілегі не? ( Жылқыға кездесу ).

  9. Әңгімеде батылдығымен, ақылымен көзге түскен кім? ( Ана, әйел ).

VII. Сабақты қорытындылау.

1. Поэзия минуты. Ақындардың ана тақырыбында жазған өлеңдерін жатқа оқу.

2. Ана тақырыбына өлең жазу.

Сендердің аналарыңды қаншалықты білетіндеріңді байқап көрелік.



  1. Анаң қандай түсті киімдер ұнатады?

  2. Жақсы көретін тағамы қандай?

  3. Ұнататын әншісі кім?

  4. Анаңның көзінің түсі қандай?

  5. Ұнататын гүлі қандай?

  6. Анаңа қандай сыйлық бересің?

VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма. Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбында басқа да әңгімелерін оқу, олардың ортақ идеясын табу; осы әңгімемен салыстыру.




Бағалау өлшемдері

Өзін-өзі бағалауы

Көршісінің бағалауы

Мұғалімнің бағалауы




Тақырыпты түсінуі













Тапсырманың орындалуы













Жеке жұмысты жасауы













Топпен жұмысты жасауы













Топ пікірін қорғауға қатысуы













Түйінді ой түйдім










Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет