Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның графигі Мақсаты



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі83,37 Kb.
#87578
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
Функция. Функцияның формуламен берілуі.1


Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның графигі
Мақсаты: 1. функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;
2. функцияның берілу тәсілдерін білу;


Бейнеүзінді https://youtu.be/4_gbnZWkrHY
Конспект
Тапсырма
Машина 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді.Машинаның t сағатта қанша жол жүретінін табыңыздар. Мұндағы t = 1; 1,5; 3.


Машина t сағатта S = 70 · t км жол жүреді. Кез-келген уақыттағы жүрілген жолды оңай анықтауға болады:
Егер t = 1, онда S = 70 · 1 = 70
Егер t = 1,5, онда S = 70 · 1,5 = 105
Егер t = 3, онда S = 70 · 3 = 210

Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының жалғыз ғана мәні сәйкес келеді. Осындай бір айнымалының басқа айнымалыдан тәуелділігін функционалды тәуелділік немесе функция деп атайды.


Қашықтық уақыттан тәуелді ме?
Ия. t –ның әрбір мәніне s-тың жалғыз ғана мәні сәйкес келеді.
Мәндері ерікті таңдалатын t айнымалыны тәуелсіз айнымалы немесе аргумент, ал мәндері таңдалған t айнымалының мәндеріне қатысты анықталатын s айнымалыны тәуелді айнымалы немесе функция деп атайды.
Функция болатын және функция болмайтын сәйкестіктерге мысалдар.
Мысалы: Сыныптың әрбір оқушысына оның туған күні сәйкес келеді немесе жылдың әрбір күніне осы күні туған мектеп оқушысы сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет