Сабақтың тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу. Сабақтың мақсаты



Дата18.06.2017
өлшемі80,85 Kb.
#19412
түріСабақ
Бекітемін:


Күні: 04.04.2017

Сыныбы: 5 «а, б»




Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Баймаханова Назерке Муратқызы



Сабақтың тақырыбы:





Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат беру.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйрету. Жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже: Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат  алатын болады.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйренеді. Жұппен жұмыс жасайды.



Негізгі идеялар: Мәтінге кескіндерді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

  1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферінен мәтінге кірістіру).

  2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру-Кескін);

  3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (кірістіру- Paint суреті).




Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Жұптық жұмыс, жеке жұмыс, блиц сұрақтар

Күтілетін нәтиже:

  • Табыс критерийлері:

  1. Мен абзацтың не екенін білемін.

  2. Мен шегіністің не екенін білемін.

  3. Мен интервалдың не екенін білемін.

  4. Мен бүгінгі өткен тақырыпты практикада қолдана аламын.




Сабақ жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин

Амандасу, оқушыларды тексеру

психологиялық ахуал туғызу,топқа бөлу.



  1. Үй тапсырмасын қайталау «Блиц» сұрақ

  2. Жаңа сабақты меңгеру

презентация жасау(топпен жұмыс)

  1. Бекіту

практикалық жұмыс (жеке жұмыс)

  1. Қорытынды

  2. Оқушыларды бағалау (бағалау парағы)

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Рефлексия

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

1. Қызығушылығын ояту:

Психологиялық тренинг өткізу.

топтарға бөлу 1 2.





  • Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады.

  • Топқа бөлініп, өз орындарына отырады.




2. Үй жұмысын қайталау

Оқушылар үй тапсырмасын қайталау үшін сендерге бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға сендер жауап бересіздер. «Блиц» сұрақтарға сендер бір сөзбен немесе сөз тіркесі арқылы жауап бересіздер. Көшбасшы дұрыс жауап берген оқушыға бағалау парағына тиісті бағасын қояды.

Оқушыларға үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар қойылады.


Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыларды көшбасшы бағалап отырады.

Блиц сұрақтары



  1. Кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға арналған қолданбалы компьютерлік программа .............. деп аталады.(мәтіндік редактор)

  2. Мәтіндік редакторын іске қосу үшін ....................

  3. Мәтіндік редакторды іске қосқан кезде экранда не пайда болады(терезе)

  4. Терезе дегеніміз................(Жақтаулары шектелген тіктөртбұрышты аймақ)

  5. Тақырып жолы, жолақ, қалып-күй жолы, терезені басқару батырмалары..........................(терезе элементтері) деп аталады

  6. Мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін қандай қоманда орындалады.......................... (Файл – сохранить как..... ат беру........)

  7. Файл создать командасы не үшін керек................(жаңа құжатты құру үшін керек)

  8.  батырмалардың қызметі қандай?

  9.  батырманың қызметі қандай?

  10.  батырманың қызметі қандай?



  1. Жаңа сабақты меңгеру:

Электрондық оқулық көрсету (bilimland.kz сайтынан)

  • мен неліктен сендерді осы аттар арқылы топқа бөлдім деп ойлайсыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерің айта аласыңдар ма?

  • Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абзацтар, шегіністер және интервалдар»

  • Осы тақырыпты меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жасайсыздар. Тақырыпты оқи отырып, алдарыңыздағы плакатқа постер маліметтерін жасау.. Берілген тақырыпты осы қалаған екі топқа түсіндірулеріңіз керек. Алдарыңызда сіздерге көмекші ақпараттар берілген соның ішінен керекті суретті таңдап алуларыңа болады. Әр топқа барлық оқушы ат салысуы тиіс.

  • 1 топ қорғайды 2 топ бағалайды.

  • 2 топ қорғайды 1 топ бағалайды

Компьютерде тәжірибелік жұмыс


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)

І .Ұйымдастыру  кезеңі. 1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату. АКТ. Сергіту сәті. Қауіпсіздік техника ережесі. 1.2.Назарларын  сабаққа аудару, оқушылар реттілік бойынша(1,2,3,4 ) саналып,  4 топқа бөлу   (1-3 мин). 1.3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. Білімді өзектендіру.

Сұрақтар: 1.Мәтіндік және графикалық редакторлар арасында ақпарат өзара қалай алмасады?


  1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар..

3.Алмасу буферімен жұмыс істеу командаларын атаңдар.

  1. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  2. Кірістіру-Кескін және Кірістіру- Paint

Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын пысықтау.§25. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларының нәтижелерін тексеру. Мадақтау арқылы бағалау.

 Топтық  жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру тәжірибелік жұмысты орындаумен қатар жүреді . Мәтіннен суреттің жылжымайтынын көрсету. Оқушылар құжатқа сурет қою тәсілдерін дәптерге жазып алады. «Рисунок Paint» командасымен қойылған суретті редакциялауға келмейді, шрифті өзгерткенде мәтіндегі сурет өлшемі өзгермейді.



  1. Мәтіндік құжаттарды құру үшін қолданылатын қандай стандарттық программаларды білесіңдер? Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?

  2. Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?

3.Қалй ойлайсыңдар, мәтінге түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек.

Жеке жұмыс: Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау және  жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, оларға жауап беру.

1 тапсырма: 1) Paint-ті іске қосыңдар.

2) Жұлдызшаның суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа “Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

3) WordPad- ті іске қосыңдар.

4) «Мен мәтінге файлдан сурет кірісітіремін» мәтінін теріңдер.

5) Кескін батырмасын шертіңдер.

6) Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

7) Paint-ке ауысып, суретке найзағай бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

8) WordPad-ке ауысыңдар. Мәтіндік сурет өзгерген жоқ.



2 тапсырма: 1) Графикалық редакторда «Жалау» өлеңіне сурет салыңдар.

2) Мәтіндік редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оңға қарай жылжытып орналастырыңдар.

3) Өз суреттеріңді графикалық редактордан мәтінге көшіріңдер.

Жалау


Жалғыз жалау желбіреп

Тұманды теңіз төрінде

Жат жерде жүр не тыңдап?

Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М.Ю. Лермонтовтан)

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың  рекордшылары- тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз-олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр-15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні –есек -50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқаларынан көп қмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.     (В.Песков)


Сергіті сәті:

Сергіту сәті (1 мин)

Сергіту сәті «ия» және «жоқ»
1. Paint сурет салуға арналған бағдарлама ма? (ия)
2. Бейсенбі күні информатика сабағы бола ма? (жоқ)
3. Принтер қағаз шығаратын құрылғы ма? (ия)
4. Компьютердің миы пернетақта ма? (жоқ)
5. Бүгін күн ашық па? (ия)
6. Ақпаратты сақтауға арналған құрал жүйелік блок па? (ия)
7. Microsoft Word мәтіндік процессорының терезе элементтері 3 ке бөліне ме? (жоқ)

Сабақты бекітіу:

Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру.



Оқушылар берілген тапсырманы компьютерде жеке-жеке орындайды.


Қорытынды бүгінгі сабақта біз қандай тақырыпты өттік?

Алған біліміміз бізге не үшін керек?



Бағалау бағалау парағы бойынша өздеріңді бағалайсыздар

Оқушылар берілген сұраққа жауап береді

Үй тапсырмасы Мадақтау арқылы бағалау. Кері байланыс: -Маған қызықты болғаны… Маған қиын болғаны…

Кейінгі тапсырмалар: §25. Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.  184-188  бет оқу.


Үй жұмысын күнделікке жазып алады

Ой толғаныс:

  • Рефлексия «Менің смайлым»

Әр топ бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлері бойынша өз смайлын таңдайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0655
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0655 -> Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақтың жоспары: 1 кезең -ұйымдастыру. 4 кезең -үйге тапсырма беру
0655 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: жазушының өмірбаянымен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет