Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет37/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып
0008f1da-8fb62037, 0008f1da-8fb62037, жаратылыстану кмж 3 сынып, жаратылыстану кмж 3 сынып



Пән: дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім : Заттар мен олардың қасиеттері. Су


Мектеп:


Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:






Сабақ тақырыбы

Суды тазарту әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.4 - судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау





Сабақ мақсаттары

судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру;

• ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;

• ақпарат көзінің түрлерін анықтау .


Бағалау критерийлері

мемлекеттік және ұлттық мерекелерді ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Ауызсу,үнемдеу, тиімді пайдалану

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Судың адам үшін маңыздылығын біледі

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікті ынтымақтастылық, қайырымдылық құндылықтарын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, математикапәндерімен байланысады.

АКТ

таныстырылым жасайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар судың қасиетін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы - жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы - жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір алайын

ОМ таныстыру судың тіршілік үшін маңыздылығын білесің

Миға шабуыл
3 шыны ыдысқа сүт, су, сұйық май әкеліп, осылардың ішінен суды табулары сұралады
- Қалай таптыңдар? (оқушы пікірін тыңдау)

Суды пайдалану

Оқушыларға жұппен немесе 3 адамнан шағын топ­тарға бірігіп, бірнеше суреттен жасалған коллажды талқылауды тапсыру. Олар коллаждағы сурет­тердің ұқсастықтарын анықтап, әр коллажға ат қо­юлары керек. Оқулықтағы суреттер мен өз білімдері­не сүйене отырып, оқушылар «Су не үшін қажет?» деген сұраққа жауап береді.



Жауаптары

Су адамдар мен жануарларға ішу үшін, тамақ дайындау үшін, гигиеналық шараларды орындау үшін, киімдерді жуу, еденді тазарту, өсімдікті суару, шомылу үшін қажет. Өзендер, теңіздер мен мұхиттарда кемелер жүзеді. Суда жануарлар мен өсімдіктер тіршілік етеді. Судың көмегімен электр энергиясы өндіріледі.






Сабақ ортасы

33 минут



(Ұ) Оқушылармен су тапшылығы бар елдер туралы не білетіні туралы әңгіме жүргізу. Құрғақшылықта өмір сүретін мемлекеттер туралы бейнефильм көрсету.

(Ұ)

-Жер асты сулары туралы не білесіңдер?(оқушы пікірін тыңдау.



(МК) Адам көзінен тыс жер астында жасырынған су айдындары жер асты сулары деп аталады.

-Күнделікті өмірде өзіміз пайдаланатын қандай минералды суларды білесіңдер? (оқушы жауабын тыңдау)

Еліміздің бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар.

(Ө)Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасанкурорт-санаторийлері туралы қосымша оқуға тапсырма беру

Сусыз тіршілік жоқ. Су кез келген тірі табиғат үшін маңызды екенін түсінеді.


(Қ) Судың тіршілік үшін маңыздылығы туралы эссе жазуға тапсырма беру.
Судың жарамдылығы.

Оқушылардың назарын екі стақандағы суға аудару

- Суды сипаттап беріңдерші (мөлдір, түссіз, иіссіз).

-Судың дәмін көріңдер «Ауызсу ретінде қай

стақандағы суды таңдар едіңдер?

Неліктен?»

Қандай су адамдардың пайдалануына жарамды екен?Қорытынды жаса. (Ауызсу үшін тұщы суды пайдаланған дұрыс.)

Ол суды қайдан табуға болады? (Ол өзендерде, кейбір көлдерде, бұлақтарда, құдықтарда болады, сонымен қатар су құбырынан ағатын су да ауызсу үшін жарамды).

Тұзды емес су тұщы су деп аталады.

-Барлықтұщы су ішуге жарамды ма?

Кейбір оқушылар тұщы су көзі ретінде жаңбыр мен шалшық суды атауы да мүмкін. Мұндай су көздерінен ішу өте қауіпті екенін түсіндіру Ауызсу – ішуге жарамды су.

Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу.

Барлық топқа ватман қағазы мен фломастерлер

дайындап қойыңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін

оқушыларға экология туралы балаларға арналғанжурналдар мен газеттердегі мақала­лар, суды үнемдеу ережелері немесе керісінше суды ұқыпсыз пайдалануға қатысты көріністер бейнелен­ген суреттер мен иллюстрациялар беру



Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.

• Оқушыларға «Суды үнемдеу керек пе, өздерің суды үнемдеу үшін не істей аласыңдар?» деген сұрақ қойылады.

-Инфрографика деген не?

- Оның сырт көрініс қандай?(Қысқаша мәліметтер жазылған сызба немесе суреттер)

• Берілген ресурстардың ішінен зерттеу жұмы­сын жүргізуге қажеттілерін таңдайды.

• Суды үнемді қолдану жайлы инфографика жа­сайды.

• Инфографиканыпостер түрінде рәсімдейді.

Зерттеу жұмысын аяқтаған соң оқушылардан по­стерлерінтаныстырады. Зерттеу жұмысында оқушылар суды үнемдеу тәсілдерін ұсынатын бола­ды.

-Бұрын үнемдеу сөзін естідіңдер ме?

–Мысалы, керекті затты алу үшін, ойын-сауыққа ақша шығындаудың қажеті жоқ. Міне, бұл үнемдеу деп ата­лады. Оқушыларға заттарды үстел үстіне пайдалануға ыңғайлы етіп қоюларын сұрау. Мұндай реттіліктің «тиімді» деп аталатынын жеткізу

Бұл тапсырма оқушыларға дереккөз түрлерін анықтап, жұмысқа қажеттілерін таңдай білуге үйре­теді.

Ойлан.

Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?»

- Су кімге қажет? (Адамдарға, жануарларға,өсімдіктерге).

- Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады? (2-3 күн).

- Түйе туралы не білесіңдер? (Ол шөлге өте төзімді жануар).Түйе сусыз 7-10 күн бойы өмір сүре алады.

Судың болмауы құм мен тастарға қалай әсер етеді?(Оларға су қажет емес). Оқушылар сусыз өз өлкесінің қандай күйде болатыны жайлы әңгіме құрастырып немесе

бейнелеп сурет салады.

Сен білесің бе?

Суды қандай мақсатта көп қолданасыңдар?»

Олар дене күтімі және үй тазалығы туралы ғана айтса, саяжайда не бақшада көргендері туралы сұрауға болады. Талқылау барысында оқушылар мәдени өсімдіктерді суару үшін көп су пайдаланатыны туралы қорытынды жасай алады.

Мысалы1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалады екен.



Жұмыс дәптері бойынша нұсқаулар

53-жұмыс парағы. «Судың маңызы»

-Су не үшін қажет? Оқушылар суды әртүрлі салада қолдануға қатысты сызбаны толтырады.

Судың қажеттілігі

Филворд. Оқушылар суды үнемдеуге әсер ететін

факторлар жасырылған сөздерді тауып, жасыл түспен

қоршайды. Судың ластануына әсер ететін факторларды қызыл түспен қоршайды. Одан әрі оқушылар

табылған сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрайды.

«


Сабақтың соңы

2 минут



Бағалау

«Аяқталмаған сөйлем....»

Су....................

Су...................

Су...................

Су................



Рефлексия:
“Баспалдақ” әдісі арқылы көрсетіңдер.-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, кім алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?







Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.
Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі.

Оқушылардың жұмысы сабақ барысында бағаланып отырады. Миға шабуыл- мадақтау, Суды пайдалану-қол шапалақтау, Судың жарамдылығы- бас бармақ , Зертте-смайлик , Ойлан – комментарий арқылы бағаланады.


Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-датаныстырылым2 минутқа жоспарланды.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Пән:

Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:




Сабақ тақырыбы

Топырақ дегеніміз не?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.3.4.1 Кейбір ағзалардың тіршілігі үшін топырақтың рөлі

3.3.4.2 Топырақтың негізгі құрамын зерттеу (топырақ, құм, балшық, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа)



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;



Оқушылардың басым бөлігі: Адамның топырақты қалай пайдаланатыны туралы айтып ұғындыру

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерилері

«Топырақ туралы түсінік алады.

Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулиды



Тілдік мақсат

Оқушылар «табиғат байлықтары», «ресурстар, «табиғаттың маңыздылығы қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.










Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім


Мөлдір денелер және материалдар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстарқағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы


. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Миға шабуыл:     Үй тапсырасын қайталау    

  Сұрақ -* жауап

2. Табиғат нешеге бөлінеді?

3. Тірі табиғатты ата?

4. Өлі табиғатты ата?

5. Тірі табиғатқа қажеттілік?

6. Судың қандай қасиеттері бар?
7. Судың табиғаттағы үш күйін ата?
8. Суда еритін заттар нелер?

10. Суда ерімейтін заттар нелер? Бірақ араласады.


11. Су көздері нелер?

12.Судың адам үшін маңызы.



Сөз жұмбақты шешіп жаңа тақырыпты шығару.


б

ұ

л

т






м

о

й

ы

н

к

е

м

п

і

р

қ

о

с

а

қ

а

л

т

ы

б

а

қ

а

н

с

а

ң

ы

р

а

у

қ

ұ

л

а

қ

а

у

а

 





















қ

а

б

а

қ

1.Өлі табиғатқа жататын зат.

2.Адам қаңқасының бірі

3.Табиғат құбылыстарының бірі

4.Ұлттық ойын

5.Басы жоқ, қалпағы бар.

6.Түссіз және мөлдір болады

7.Көз қорғанышы



Сабақ ортасы


Ассоциация   құру.

«Топырақ» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоциацияларды көз алдына елестетесіңдер?



Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.


Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.
Слайд№2
Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.
Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
Кітаппен жұмыс.
Іштей оқу
Топтар бөліп оқиды
Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту.
Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.
Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?
- Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?
(Қорытындыны тақтаға іліп отыру)

7.Берілген суреттермен жұмыс.Әңгімелеу

1 -топ.

Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян,қайсысына пайда келтіруде?

2- топ


Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет.



3- топ.

Топырақтың құнарлылығына жәндіктермен жануарлардың тигізетін пайдасы туралы әңгімеле.

.Тәжіриебелік жұмыс


Туған жер тобы


1 - тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?
Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
А У А
Туған тілім тобы
2 - тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?
Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.
С У
Туған ел тобы
3 - тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?
Өсімдік қалдық, тамыр жанды.
Ш І Р І Н Д І
3 Топпен жұмыс
4 - тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.
Лайланған суды тұндырып қойдық.
Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.
Қ Ұ М
С А З
Дәптермен жұмыс.
Топырақ құрамын жазғызу


Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы бойынша
Су мен топырақты салыстыру


сазды аспаптар;

«Су *тіршілік көзі» бейнекөрінісі;




Сабақтың соңы

  «Синквейн» стратегиясы  (бұлақ , табиғат) (дәптерге жазу)

1.Зат есім: Бұлақ

2.Сын есім: таза

3.Етістік: ағады

4.Сөз тіркесі: таза бұлақ

5. Сөйлем: Таудан таза бұлақ ағады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет