Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық тілдік ерекшеліктері


-топ. Сатылай кешенді талдау жүргізу



бет3/7
Дата20.12.2023
өлшемі23,57 Kb.
#197880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Хабарлама, анықтама
ата-бабалар құран бағыштағанда, Оқу практика күнделігі -2023 жыл. (1)
1-топ. Сатылай кешенді талдау жүргізу. 
1.Өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолданылу аясы болады. Іс қағаздарының міндеті-барлық адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау нақты жөн көрсету.
2.Түрлері: Анықтама, жарнама, сенімхат, қолхат, түсініктеме, хабарландыру, мәлімдеме, сұраныс, мінездеме.
3.Қолдану аясы: Мекеме, ұжым, фирмаларда
4.Қолдану түрі: жазбаша, ауызша
5.Адам өміріндегі маңызы: Іс-әрекеттің дұрыс, дер кезінде іске асуы, мазмұнының дәл баяндалуына байланысты.
6.Құрылысы: Белгілі бір тәртіппен рет бойынша ұйымдастырылады.
7.Жазудағы талап: Мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынды.
8.Міндеті: Адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау.
9.Стиьдік ерекшелігі: Мәтін баяндау түрде келеді. Экспрессифті сөздер қатыспайды. Өте жинақты келеді. Инверцияға өте сирек ұшырасады.
10.Белгісі: Ресмилік, бірізділік.
11.Цифрлардың қолданылуы: Қағаздың басында, соңында
мерзімі міндетті түрде араб цифрымен көрсетіледі.
12.Нәтижесі: Стильден хабардар адам сауатты жаза алады.
13.Қорытынды: Сауатты адам-елдің болашағы.


2-топ. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

Анықтама * Керекті нәрселер туралы қысқаша мәлімет алатын жер.


Анықтама бюросы * Жеке басты растайтын құжат.


Мекенжай * Мекеме мөрі қойылатын жер.
Мөр орны * Құжатта көрсетілген мәліметтің иесі.
Әуежай * Фактіні дәлелдейтін, растайтын құжат.
Жеке куәлік * Қоныс, тұрақ, орын.
Анықтама иесі * Ұшақтар ұшып, қонатын жер.
3-топ. Сөйлемдерді дұрыс қарастырыңыз

Қазақстан Республикасы Халық банкісінің /№ 154448 филиалында/ жетекші маман/болып қызмет істейді/Ақжолова Айман Ниязбекқызы. 2. Анықтама/Ішкі істер бөліміне/Әуезов аудандық/тапсыру үшін/Алматы қаласы/берілді. 3. Анықтама/1 айға/бастап/күннен/дейін/жарамды/берілген.


Анықтама.

Ақжолова Айман Ниязбекқызы Қазақстан Республикасы Халық банкісінің № 154448 филиалында жетекші маман болып қызмет істейді .


Анықтама Алматы қаласы, Әуезов аудандық Ішкі істер бөліміне тапсыру үшін берілді.


Анықтама берілген күннен бастап, 1 айға дейін жарамды.


Жаңа сабақты бекіту:




Тест.

Анықтама — … құжат.


а) өкілеттік

ә) ұйымдық


б) анықтамалық-ақпараттық


в) дұрыс жауап жоқ


Анықтамаға … қолы қойылады.


а) анықтама иесінің

ә) жазылған мәліметтің растығына жауапты қызметкердің


б) хатшының


в) дұрыс жауап жоқ


Анықтама … үшін беріледі.


а) фактіні растау

ә) ұйымдастыру


б) жүзеге асыру


в) хабарласу


Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:


а) жарайды

ә) жарайтын шығар


б) дейін жарамды


в) жарап жүр


Анықтама Бостандық аудандық оқу бөлімі… тапсыру үшін берілді.


а) -ға

ә) -ге

б) –не

в) -на

Берілген күннен бастап 3 ай… дейін жарамды.
а) -мен

ә) -да

б) -та

в) –ға

Дұрыс аударылған тіркес:
а) просить справку – анықтама бойынша

ә) просить справку – анықтама сұрау


б) просить справку – анықтама беру


в) просить справку – анықтама алу


Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:


а) берілген кезден

ә) берілген күннен бастап


б) берілген кезден бастап


в) берілген уақытынан


Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:


а) тапсыру үшін берілді

ә) тапсырып жүр


б) тапсырып жатыр


в) тапсырғалы отыр


Белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын құжат –


а) мақала

ә) өмірбаян


б) анықтама


в) дұрыс жауап жоқ


Үйге тапсырма :


“Ескі мен жаңа – уақыт таңдауы”(электронды) атты тақырыпта ойтолғау жазу.


Бағалау кезеңі:

Бағалау парақтарын алып бағалау.


Рефлексия


Стикерлерге өткізілген сабақ барысындағы ойларын жазу


Источник: https://www.tarbie.kz/20354




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет